Денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мәселелері жөнінде тұрақты комиссиясының және білім және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның қаулысы
Әулиекөл с.                                                           2014 жылғы 20 ақпан
Әулиекөл ауданындағы денсаулық
сақтауды дамытудың жағдайы мен
келешегі, жастардың репродуктивтік
денсаулығының алдын-алу
туралы
 
Істің жағдайын зерделей және Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары Р.С. Нұғманованың есебін тыңдай келе, ауданның өкілді және атқарушы органдары денсаулық сақтауды реформалау мен дамыту жөнінде және жастардың репродуктивтік денсаулығының алдын-алу жөнінде нақты жұмыстар жүргізіп отырғанын атап өтуге болады.
Әулиекөл ауданы әкімдігінің жанында азаматтардың денсаулығын  сақтау бойынша іс-шараларды өткізу кезінде Әулиекөл ауданының мемлекеттік органдары мен  басқа да ұйымдардың өзара әрекет жасауын қамтамасыз ету мақсатында, аудандық мәслихатпен бекітілген тұрғындардың денсаулығын сақтау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі өз қызметін жүзеге асырады (мәслихаттың 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 117 шешімі). 2013 жылы 3 отырыс өткізілді.   
«Саламатты Қа­зақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдар­ла­ма­сын іске асыру жөніндегі іс-шаралар нысаналы көрсеткіштерге сәйкес Әулиекөл ауданы азаматтарының  денсаулығын жақ­сарту және ауданның орнықты әлеу­мет­тік-демография­лық дамуын қам­тамасыз ету мақсатында өткізіледі. Нәтижесінде соңғы 5 жыл ішінде ауданда туу көбейіп, өлім-жітім азайды, оң табиғи өсім байқалады. Туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 2013 жылы 11,7-ден 12,8-ге дейін өсті. Өлім-жітімнің көрсеткіші өткен жылдың деңгейінде 10,2 құрайды. Табиғи өсім +2,6 құрайды (2012 жылы +1,5).
Аудан тұрғындарына емдеу – профилактикалық көмегін 3 стационарлық ұйым (1-ОАА, 1-ПА(пос.), 1- АТҚА)  және 32 амбулаториялық-емханалық ұйымдар және АМСК нысандары (6-ДА, 4-ФАП және 22 МП) көрсетеді. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысын іске асыру мақсатында, ҚР денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативтеріне сәйкес ауданның жұмыс істеп отырған АМСК желісін қайта құру жүргізілді: 2012 жылы 1 дәрігерлік амбулатория медициналық пункт болып қайта құрылды. АМСК-нің барлық нысандары сақталды және өз орындары бар. 2012 жылы Харьков ауылында тартылған қаражаттарға медициналық пункт салынды, 2013 жылы Диев ауылында үлгілік дәрігерлік амбулатория салынды.  Құрылыстың құны 103 млн. теңгені құрайды. 2013 жылғы желтоқсанда Новонежин ауылында    үлгілік дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды, құрылыстың жоспарланған сомасы 114 508 197 теңге.
Денсаулық сақтау саласында 69 дәрігер және 286 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 19 дәрігердің және 169 орта медициналық қызметкерінің біліктілік санаттары бар.  Дәрігермен қамтамасыз етілу 10 000 тұрғынға  облыстық көрсеткіште 22,04, аудан бойынша 14,9 құрайды.  Аудан бойынша орта медициналық қызметкермен қамтамасыз етілу 61,8, ал облыстық көрсеткіште орта медициналық қызметкермен қамтамасыз етілу 73,8 құрайды.  Барлық медициналық қызметкерлер әр 5 жыл сайын біліктілікті көтеру курсынан өтеді, 2013 жылы 29 дәрігер және 82 орта медициналық қызметкер өтті.
Ауданның денсаулық сақтау мекемесін ұстауға 2012 жылы жергілікті бюджеттен  280 390,0 мың теңге, ал 2013 жылы 267 070,0 мың теңге бөлінді.
Орталық аудан ауруханасын және ауданның алғашқы-медициналық-санитарлық көмек нысандарын  материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылы соммасы 3515,0 мың теңгеге 2 «Лада» автокөлігі алынды. Сондай-ақ 15 медициналық пунктерді жабдықтау үшін соммасы 3 738 990 теңгеге мүлік және медицинаға арналған бұйымдар сатып алынды.
Ауданда 14-тен  29 жасқа дейін 10148 адам өмір сүреді, ол жалпы тұрғындар санының 22 %-ын құрайды.
Әулиекөл ауданы әкімдігінің жанында Жастар істері жөніндегі кеңес өз қызметін жүзеге асырады. Кеңес құрамына мемлекеттік мекемелердің басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдері енді. 2013 жылы 4 отырыс өткізілді.
