Мәслихаттың 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 «Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 13.11.2015 ж.
ЖОБА
Мәслихаттың 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 «Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 «Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3877 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 қарашада «Костанайские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидаларында:
1-тараудың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Осы Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі, «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 «Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» қаулысының, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 болып тіркелген), Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 «Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10403 болып тіркелген), Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 34 «Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10583 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын және алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелген) негізінде әзірленген және Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу тәртібін анықтайды.»;
7-тармақтың 3-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) қалалардың (аудандардың) жергілікті атқарушы органдары жылыту маусымына дайындалудың бірыңғай жоспарларын "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жинақ үшін ұсынады.»;
14-тармақ алынып тасталсын;
15-тармақтың жетінші, сегізінші абзацтары жаңа редакцияда жазылсын:
«Жылу желілерінің күзет аймағы темір және автокөлік жолдары бөлігінің сызығымен, құбырлардың, байланыс желілерінің, телекоммуникациялардың, кабельдердің және басқа объектілердің күзет аймақтарымен сәйкес келген кезде, аумақтың учаскелерімен сәйкес келетін осы объектілерді пайдаланумен байланысты жұмыстарды жүргізу мүдделі ұйымдардың арасындағы келісім бойынша жүзеге асырылады.
Жылу желілерінің күзет аймақтарының жанында желілердің зақымдалуын тудыратын жұмыстарды жүргізетін жеке және заңды тұлғалар жұмыстардың басталуына дейін күнтізбелік 12 күннен кем емес мерзімде, қарауында жылу желілері бар ұйымдармен электр желілерінің сақталуын қамтамасыз ететін осы жұмыстарды жүргізудің талаптары және тәртібін келіседі және өз қаражаты есебінен тиісті шараларды қабылдайды.»
16-тармақ алынып тасталсын;
17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«17. Жылу желілерінде аварияларды болдырмау немесе олардың салдарын жою жөніндегі жұмыстар және жөндеу мен қалпына келтіру жөніндегі жоспарлы жұмыстар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 231 «Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11011 болып тіркелген).»;
20-тармақ алынып тасталсын;
23-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«23. Күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормасы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 34 «Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10583 болып тіркелген) сәйкес анықталады.
24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«24. Жылуды тұтыну жүйелерінің жай-күйіне және қызмет көрсетуіне тұтынушылар мен энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымдар арасындағы жауапкершілік шекарасы олардың теңгерімдік тиесілігінде немесе тараптардың келісімі бойынша анықталады.»;
25-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«25. Жылу желілеріне нақты қосылу тұтынушының аталған жұмыс (қосылу бойынша) ақысын Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы заңнамаға сәйкес төлегеннен кейін, жазбаша өтініші бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жүзеге асырады.
Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның жылу желілеріне қосылғанына дейін тұтынушы мына әрекеттерді жүзеге асырады:
1) жылу торабын салған соң, есепке алу құралдары мен жылумен жабдықтаудың ішкі жүйесін монтаждаған соң энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымының өкілін ары қарай акт ресімдеу үшін қайта жөнделген жабдықты жуу және тығыздау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қабылдауға шақырады;
2) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның өкілдерімен бірге теңгерімдік тиесілік пен пайдалану жауапкершілігінің шекараларын бөлу актілерін ресімдейді;
3) паспортты ресімдеп, дроссель құрылғыларының (шүмек, тығын) өлшемін алады. Дроссель құрылғыларын дайындау нормативтік-техникалық құжаттамаға және алынған есептерге сәйкес жүргізіледі. Дроссель құрылғыларын орнату кезінде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымының өкілін пломбалау үшін шақырады;
4) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға алдағы жылыту маусымдарына жылу тұтынатын құрылғылардың және жылу желілерінің техникалық дайындығына акті алу үшін жуу, сығымдау және жөндеу актілерін ұсынады.
Пайдалануға берілгенге дейін жылу тұтынатын қондырғылар қабылдап алу-тапсыру (техникалық, техникалық дайындық актісімен қарастырылған) сынақтарынан өтеді.
Жылумен жабдықтау шартын жасасқан соң, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға жылумен жабдықтау жүйесіне қосуға өтінім беріледі.
Қосу энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның өкілі мен тұтынушының қатысуымен, қосуға ресімделген актіні ары қарай энергиямен жабдықтаушы ұйымға бір жұмыс күні мерзімінде тапсыру арқылы жүргізіледі.»;
27 және 31-тармақ алынып тасталсын;
32- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«32. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергиясы саласындағы заңнамасына сәйкес сапалы жылу энергиясымен жабдықтау техникалық мүмкін емес жағдайда тұтынушыларды жылумен жабдықтау жүйелеріне қосу жүргізілмейді.»;
40 -тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Г. Ахметова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов
КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ М. Мадияров
2015 жылғы « »______________
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________________ Т. Кәкімов
2015 жылғы « »______________
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетiнiң Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментi» мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________ Н. Қуатов
2015 жылғы « »______________
«Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________Қ. Қамбаров
2015 жылғы « » _______________