Облыстық мәслихат депутаттарының қызметі

Қостанай облыстық мәслихатының бесінші және алтыншы шақырылымдары депутаттарының 2016 жылғы бірінші жарты жылдықтағы қызметі туралы ақпарат
Қостанай облысында 2016 жылғы 20 наурыздағы жағдай бойынша 5-шақырылымда 35 депутат, 20 наурызда болған сайлаудан кейін, бір мандатты округтер бойынша облыстық мәслихаттың 6-шақырылымына сайланған 36 депутат өз қызметін атқарды. Оның ішінде 20 депутат бірінші рет сайланды, жалпы құрамында 24 ер адам және 12 әйел адам.
            Қостанай облыстық мәслихатының жұмысы 2016 жылғы 27 мамырдағы № 29 сессия шешімімен бекітілген 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.
         2016 жылдың бірінші жартысында облыстық мәслихат 2 кезекті және 6 кезектен тыс сессия өткізді, оның біреуі жұмыстағы үзіліс. Сонымен қатар Қостанай облысы Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысын сайлау, жергілікті полиция қызметі басшысының есебі, Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің құрамын сайлау, оның ережесін бекіту туралы жоспардан тыс мәселелер қаралды. Облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі облыстық және округтук сайлау комиссияларының жаңа құрамы қалыптасты. Бірінші жарты жылдықта облыстық мәслихаттың депутаттары 23 мәселе қарады.
         Жергілікті полиция қызметі басшысының есебі мәселесі бойынша кезектен тыс сессияға дайындық мақсатында депутаттардың жұмыс тобы нысандарды аралап, істің жағдайымен танысты.
Сессияда барлығы 6 депутат сөз сөйледі. Жергілікті полиция қызметі басшысының есебі және Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің ережесін бекіту туралы мәселелер бойынша кезектен тыс сессияда қосымша баяндамашы ретінде Қ.Қ. Жаманбалин мен А.І. Досшанова сөз сөйледі. Сессияларда облыстың түрлі мемлекеттік мекемелерінің 16 басшылары және олардың орынбасарлары баяндама жасады. Сессиялардың төрағалары ретінде Қ.Қ. Жаманбалин және Д.С. Қосмұхамбетова сайланды.
Депутаттардың сессияға келуі орта есеппен 83,3 %-ды құрайды, өткен жылдың осы кезеңінде депутаттардың сессияға келуі 76,3%-ды құрайды. Сессияларға, тұрақты комиссиялар жұмысына мынадай депутаттар белсене қатысады: С.С.Ақышев, А.У. Байғабелов, Қ.Қ. Жаманбалин, А.І. Досжанова, В.Ф.Ковальский, А.К.Сергеев, Е.В.Смышляева, С.В. Шанин және басқалары.
Жыл басынан бері тұрақты комиссиялардың 15 отырысы өткізілді, оның ішінде 8-і көшпелі отырыс. Комиссиялар жұмысына жалпы депутаттар 43 рет қатысты.
Облыс бюджетіне өзгерістер енгізу туралы, бюджетті атқару туралы, құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасын іске асыру және оны орындау туралы, мәдениет саласын дамыту, жұмыссыздықты азайту туралы, білім жүйесінің жағдайы және перспективалары туралы,    балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы, жолдар бойынша, ауыл аумақтарын, үкіметтік емес секторды дамыту және басқа мәселелер қаралды.
Депутаттар дөңгелек үстелдерге, отырыстарға, мәжілістерге, «Нұр Отан» партиясының түрлі акцияларына тұрақты түрде қатысып тұрады.                     Депутаттар қызметінде сайлау округтеріндегі жұмысы, сессиялардағы мәселелерді талқылауға қатысу, қоғамдық пікірлерді зерделеу, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру, жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау сынды жұмыс ерекше орын алады. Сонымен,депутаттар сайлаушылармен 251 кездесу өткізді, онда жолдардың сапасы, сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, тұрғын-үй мәселесі, мектепке дейінгі тәрбие, зейнетақы реформалары, азық-түліктерге баға белгілеу, медициналық қызмет көрсету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және бірнеше мәселелер қаралды.  
