Азаматтық қызметшiлер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiле

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай облыстық мәслихатының
№       шешімі
 
Қостанай қаласы                                                             2016 жылғы   қаңтар
 
Азаматтық қызметшiлер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiлеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексiнiң 139-бабы 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық бюджет қаражаты есебiнен азаматтық қызметшiлер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленсін.
2. Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 422 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы» шешiмiнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5850 болып тiркелген, 2015 жылғы 12 қыркүйекте «Костанайские новости» газетiнде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
Сессия төрағасы                                                      
                                        
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы                                                            С. Ещанов                                    
КЕЛІСІЛДІ
«Қостанай облысы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ Е. Спанов
2016 жылғы «___ » _________

Расписание дв.-я поездов

1

Расписание дв.-я самолетов

2

Электронный акимат

3

  • akorda-kz
  • kostanay-kz
  • egov-kz
  • parlam-kz
  • government-kz
  • ekst-kz
  • sim-kz
  • tobol
  • grin
  • kstwomen-kz
  • kstakimat-kz
  • poslanie-kz
Разработка сайта - www.yoline.kz .