Әдеп жөніндегі уәкіл
|
Сүйіндіков Қайрат Жанділдәұлы
1966 жылғы 5 шілде күні Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Шобанкөл ауылында туған. Білімі жоғары, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ тарих оқытушысы, заңгер мамандықтары бойынша. Мемлекеттік қызметте 1998 жылдан бастап: ауыл әкімі, Қостанай қаласы әкімі аппараты, Ішкі саясат басқармасы бөлімдерінің меңгерушісі, Таран ауданы әкімінің орынбасары, облыс әкімінін баспасөз хатшысы, облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары, Қостанай облысы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалындағы қызмет. 2017 жылғы шілдеден бастап «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ әдеп жөніндегі уәкілі.
|
Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже.
- - түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу, мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;
- - мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
- - мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру;
- қызметтік әдеп нормаларының сақталуын мониторингтеу және бақылау;
- - құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдау және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсыныстар енгізу;
- - азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.
Байланыс ақпараты:
Қостанай қ. Әл-Фараби д. 66. каб.106.
телефон: 8 (7142) 530-830
Е-mail:
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
|
мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау Кестесі:
қабылдау күні
|
қабылдау орны
|
әр айдың
соңғы сәрсенбісінде
|
Қостанай қ.
Әл-Фараби д. 66. каб.106 .
|
___________________________________________________________________________________________
Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға (Қазақстан Республикасыны Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдарға, сондай-ақаталған функцияларды орындауға уәкілетті кандидаттары болып табылатын тұлғалардың алған сыйлықтарын мемлекеттік мүлікті басқару немесе жергілікті атқарушы органға тапсыру бойынша
Жадынама
- Тұлғалар (тұлғаның келісімінсіз келіп түскен; тұлға мен оның лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін орындауына байланысты алынған; көпшілік алдында немесе ресми іс-шара кезінде оның лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін орындауына байланысты берілген (табысталған) сыйлықтыалған (анықтаған) күнінен бастап 7 күн тізбелік күн ішінде оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе жергілікті атқарушы органға (бұдан әрі – ЖАО) тапсырады. Сыйлықты тапсыру тұлғаның сыйлықты сатып алу немесе оны сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламасын (бұдан әрі – хабарлама) қоса тіркеп, белгіленген нысан бойынша уәкілетті орган немесе ЖАО жасайтын тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-тапсыру актісі бойынша жүзеге асырылады.
2. Хабарламада мынадай мәліметтер болуы тиіс: уәкілетті органның немесе ЖАО атауы; сыйлықты тапсыратын тұлғаның аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны, байланыс мәліметтері; сыйлықтың атауы, саны және қысқаша сипаттамасы; сыйлықты сатып алу немесе сатып алудан бас тарту туралы ақпарат. Сонымен қатар сыйлық сатып алынатын жағдайда хабарламада жоғары тұрған лауазымды тұлғаның сатып алуға келісімі туралы белгісі (аты-жөні, лауазымы, мөрмен расталған қолы) қойылады.
3. Тұлға сыйлықты ЖАО-ға тапсырған жағдайда, ЖАО 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тиісті хабарлама жолдайды. ЖАО-ға тапсырылған сыйлықтар жоғарыда аталған мерзім ішінде есепке алуды, сақтауды және бағалауды ұйымдастыру үшін уәкілетті органға беруге жатады.
4. Уәкілетті орган сыйлық тытапсырған тұлғадан тиісті хабарлама алғаннан кейін 7 күн тізбелік күн ішінде сыйлықты бағалау жүргізіліп, аталған тұлға мен сатып алу-сату шарты жасалады. Бұл ретте тұлғаның ЖАО-ға тапсырған сыйлықтары бойынша бағалау өткізу және сатып алу-сату шартын жасау мерзімі жергілікті атқарушы органнан тиісті хабарлама алынған сәттен бастап саналады.
5. Уәкілетті орган сыйлықты тапсырған тұлғаның оны сатып алудан жазбаша бас тартуынан кейін ғана сыйлықты арнайы мемлекеттік қордан үшінші тұлғаларға сатуды жүргізуге құқылы.
Анықтама ретінде: «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 472-бабы 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне келіп түскен мүлiктi уәкiлеттi органға толық және (немесе) уақтылы бермеу, егер бұліс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, әкімшілік-құқықтық жауапкершілік қарастырылған.