Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Лермонтов селосы мен Лермонтов селолық округін қайта атау туралы
ҚАУЛЫ және ШЕШІМ
Қостанай облысы Алтынсарин
ауданының Лермонтов селосы
мен Лермонтов селолық округін
қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Алтынсарин ауданының Лермонтов селосы мен Лермонтов селолық округі халқының пікірін ескере отырып және Алтынсарин ауданының өкілетті және атқарушы органдарының ұсыныстары бойынша Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алтынсарин ауданының Лермонтов селосы Алтынсарин ауданының Ілияс Омаров атындағы селосы болып қайта аталсын.
2. Алтынсарин ауданының Лермонтов селолық округі Алтынсарин ауданының Ілияс Омаров атындағы селолық округі болып қайта аталсын.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі ____________ Н. Садуақасов |
Сессияның төрайымы ____________ Р. Бектұрғанова |
|
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы ____________ С. Есжанов |
«Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Лермонтов селосы мен Лермонтов селолық округін қайта атау туралы» Қостанай облысы әкімдігінің және Қостанай облыстық мәслихатының 2012 жылғы _____________________ № ______ қаулысы мен шешіміне келісу парағы
Әкімдік мүшелері:
_______________ В. Мейстер
_______________ С. Бектұрғанов
_______________ М. Дәрібаев
_______________ Б. Жақыпов
_______________ А. Әбенов
_______________ Г. Кисленкова
«Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (ММ) мемлекеттік - құқықтық бөлімінің меңгерушісі _______________ А. Черменинов |
«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары _______________ А. Ташпанов |
|
«Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы _______________ Г. Әбішева |
«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ инспекторы (аудармашы) _______________ Л. Әмірханова |