Ауданның барлық мектептерінде және Әулиекөл ауыл шаруашылық колледжінде медициналық кабинеттер бар, олар оқушылар мен студенттердің арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға белсене қатысады.  Үш мектеп «Дені сау мектептер» халықаралық бағдарламасы бойынша жұмыс істейді, атап айтқанда: С. Баймағамбетов атындағы Әулиекөл гимназия-мектебі, № 121 Құшмұрын орта мектебі және Тимофей орта мектебі (халықаралық бағдарламаға қатысатын балалардың жалпы саны – 3 жастан 18 жасқа дейін 1670). Құшмұрын ауылдық ауруханасында медбикенің 0,5 жалақы жүктесімен СӨС қызметі ұйымдастырылған.
Жастар мен жасөспірімдер арасында алкоголь ішімдіктерін қолданумен, нашақорлықпен және таксикоманиямен күрес жөніндегі жұмыс АІІБ-мен бірлескен жоспар бойынша жүзеге асырылады.
Ауданның барлық негізгі және орта мектептерінде наркопостар ұйымдастырылған, барлығы- 27 наркопост бар. Емхана жанында 3 жыл бойы темекіге қарсы  кабинет жұмыс істейді (жасөспірімдер, педагогтар, психологтар және медициналық қызметкерлер ішінен темекі тартудың алдын-алу бойынша еріктілер-280 адам  оқытылды ).   
Әлеуметтік педагогтар жоғары сынып оқушыларымен «Жасөспірімдерді жыныстық тәрбиелеу және жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу» слайдтарымен әңгімелер-талқылаулар өткізді.  Медициналық қызметкерлер ұлдар мен қыздарға арналған «Репродуктивті денсаулық» атты жеке әңгімелер өткізді. Адамгершілік-жыныстық тәрбиеде «Қолжетімді білім» ҚҚ және «Жастар денсаулық орталығы» ҚҚ тиімді көмек береді.
2012 жылдың қыркүйегінен бастап Н. Островский атындағы Аманқарағай ОМ-де «Әкелер мектебі» жобасы қызмет етеді, басшысы –
 Л.В. Саркисян. Тыңдаушылар – 10-11 сыныптың бозбалалары.
АББ-мен бірлескен жұмыс жоспары бойынша жыныстық тәрбиелеу және ерте жүктілікті ескерту жөнінде жасөспірімдермен жұмыс жүргізіледі (ата-аналар жиналыстарына, ата-аналар клубының отырыстарына қатысу, жасөспірімдер арасында «тең-теңімен» қағидасы бойынша жүргізіледі).
АИВ-инфекциясына 3877 адам тексерілді – бұл жалпы тұрғындар санының 12,7  %-ын құрайды, 2012 жылы 3578  адам тексерілді – бұл жалпы тұрғындар санының 11 %.  2013 жылға  ВИЧ-инфекциясының 2 жаңа жағдайы анықталды, 2012 жылы да - 2 жағдай.
Сонымен қатар, ауданның медициналық мекемелері заманауи диагностикалық және емдік жабдықтарды қажет етеді. 2013 жылы жабдықтау ОАА бойынша 55,3 %, ДА бойынша- 52,5 %, ФАП бойынша- 41,5 %, МП бойынша - 54,8 % құрады. ОАА автомобиль саябағы 10 жылдан астам мерзім бойы пайдаланылып келеді және  автокөліктің тозғандығы 80 % құрайды.
       Ағымдағы жылдың 14 ақпанында облыстық мәслихатының депутаттары (тұрақты комиссия мүшелері) ауданның бірнеше медициналық мекемелерін, соның ішінде: ОАА, Құшмұрын ауылдық ауруханасын, Новонежин ДА, Лесное ауылының МП, сондай-ақ № 1 Құшмұрын ОМ және Әулиекөл ауыл шаруашылық колледжін   аралады.
Жалпы облыстағы сияқты ауданда да  кадр мәселесі өзекті болып қала береді.   Ауданда дәрігер кадрлары тапшы - 5 дәрігер. Қазіргі уақытта облыс әкімінің гранты бойынша медициналық  ЖОО-да 3 студент білім алып жатыр. Ауданда орта медициналық қызметкермен қамтамасыз етілу облыстық көрсеткіштен төмен.
Аудан бойынша туберкулезбен ауыру көрсеткіші 2012 жылы 66,7-ден 2013 жылы 97,3-ке дейін өскені байқалады, яғни 2013 жылы 1,4 есеге өскен. Сондай-ақ ОАА бойынша өлі туылғандар көрсеткіші 2012 жылы 15,2-ден 2013 жылы 20,0-ге дейін өсті. Ауданда ВИЧ-инвекциясымен ауратындар жыл өткен  сайын азаймай тұр.   Қазір диспансерлік есепте  ВИЧ- инфекциясымен ауратын 22 науқас тұр, бұл тек тексеруден өткендердің ішіндегі адамдар. Ересек топта 14-49 жас аралығында ВИЧ-инфекциясының таралуы 0,01 құрайды.      
Аудандағы жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының кейбір көрсеткіштерін атап өту керек. Сонымен, 2012 жылмен салыстырғанда 19 жастан 29 жасқа дейінгі жастар топта түсік саны көбейген, алғашқы рет жүкті болған әйелдерде түсік тастау жағдайы жиілеген. 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде түсіктер саны сол деңгейде қалып отыр.
2013 жылы кәмелетке толмағандарда туудың төмендеген беталысы байқалады.