Облыстық мәслихаттың депутаттары қоғамдық қабылдаулар өткізеді, «Нұр Отан» партиясында азаматтарды қабылдаулар, жеке қабылдаулар өткізеді, онда өздерінің проблемалық мәселелерімен жалпы саны 304 адам келді. 257 мәселе оң шешімін тапты, ол 84,5%-ды құрайды. Материалдық көмек, тұрғын-үйге кезекке қою, жұмысқа орналастыру, студенттерді тағылымдамадан өткізу, коммуналдық қызметтердің жұмысы, ТКШ реформалары, еңбек заңының бұзылуы, елді мекендерді абаттандыру, автобустар қозғалысы сынды мәселелер өзектілігін жойған жоқ.
Депутаттар өз сайлау округінің өміріне белсене қатысады. Қайырымдылық акцияларын тұрақты түрде өткізіп тұрады, атап айтқанда Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету. Өз сайлау округтерінің аумақтарын абаттандыру бойынша жұмыс жүргізеді, сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, жолдар, қоғамдық көлік мәселелерін шешеді.
Алайда депутаттар депутаттық сауалды аз қолданатын болды. Ағымдағы жылдың бірінші жартысында барлығы 57 депутаттық сауал жолданды, ал 2015 жылы барлығы 130 сауалнама жолданды. Сауалдар Парламент депутаттарына, Министрлікке, облыстық басқармаларға және департаменттерге, әкімдіктерге жолданды. 51 депутаттық сауал оң шешімін тапты.
Есептік кезеңде депутаттар теле арналарда, радиода, газеттерде 83 реттен астам қатысты.
 
___________________________________________________________________
Облыстық мәслихат депутаттарының қызметі
Қостанай облыстық мәслихатының бесінші шақырылымы депутаттарының 2012 жылы атқарған қызметтері туралы
а қ п а р а т
 
 
         Қостанай облысында 2012 жылдың аяғында бір мандатты округтер бойынша облыстық мәслихаттың 36 депутаты өз қызметтерін жүзеге асырды. Барлық депутаттар «Нұр Отан» ХДП-ның мүшелері болып табылады.
         Облыстық мәслихат жұмысы 2012 жылға арналған жұмыс жоспарына  сәйкес жүргізілді. Барлық жоспарланған іс-шаралар мерзімінде орындалды.
         2012 жылы облыстық мәслихатта 14 сессия өткізілді: 6 кезекті және 8 кезектен тыс сессиялар. Оның көпшілігі облыс әкімі Н.Садуақасовтың қатысуымен болды. «Қостанай облысында құқықбұзушылықтың алдын-алудың 2011-2013 жылдарға арналған өңірлк бағдарламасы», «Қостанай облысында білім беру жүйесін дамытудың жай-күйі және келешегі», «Қостанай облысының 2011 жылғы облыстық бюджетінің атқарылуы туралы», «Меңдіқара ауданының  селолық аумақтарын дамыту туралы» сияқты жоспарланған мәселелер қарастырылды, Қостанай облысының 2013-2015 жылдарға арналған бюджеті қабылданды. Сондай-ақ облыс әкімі Н.Садуақасовтың 2011 жылы облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың қорытындылары және оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы есебі тыңдалды. Депутаттар жыл бойы барлығы 104 мәселе қарастырды.
         Құқыбұзушылықтың алдын-алу, білім беру жүйесі, Меңдіқара ауданының селолық  аумақтарын дамыту мәселелері бойынша кезекті сессияларға дайындық барысында депутаттардың жұмыс топтары жағдайды зерделеу үшін бірнеше рет тексеруге барды, облыстық мәслихат депутаттарының, білім беру мекемелері, ЖОО, АООО, ата-аналар қоғамы, білім беру, ішкі саясат басқармалары басшыларының қатысуымен білім беру жүйесінде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Сессияларда өткізілген тексерулер туралы бейнесюжеттер көрсетілді.
         Сессияларда барлығы 42 депутат сөз сөйледі.
