Мәслихаттың 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 354 «Қостанай облысының 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 11.08.2015 ж.
Жоба
Қостанай облыстық мәслихатының
№ шешімі
(бесінші шақырылымның кезектен тыс сессиясы)
Қостанай қаласы 2015 жылғы 11 тамыз
Мәслихаттың 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 354 «Қостанай облысының 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы |
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 354 «Қостанай облысының 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5237 тіркелген, 2014 жылғы 27 желтоқсанда «Костанайские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай облысының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 129165831,3 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсімдер бойынша – 5469547,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 1337037,9 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 14775,6 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 122344470,8 мың теңге;
2) шығындар – 129207473,1 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 3396267,4 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер – 4740397,0мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 1344129,6 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3437909,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3437909,2 мың теңге»;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Қостанай облысы жергілікті атқарушы органының 2015 жылға арналған резерві 76639,0 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Г. Ахметова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов
КЕЛІСІЛДІ
«Қостанай облысы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ Е. Спанов
2015 жылғы «11» тамыз