Мәслихаттың 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 354 «Қостанай облысының 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу турал
Мәслихаттың 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 354 «Қостанай облысының 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
|
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 354 «Қостанай облысының 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5237 тіркелген, 2014 жылғы 27 желтоқсанда «Костанайские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай облысының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 129741395,5 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсімдер бойынша – 5404907,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 1960964,4 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 11002,9 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 122364521,0 мың теңге;
2) шығындар – 129783037,3 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 3396267,4 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер – 4740397,0мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 1344129,6 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3437909,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3437909,2 мың теңге»;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. 2015 жылға арналған аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бюджеттеріне:
төлем көзiнен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша:
Алтынсарин ауданы – 70,4 пайыз;
Амангелдi ауданы – 64,3 пайыз;
Әулиекөл ауданы – 100,0 пайыз;
Денисов ауданы – 54,7 пайыз;
Жангелдин ауданы – 17,8 пайыз;
Жiтiқара ауданы – 100,0 пайыз;
Қамысты ауданы – 23,3 пайыз;
Қарабалық ауданы – 37,1 пайыз;
Қарасу ауданы – 32,4 пайыз;
Қостанай ауданы – 100,0 пайыз;
Меңдiқара ауданы – 100,0 пайыз;
Науырзым ауданы – 31,1 пайыз;
Сарыкөл ауданы – 14,7 пайыз;
Таран ауданы – 100,0 пайыз;
Ұзынкөл ауданы – 68,3 пайыз;
Федоров ауданы – 100,0 пайыз;
Арқалық қаласы – 89,3 пайыз;
Қостанай қаласы – 100,0 пайыз;
Лисаков қаласы – 100,0 пайыз;
Рудный қаласы – 100,0 пайыз;
аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бюджеттеріне төлем көзiнен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы мен төлем көзiнен салық салынбайтын шетелдiк азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 100 пайызын есепке алу жолымен кірістерді бөлу нормативтері белгіленсін.»;
көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім, 2015 жылғы 1 қарашада қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Г. Ахметова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов
КЕЛІСІЛДІ
«Қостанай облысы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ Е. Спанов
2015 жылғы «14» қазан