Бесінші шақырылымның депутаттары қарайтын мәселелер бойынша сессияларға, жарыссөздерге белсенді түрде қатысатын болды. Депутаттар С.Е.Ещанов, А.А.Корнеев, С.В.Швыдченколар бірде-бір сессияны  қалдырған жоқ. Орташа есеппен депутаттардың қатысуы 75,2 %-ды құрады, ол 1-ші жартыжылдыққа қарағанда 5,7 %-ға аз және төртінші шақырылымға қарағанда 2,2 %-ға көп.
Е.С.Аманжолов, Р.Ш.Бектұрғанова, А.І.Дощанова, С.Е.Ещанов, А.Қ.Сәуденова және А.К.Сергеевтер сессиялар төрағалары болып сайланды.
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстары жиі өткізілетін болды. 2011 жылы 22 отырыс өткізіліп, оның 11-і көшпелі отырыс болса, ал 2012 жыл басынан бері 33 тұрақты комиссиялар отырыстары өткізіліп, оның 20-сы көшпелі болды. Оған қатысу да 2011 жылмен салыстырғанда өсті. Егер депутаттар 2011 жылы барлық тұрақты комиссиялар отырысына 130 рет қатысқан болса, 2012 жылы 193 рет қатысты, бұл 48 % -ға көп. Облыс бюджетіне өзгерістер енгізу, бюджеттің атқарылуы, құқықбұзушылықтың алдын-алу, дене шынықтыру мен спортты дамыту, жұмыссыздықты азайту, «Білім туралы» заңды іске асыру, мемлекеттік жастар саясаты, мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру, педкадрлармен камтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы, тұрғын үй-коммуналдық саланы, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, Мемлекеттік «Ақ Бұлақ» бағдарламасын, үкіметтік емес секторды, бизнес-ортаны жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі атқару органдарының жүұмыстарын, гендерлік саясатты, отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру туралы және басқа да мәселелер қарастырылды.
Комиссия отырыстарына дайындық кезінде депутаттар істің жағдайын жергілікті жерде тексеруге барынша белсенді түрде қатысады. 2012 жылы депутаттар аудандар мен қалаларға 62 рет шықты, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 3 есе көп.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарын өткізу тәжірибеге енгізілді. Осылайша заңдылық, құқықтық тәртіп және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі комиссияның «Нұр Отан» ХДП  Қостанай облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Қоғамдық кеңеспен бірлескен және гендерлік және отбасылық-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі комиссияның Қазақстанның іскер әйелдері Қауымдастығының облыстық филиалымен бірлескен және білім және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі комиссияның гендерлік және отбасылық-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі комиссиялардың бірлескен отырыстары өткізілді. Комиссиялардың кеңейтілген отырыстарын өткізу тәжірибеге ене бастады.
Басқармалар мен агенттіктердің қатысуымен «жас» депутаттар үшін оқулар ұйымдастырылды. Депутаттар мен қалалық және аудандық мәслихаттар хатшылары үшін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы жөнінде семинарлар өткізілді.
Облыстық мәслихаттың 340-тан астам депутаттары «Нұр Отан» ХДП-ның дөңгелек үстелдеріне, отырыстарына, конференцияларына, түрлі акцияларына қатысты.
Депутаттар қызметінде сайлау округтеріндегі жұмыс, аудандық және қалалық мәслихаттар сессияларында мәселелерді талдауға қатысу, қоғамдық пікірлерді зерделеу, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның 2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөнінде халықпен жұмыс жасау, азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау.  Осылайша депутаттар сайлаушылармен 747 кездесу өткізді, онда коммуналдық қызмет көрсетулер тарифтарының көтерілуі, жолдар сапасы, сумен қамтамасыз ету, газбен жабдықтау, тұрғын үй мәселелері, еңбеккке орналастыру, мектепке дейінгі тәрбие, зейнеткерлік жас, ТКШ жаңғырту, халықтан сүт сатып алу, тамақ өнімдеріне бағаның құрылуы, медициналық көмек көрсетілу, дәрілік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, мал азығын дайындау, студенттерге жол ақысына жеңілдік, оларға жатақхана бөліну және басқа да бірқатар мәселелер алға қойылды. Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары тек ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның 2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөнінде сайлаушылармен 166 кездесу өткізді.
