Қостанай қаласының көшелері атауларын қайта атау туралы
БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ
Қостанай қаласының көшелері атауларын қайта атау туралы
|
|
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11- бабының 4-1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай қаласының Герцен көшесі Қобыланды батыр даңғылы деп қайта аталсын.
- 2. Қостанай қаласының Таран көшесі Тәуелсіздік көшесі деп қайта аталсын.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі
|
|
А. Мұхамбетов |
Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы
|
М. Ахметов |
|
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы |
С. Ещанов
|
Әкімдік мүшелері:
__________________ Ғ. Нұрмұхамбетов
__________________ Р. Кемалова
__________________ М. Жүндібаев
__________________ С. Карплюк
___________________ Е. Спанов
«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің (ММ) басшысы ____________________Г. Тлеоф |
||
«Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы ___________________Б. Әбішев |
«Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы _________________Т. Қанапин |