Қостанай облысының 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы
Жоба
Қостанай облыстық мәслихатының
№ шешімі
(бесінші шақырылымның кезекті IV сессиясы)
Қостанай қаласы 2014 жылғы 12 желтоқсан
Қостанай облысының
2015-2017 жылдарға арналған
облыстық бюджеті туралы
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 141501731,0 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсімдер бойынша – 6271090,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 44979,0 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 15900,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 135169762,0 мың теңге;
2) шығындар – 141474231,0 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – -1603797,0 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер – 2947756,0мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 1343959,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 40000,0 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу – 40000,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1616297,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – -1616297,0 мың теңге.
2. Аудандар мен қалалар бюджеттеріне жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың 100 пайызын есепке алу жолымен кірістерді бөлу нормативтері белгіленсін.
3. 2015 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемі 18630225,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін, оның iшiнде:
Қостанай қаласынан – 10478443,0 мың теңге;
Лисаков қаласынан – 535526,0 мың теңге;
Рудный қаласынан – 7616256,0 мың теңге.
4. 2015 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық бюджеттен аудандар мен облыстық маңызы бар қала бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемі 20684673,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін, оның iшiнде:
Алтынсарин – 826252,0 мың теңге;
Амангелді – 1366343,0 мың теңге;
Әулиекөл – 1895512,0 мың теңге;
Денисов – 1102843,0 мың теңге;
Жангелдин – 1417045,0 мың теңге;
Жітіқара – 941897,0 мың теңге;
Қамысты – 973050,0 мың теңге;
Қарабалық – 1229753,0 мың теңге;
Қарасу – 1532475,0 мың теңге;
Қостанай – 1123461,0 мың теңге;
Меңдіқара – 1345855,0 мың теңге;
Науырзым – 949428,0 мың теңге;
Сарыкөл – 1247450,0 мың теңге;
Таран – 528231,0 мың теңге;
Ұзынкөл – 1230019,0мың теңге;
Федоров – 1265976,0 мың теңге;
Арқалық қаласына – 1709083,0 мың теңге.
5. 2015 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсімінің көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
1) дағдарыстық жағдай қаупі төнген және туындаған кезде іс-қимылдар бойынша оқу-жаттығу жүргізуге;
2) Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға;
3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге;
4) 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге;
5) халықты әлеуметтiк қорғауға және оған көмек көрсетуге;
6) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге;
7) «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберiнде өңiрлерде жеке кәсiпкерлiктi қолдауға;
8) моноқалалардағы ағымдағы іс-шараларды іске асыруға;
9) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды оқшау жүйелерiнен ауызсу беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялауға;
10) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға;
11) мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлеріне, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделі бойынша еңбекақы төлеуге және олардың лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге;
12) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерге төленетiн еңбекақы деңгейiн арттыруға;
13) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;
14) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға;
15) үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге төленетін еңбекақыны арттыруға;
16) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайтуға;
17) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға;
18) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге;
19) жергiлiктi деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;
20) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға;
21) халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге.
Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады (осы тармақтың 1), 2), 9), 14), 16), 17), 18), 19), 20), 21 тармақшаларын қоспағанда).
6. 2015 жылға арналған облыстық бюджетте мынадай:
1) кәсіпкерлікке микрокредит беру үшін облыстық бюджеттерді кредиттеу;
2) жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;
3) жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беру;
4) ағымдағы жайластыру бағыттары бойынша іске асырылатын Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде моноқалалардағы ағымдағы іс-шараларды іске асыруға республикалық бюджеттен қаражаттар түсімінің көзделгені ескерілсін.
Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
7. 2015 жылға арналған облыстық бюджетте мынадай:
1) облыстық бюджеттерге тұрғын үй жобалауға және (немесе) салуға кредит беру;
2) инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру;
3) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйiн жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау;
4) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйiн сатып алу бағыттары бойынша iске асырылатын «Қолжетiмдi тұрғын үй-2020» бағдарламасы шеңберiнде республикалық бюджеттен қаражаттар түсімінің көзделгені ескерілсін.
Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
8. 2015 жылға арналған облыстық бюджетте Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыруға республикалық бюджеттен қаражаттар түсімінің көзделгені ескерілсін.
Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
9. Қостанай облысы жергілікті атқарушы органының 2015 жылға арналған резерві 126639,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
10. Қостанай облысы жергілікті атқарушы органының 2015 жылға борыш лимиті 9 669 772 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
11. 2015 жылға арналған облыстық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
12. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы А. Сауденова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов
КЕЛІСІЛДІ
«Қостанай облысы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ Е. Спанов
2014 жылғы «12 » желтоқсан