Облыстық мәслихат депутаттары қоғамдық қабылдаулар құрды, онда өздерінің проблемалық мәселелерімен 1409-нан артық адам болды. Олардың 1076-сы оң шешімін тапты, бұл 76,4 % құрайды. Материалдық көмек көрсету, еңбекке орналастыру, баспана, коммуналдық қызмет көрсету жұмыстары, еңбек заңдылығының бұзылуы, елді мекендерді абаттандыру, оқыту, емдеу, автобус және поезд қозғалысы сияқты мәселелер бірінші кезекте қаралды. Олыстық мәслихат депутаттары қайырымдылық акцияларын жиі өткізеді, атап айтсақ, Жеңіс Күніне орай ҰОС ардагерлері мен тың еңбеккерлеріне құрмет көрсету, «Мектепке жол», «Аяз атаға хат» Қарттар Күніне байланысты қайырымдылық акциялары т.б.
Облыстық мәслихат депутаттары Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы бойынша өз сайлаушыларымен кездесулер өткізді.
Облыстық мәслихат депутаттарының тікелей қолдауымен, жеке үлес қосуының арқасында 5 млн. теңге сомаға Қостанай қаласы аллеясы қайта жаңғыртылды.
Депутаттар депутаттық сауал құқығын белсенді түрде пайдаланады. 2012 жылы олардың саны 2011 жылмен салыстырғанда 21 % -ға өсті және 145-ті құрады. Сауалдар ҚР Парламентінің депутаттарына, Министрліктерге, облыстық басқармалар мен департаменттерге, әкімдіктерге жіберіліп отырды. Олардың 53,8 %-ы оң шешімін тапты.
Облыстық мәслихат депутаттары бұқаралық ақпарат құралдарында кең таныла бастады.  Олар есепті жылда БАҚ-қа 555 рет шықты, бұл сәйкесті мерзімнен 24 %-ға артық. Облыстық мәслихат сайтында мәслихат қызметі, тұрақты комиссиялар отырыстары, сессиялар, аудандық және қалалық мәслихаттар жаңалықтары, үнемі жаңартылып отырады. Мәслихат хатшысы С.Е.Ещановтың блогы бар.
Сонымен қатар жекелеген депутаттар өздерінің депутаттық міндеттерін толық орындамайды, сессияларға, комиссия отырыстарына қатыспайды, депутаттық сауалдарда өз құқығын пайдаланбайды.
Кейбір депутаттар депутаттық қызметтері туралы есебін тапсырған да жоқ.
Орын. Ш.Баратова
Ауд. Л.Әмірханова                                                                                                                                                                                                                           
Облыстық мәслихаттың төртінші шақырылымы депутаттарының қызметі туралы ақпарат (2007 жылғы тамыздан бастап 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін)
  2009 жылдың 1 қаңтарына текті облыстық мәслихатта 36 бір мандатты округтар бойынша 35 депутат өз қызметін жүзеге асыруда.
Депутаттардың барлығы да «Нұр Отан» ХДП мүшесі болып табылады. Сессияның шешімімен облыстық мәслихатта «Нұр Отан» ХДП депутаттық фракциясы түріндегі депутаттық бірлестік тіркелген, оған тоғыз депутат кірген. Облыстық мәслихаттың 34 депутаты төрт тұрақты және тексеру комиссиясында тұр.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2007 жылдың қазанында Т.Т. Төлеубаев - № 21 Жанкелдин сайлау округі бойынша депутат өз өкілеттігінен мерзімінен бұрын бас тартты. 2007 жылдың желтоқсанында осы сайлау округі бойынша облыстық мәслихатқа қосымша сайлау жүргізілді. Облмәслихаттың депутаттығына Ғ.Т. Сағиев сайланды. Облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 12 желтоқсандағы кезекті, екінші сессиясында Ғ.Т. Сағиев төртінші шақырылымындағы облыстық мәслихаттың хатшысы болып сайланды.
2008 жылдың ақпанында Б.К. Өтеулиннің - № 12 Таран сайлау округі бойынша депутатының өкілеттігі оның Қамысты ауданының әкімі болып тағайындалуына байланысты тоқтатылды. Оның орнына депутат болып В.С. Бушкин сайланды.
