О внесении дополнений в решение маслихата от 14 марта 2014 года № 258 «О дополнительном предоставлении лекарственных средств отдельным категориям граждан»
ЖОБА
Қостанай облыстық мәслихатының
шешімі №
(бесінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы)
Қостанай қ. 2015 жылғы 5 қаңтар
О внесении дополнений в решение маслихата от 14 марта 2014 года № 258 «О дополнительном предоставлении лекарственных средств отдельным категориям граждан»
|
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағының5) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 14 наурыздағы № 258 «Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«Тобрамицин» препараты, ингаляцияға арналған ерітінді, 300 миллиграмм 5 миллилитр, муковисцидозбен (ауруымен) ауыратын азаматтарға;
«Третиноин» препараты, капсула, 10 миллиграмм, онкологиялық аурумен ауыратын азаматтарға.».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы И. Вечтейн
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов
КЕЛІСІЛДІ:
«Қостанай облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ О. Бекмағамбетов
денсаулық сақтау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ О. Бекмағамбетов
2016 жылғы «____» ____________