Хабарлау
Депутаттардың жас көмекшілері тобы жастардың пікірлерін есепке алу және оларды ауданда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық және өзге де бағдарламаларын іске асыру мен бағалау үдерістеріне тарту, жергілікті өкілді органдарда жұмыс тәжірибесін алу, белсенді азаматтық ұстаным тәрбиесі және жергілікті билік органдарына кадрлар резервін даярлау мақсатымен Әулиекөл аудандық мәслихатының жанынан құрылады.
Жастар мәслихаты – жастардың жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен, ауданның мекемелерімен, ұйымдарымен өзара қарым-қатынаста жастардың мүддесін білдіретін, ауданның жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысатын тұрақты жұмыс істейтін орган