2008 жылдың 4 қазанында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қостанай облысы бойынша депутатын сайлау өткізілді. Облыстық мәслихаттың № 1 Абай сайлау округі бойынша депутаты Х.Х. Уәлиев неғұрлым көп дауыс алды және ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды. 2008 жылдың 12 желтоқсанында Х.Х. Уәлиевтен облыстық мәслихаттың депутаты өкілеттігі алынды.
Төртінші шақырылымның жұмысының басынан бері алты кезекті және жеті кезектен тыс сессия өткізілді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының әртүрлі мәселелері бойынша 150-ден астам шешім қабылданды.
Өткен сессияларда 12 депутат сөз сөйледі. Сессиялар жұмысына мына депутаттар неғұрлым белсене қатысады: Н.М. Алашбаев, И.П. Аронова, Р.Ш. Бектұрғанова, Л.Н. Гальцова, Н.В. Смирнова.
Сессия төрағалары болып сайланған депутаттар: Н.М. Алашбаев, Е.С. Аманжолов, З.Х. Арефьева, И.П Аронова, Х.Х. Уәлиев, Л.Н. Гальцова, И.Е. Естаев, А.Р. Жалғасов, Б.П. Князев, Ғ.Т. Сағиев, Т.Н. Шерстобитова.
IV шақырылымның басынан бастап облыстық мәслихаттың тұрақты және тексеру комиссиялары белсене жұмыс істей бастады.
Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау комиссиясы, Л.Н. Гальцова жетекшілік жасайды, жемісті жұмыс істейді. Көшпелі бес отырыста депутаттар денешынықтыруды дамыту, мүгедектерді оңалту, мәдениет саласын дамыту, денсаулық сақтау саласын реформалау және дамыту жөніндегі бағдарламалардың орындалу барысын қарады. Комиссияның өтінішімен Жітіқара ауданындағы спорт алаңы базасындағы спорт ядросын жайғастыруға және ипподром құрылысына 20 млн. теңге бөлінді. Комиссиялардың отырыстарына қашанда аудандық (қалалық) мәслихаттардың депутаттары, селолық округтар әкімдері, ҮЕҰ өкілдері, аудандар әкімдерінің орынбасарлары мен аудандар әкімдері қатысады. Комиссиялардың отырыстарын дайындау мен өткізуге депутаттар Л.Н. Гальцова, Р.Ш. Бектұрғанова, Б.К. Өтеулин, В.С. Бушкин белсене қатысты.
И.П. Аронованың – заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс мәселелері жөніндегі комиссия төрайымының басшылығымен бес көшпелі отырыс өткізілді, оларда қылмыстылықпен күрес, жол қозғалысы қауіпсіздігі, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламалары жан-жақты талқыланды. Комиссияның отырыстарын дайындау мен өткізуге депутаттар И.П. Аронова, Қ.Қ. Жаманбалин, А.В. Яценко барынша белсенділік танытты. Комиссияның өтінішімен Рудный қ. қосымша құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі инспектор бірлігі бөлінді, Қостанай ауданында ҮЕҰ-ны дамытуға қаржы бөлінді.
С.Б. Бұқанов жетекшілік жасайтын экономика, басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі комиссия да жемісті жұмыс істеуде. Өңірлерде кәсіпкерлікті, газдандыруды, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен қолдау, ауыз сулары мәселелері бойынша бес отырыс өткізілді. Аманкелді ауданында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында С.Б. Бұқановтың бастамасымен 1 млн. теңге көлеміндегі қаржы аударылды, оған шағын кәсіпорындардың бірі – шиномонтаж шеберханасына құрал-жабдық сатып алынды. Комиссия жұмысына депутаттар З.Х Арефьева, С.Б. Бұқанов, Б.П. Князев белсене қатысуда.
Бюджет мәселелері жөніндегі комиссия, депутат Н.М. Алашбаев жетекшілік жасайды, шақырылым басынан бері бюджет жобаларын қарау, өзгерістер мен толықтырулар енгізу, бюджеттің атқарылуы, өңірлік бағдарламалардың орындалуын талдау бойынша он отырыс өткізді.
Депутат Н.В. Смирнова басшылық жасайтын тексеру комиссиясы, депутаттар С.В. Бублик, Қ.Қ. Ержанов, А.Р. Жалғасов, Б.Ғ. Ертаева, А.П. Климко және С.Г. Кожевниковтың қатысуымен нәтижелі жұмыс істеуде.
