Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы /19 тамыз 2011 жыл/
-
Мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 357 «Қостанай облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы /№407 ШЕШІМ/
-
№407 ШЕШІМ
Мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 357 «Қостанай облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 106-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 357 «Қостанай облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3744 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 11 қаңтарда «Қостанай таңы» және «Костанайские новости» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
- көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай облысының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 85585556,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 5252380,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 171902,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 80161274,0 мың теңге;
2) шығындар – 86249309,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 1123130,8 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 1631569,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 508438,2,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 295984,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 295984,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы – -2082868,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 2082868,4 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 7-1-тармағының 8-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге 2616073,0 мың теңге сомасында;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы,
Қостанай облыстық
мәслихаты хатшысының
міндетін атқарушы И. Аронова
КЕЛІСІЛДІ«Қостанай облысы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________________ Г. Кисленкова
2011 жылғы « » маусым
-
-
Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы /№ 408 ШЕШІМ/
- № 408 ШЕШІМ
Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Облыс әкімі ұсынған ведомстволық сипаттағы мәселелер бойынша консультативті кеңес органы болып табылатын Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамы бекітілсін (қосымша).
2. Осы шешімнің орындалуын және үйлестіру кеңесі дербес құрамының қызметін бақылау Қостанай облыстық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
Қостанай облыстық мәслихаты
- хатшысының міндетін атқарушы И. Аронова
-
«Қостанай облысының үдемелі индустриялық дамуы жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 20 қарашадағы № 238 шешіміне өзгерістер енгізу туралы / № 409 ШЕШІМ/
№ 409 ШЕШІМ
- «Қостанай облысының үдемелі индустриялық дамуы жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 20 қарашадағы № 238 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-тармақшасына және кадрлық өзгерістерге сәйкес Қостанай облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. «Қостанай облысының үдемелі индустриялық дамуы жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 20 қарашадағы № 238 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
кеңес құрамына:
Садуақасов Нұралы Мұстафаұлы, Қостанай облысы әкімінің орынбасары, төрағаның орынбасары;
Балғарин Амантай Кәкімбекұлы, «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (ММ) бастығы, кеңес мүшесі;
Кисленкова Галина Анатольевна, «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бастығы, кеңес мүшесі болып енгізілсін;
А.Ж. Мәдиев, М.А. Щеглова шығарылсын.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы, Қостанай
облыстық мәслихаты хатшысының
міндетін атқарушы И. Аронова