«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

                                                                                                «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
 
 
         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Жарлығымен бекітілген Мәслихаттың үлгі регламентінің 65-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы                          Г.Ахметова

        

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы           С. Ещанов

 
   
 

Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы«   »____

№ ___ шешімімен бекітілген

«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің ережесі
 
  1. Жалпы ережелер
 
1. «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіҚостанай облыстық мәслихатын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
       2. «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіөз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының  заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
         4. «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
         6. «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық мәслихат хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
         8. «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, № 66-үй.
       10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
       12. «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 
  1. «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
    құқықтары мен міндеттері
 
         14. Миссиясы: Қостанай облыстық мәслихатының (бұдан әрі - мәслихат), оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету.
         15.Міндеттері: мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, депутаттарға олардың өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсету.
16. Функциялары:
  1. мәслихаттың регламентіне сәйкес мәслихат сессияларын, тұрақты комиссиялардың және өзге де мәслихат органдарының отырыстарын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;
  2. сессия шешімдерінің жобаларын және мәслихат хатшысының өкімдерін әзірлеуді ұйымдастырады;
  3. мәслихаттың нормативтік құққықтық шешімдерін әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге ұсынуды қамтамасы етеді;
  4. мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімдерінің құқықтық мониторингін жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;  
5) мәслихат актілерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын ұйымдастырады, мәслихат интернет-ресурсының жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
6) мәслихат депутаттарына олардың өкілеттігін жүзеге асыруда көмек көрсетеді;
7) мәслихат хатшысының тапсырмасы бойынша мәслихаттың шешімдерін орындауды бақылау бойынша жұмысты ұйымдастырады;
8) сессия төрағасына, мәслихат хатшысына, тұрақты комиссияларға және депутаттарға ақпараттық-анықтамалық материалдарды әзірлеуді қамтамасыз етеді;
9) мәслихаттың мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, аумақтық сайлау комиссияларымен, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарымен өзара іс-қимыл жасау бойынша жұмысын ұйымдастырады;
10) құжаттарды рәсімдеуді және уақытылы мұрағатқа өткізуді қамтамасыз етеді;
11) азаматтарды қабылдау және өтініштерді қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастырады;
12)мәслихат депутаттарының оқуын қамтамасыз етеді;
13) мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлаудан өтуін қамтамасыз етеді;
14) Аумақтық сайлау комиссияларымен, қоғамдық ұйымдармен, облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың және әкімдіктердің сайлау мәселелері бойынша аппараттарымен жедел байланысты жүзеге асырады;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу, шарттар жасау және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру;
2) мәслихат құзыретінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан өз құзыреті шегінде қажетті ақпараты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
3) мәслихат аппаратының жүргізуіне қатысты мәселелер бойынша қызметтік хат жазысу;
         4) мәслихаттың және оның органдарының отырыстарына қатысу;
5) мәслихат хатшысының, мәслихат аппараты басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың қызметшілерін, жергілікті бюджеттен және коммуналдық кәсіпорындардан қаржыландырылатын өзге де мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін сессияларда және мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарау үшін мәселелерді дайындауға, сондай-ақ мәслихаттың құзыретіне қатысты проблемалық мәселелерді зерделеуге және шешуге тарту;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.


      
  1. «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
         18. «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы –мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады.
         19. Мәслихаттың хатшысы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшiлiк дауысымен сайланады және қызметінен босатылады.
         20. Мәслихат хатшысының орынбасарлары болмайды.
         21. Мәслихат хатшысының өкілеттігі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленеді.
         Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
         22. «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекеменің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мәслихаттың аппарат басшысы басқарады.
         23. Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекеменің мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.


 
  1. «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекеменің мүлкі
         24. «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
         «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
         25. «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
         26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  1. Мемлекеттік органды қайта
    ұйымдастыру және тарату
         27. «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Расписание дв.-я поездов

1

Расписание дв.-я самолетов

2

Электронный акимат

3

  • akorda-kz
  • kostanay-kz
  • egov-kz
  • parlam-kz
  • government-kz
  • ekst-kz
  • sim-kz
  • tobol
  • grin
  • kstwomen-kz
  • kstakimat-kz
  • poslanie-kz
Разработка сайта - www.yoline.kz .