2007 жылдың қыркүйегінен бастап 2008 жылдың желтоқсанын қоса алғанға дейінгі кезеңде бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері мен оларға бағынысты ұйымдарға 12 тексеріс жүргізілді. Облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі бақылау іс-шараларының қорытындылары тексеру комиссияларының отырыстарында қаралып, тиісті Қаулылар қабылданды және сессияларда мәслихат депутаттарына ақпарат ұсынылды. Комиссияның атқарған жұмысы туралы жазбаша есептер тоқсан сайын мәслихат хатшысына ұсынылады.
Біздің облыстың мәслихаттарының тексеру комиссияларына практикалық көмек ретінде бірлескен бақылау іс-шаралары практикасы енгізілді. Қостанай, Науырзым және Қамысты аудандық мәслихаттарына практикалық көмек көрсетілді.
2008 жылы Есеп комитетінің Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталығы өздерінің бірінші оқыту семинарларын Қостанай облысында өткізді.
Тұрақты комиссиялардың отырыстары депутаттардың бағдарламалардың іске асырылуы жемістерін тікелей көре алатын, сайлаушылармен кездесе алатын мүмкіндіктері бар облыс өңірлеріне шығып, көшпелі түрде жер-жерде өткізілуі жиілей түсті. Тұрақты комиссиялардың ұсыныстары мен ұсынымдары бойынша атқарушы органдар анықталған кемшіліктерді жою жөнінен шаралар қабылдайды. Комиссия отырыстарына аудандардың әкімдері, олардың орынбасарлары, облыстық және аудандық құрылымдар басшылары шақырылады және есеп береді. Есепті кезең ішінде комиссияларда атқарушы органдардың 170-тен астам басшысы есеп берді.
Облыстық мәслихат депутаттарының қызметі облыстық, қалалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында барған сайын жиірек көрсетіле бастады. Сайлаудан кейінгі уақыт ішінде облыстық мәслихат депутаттары 600 реттен астам газеттерге сұхбат берді, радио мен теледидарға шықты.
Депутаттар қызметінде сайлау округтеріндегі жұмыс, аудандық мәслихаттардың сессияларында мәселелер талқылауға қатысу, қоғамдық пікірді зерделеу, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөнінен халықпен кездесулер, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау айтарлықтай орын алады.
Облыстық мәслихаттың депутаттары өздерінің сайлау округтарында халықпен бес жүзден астам кездесу, соның ішінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөнінен, өткізді. Округтардағы кездесулер кезінде депутаттардың алдына қойылған неғұрлым проблемалық мәселелер мыналар болды: зейнетақыны көтеру, тамақ өнімдері бағасының қымбаттауы, жұмысқа орналасу, автомобиль жолдарының жағдайы, газдандыру, сумен жабдықтау проблемалары, отынмен, ауылдық жерде мал үшін жемшөппен қамтамасыз ету, ПИТК-лердің жұмысы, қалаларда көшелерді жарықтандыру, материалдық көмек көрсету және көптеген тағы басқалары.
Төртінші шақырылымдағы облыстық мәслихат жұмысының басынан бері депутаттардың жеке қабылдауында 1650 адам болды. Олардың арыз-шағымдарының сипаты негізінен халықпен кездесулерде көтерілетін проблемалармен сәйкес келеді. Бұрынғысынша материалдық көмек сұрау, тұрғын үй мәселелері, басқа да әлеуметтік проблемалар жөніндегі өтініштер көп. Оң шешімін тапқан мәселелер саны 845 болды, яғни 51 пайыз. Шешілген мәселелердің қатарында, мәселен, Лисаков қ. халқы үшін темір жолдағы аялдаманы бекіту бар, оған тиісті министрлік арқылы депутат З.Х. Арефьева қол жеткізді.