14 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдердің әйелдер жыныстық органдарына ота жасаудың барына және аталмыш жастар тобында   акушерлік отаның көбейгеніне назар аудару керек.
Жастардың денсаулығы туралы тұтас айтқанда, жасөспірімдердің жарақаттанушылығы туралы айтпай кетуге болмайды. 2012 жылдан бастап серпінмен аудан бойынша оның көрсеткіштері шамамен бір деңгейде қалып отыр.
Өткізілген шаралардың нәтижесі жасөспірімдердің өз денсаулығын сақтау құндылығын, басқаның денсаулығына ұқыпты қарау керек екенін жете түсінбейтінін көрсетті. Нақты гигиеналық талаптарды әрқашан сақтамайды, қыз бала денсаулығы үшін өзіне тән гигиенасының маңыздылығы туралы толық білімдері жоқ. Аталмыш бағытта оқушылармен және ата-аналарымен жұмысты жалғастыру керек, сонымен бірге іс-шараны өткізу нысандары мен әдістерін түрлендіру керек.
Кең көлемді іс-шараларды ұйымдастыруда проблемалар бар , өйткені оқу үрдісі жыл сайын тамыз айында жоспарланады, ал денсаулық сақтаудың іс-шаралары желтоқсан-қаңтар айларында жоспарланады.
Аудан бюджетінде СӨС бағыты бойынша жергілікті газетте материалдар орналастыруға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қарастырылмаған.
Облыстық мәслихаттың денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі және білім және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялары  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
  1.Әулиекөл ауданының атқарушы органдарының және денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысы туралы аудан әкімінің орынбасары                 Р.С. Нұғманованың ақпараты назарға алынсын.
2.Аудандық мәслихат пен  әкімдік:
- денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын, сонымен қатар білім беру мекемелерінің медициналық бөлмелерін нығайту,  оларды кадрлармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар жасалсын;
- істің жағдайын алдын- ала зерделеп, тұрақты комиссияның отырысында АДА-ның және ФАП-тың бар материалдық ресурстарын бағалау мәселесі қарастырылсын;
- жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде сектораралық деңгейдегі жұмыс жандандырылсын, жұмысқа педагогтар, психологтар және әлеуметтік жұмысшылар жұмылдырылып, ерікті ресурс қолданылсын;
- БАҚ-та жастардың жыныстық және репродуктивті денсаулығы проблемалары жөнінде баспа материалдарын орналастыруға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қарастырылсын;
- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс лоттарының тақырыбында ҮЕҰ үшін СӨС бағыттары жыл сайын ескерілсін;
- алдын алу жұмысын ұйымдастыру мәселесі бойынша денсаулық сақтау жүйесі мен медициналық-әлеуметтік қызмет мекемелері жұмысының тиімділігіне кешендік бағалау жүргізілсін;
- мәслихаттың тұрақты комиссиялары отырыстарында және әкімдіктің отырыстарында аталмыш мониторинг нәтижелері тындалсын.   
3. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігеріне:
$1-                ауылдық округтерде жасөспірімдер мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі жұмысты бақылауға алсын;
$1-                 ауданға жас мамандарды тарту жөнінде шара қабылдасын, оның ішінде Қостанай медициналық колледжімен өзара әрекеттесуді күшейтсін;
$1-                 алдын алу жұмыстары мәселелерінде ауылдық ДА, ФАП және МП-ге әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетсін.  
$14.          Облыстық СӨС орталығына:
$1-                ауданның медициналық мекемелерінде СӨС кабинетін ақпараттық және әдістемелік жабдықтау жөніндегі жұмысты күшейтсін.
$15.          Әулиекөл ауданының әкімдігі осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты облыстық мәслихатқа 2015 жылдың 1 қаңтарына ұсынсын.
Облыстық мәслихаттың
тұрақты комиссиясының төрағалары                                     Т.Булгацевич
                                                                                              Е. Смышляева
 
 
 
 

Расписание дв.-я поездов

1

Расписание дв.-я самолетов

2

Электронный акимат

3

  • akorda-kz
  • kostanay-kz
  • egov-kz
  • parlam-kz
  • government-kz
  • ekst-kz
  • sim-kz
  • tobol
  • grin
  • kstwomen-kz
  • kstakimat-kz
  • poslanie-kz
Разработка сайта - www.yoline.kz .