Депутат Р.Ш. Бектұрғанованың қоғамдық қабылдауы үлкен оңды тәжірибе жинақтап үлгірді. 2007 жылғы қыркүйектен бастап оған 500-ден астам тұрғындар әртүрлі мәселелер бойынша, соның ішінде ПИТК жұмысы, шағын аудандарды, аула алаңдарын көркейту, тұрғын үй беру, газдандыру, патруль-қадағалау жұмысы, өтінішпен келді. Мұнда мәселелердің жартысынан астамы оңды шешіледі. Қарттар күніне арналған әртүрлі іс-шаралар мен концерттер, Жаңа жылда мүгедек балаларға арналған қайырымдылық акциясы, «Мектепке жол» акциясы өткізілді, Құрбан айт мерекеленді, облмәслихаттың Сайты тұрақты түрде хабарлап отыратын тағы басқалары.
Депутат Л.Н. Гальцованың қоғамдық қабылдауы да өз қызметін айтарлықтай жандандырды.
Депутаты И.П. Аронова болып табылатын «Строительный» шағын ауданын газдандыру, электр желісін тарту, бағдаршам орнату және тағы басқа проблемалық мәселелер алға жылжуын бастады.
Көптеген депутаттар «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдауларында тұрақты түрде сайлаушылармен кездеседі.
Депутаттар «Мектепке жол» акциясына жеке өз бастары белсене қатысты. Облыс бойынша олар 75 балаға жалпы сомасы 400 мың теңгеден астам көмек көрсетті. Депутаттар – ірі кәсіпорындардың басшылары аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға оқу жылының бүкіл өнбойына нақты дербес көмек көрсетеді, бірнеше баланы және отбасыларын жеке қамқорлықтарына алады, мектептерде тамақ беруді, емдеуді және тағы басқаларын ұйымдастырады.
Депутаттар жастармен жұмыс жүргізуге және олардың проблемаларын шешуге үлкен назар аударады. Олардың көпшілігінің өздерінің жас көмекшілері бар, оларды белсенді қоғамдық жұмысқа дайындайды. Депутаттар Н.М. Алашбаев, И.П. Аронова, Е.С. Аманжолов, С.Б. Бұқанов, Р.Ш. Бектұрғанова, И.М. Вечтейн, И.Е. Естаев, С.А. Гумирова, А.Р. Жалғасов, Қ.Қ. Жүсіпов, Б.П. Князев, А.В. Яценко облыстық «Ровесник» балалар және жастар активін оқыту және демалыс лагерін жұмысқа дайындауға зор үлес қосты.
Әсіресе балалар мен жастар қозғалысын дамытуға депутат Н.Б. Новодворская үлкен үлес қосты. Көптеген жастар іс-шаралары М.М. Турдахунов басшылық жасайтын «ССКБӨБ» АҚ базасында өтеді.
Сонымен қатар Қостанай облыстық мәслихаты, егер оның әрбір депутаты шын мәнінде тек тікелей өзінің жұмыс орнында ғана емес, сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңға сәйкес халық қалаулысы ретінде белсенділік танытса, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, жергілікті өкілетті органдар рөлінің күшеюіне бұдан да зор үлес қоса алар еді.
Жекелеген депутаттар облыстық мәслихаттың сессияларына, комиссиялар отырыстарына сирек қатысады; көптеген депутаттар БАҚ-қа шықпайды, облмәслихаттың сайтына материалдар бермейді. 2007 жыл аяқталғанынан кейін депутаттардың дені өздерінің сайлаушыларымен кездескен жоқ, оларды облыстық мәслихаттың қызметі, өзінің сайлау алды бағдарламасының орындалуы туралы хабардар еткен жоқ; депутаттар әлі де болса өздерінің сайлаушыларының, өз округының және өңірінің проблемалы мәселелері бойынша тиісті атқарушы органдарға сауалдар мен өтініштер жібере бермейді.
Депутаттық қызмет талдауы № 1 және № 2 кестелерде ұсынылып отыр.
Сараптама 1
Сараптама 2

Расписание дв.-я поездов

1

Расписание дв.-я самолетов

2

Электронный акимат

3

  • akorda-kz
  • kostanay-kz
  • egov-kz
  • parlam-kz
  • government-kz
  • ekst-kz
  • sim-kz
  • tobol
  • grin
  • kstwomen-kz
  • kstakimat-kz
  • poslanie-kz
Разработка сайта - www.yoline.kz .