Қостанай облыстық мәслихатының кезекті XVII сессиясы
-
Қостанай облыстық мәслихатының кезекті, XVII сессиясының күн тәртібі туралы /№412 ШЕШІМ/
Қостанай облыстық мәслихатының
- кезекті, XVII сессиясының күн тәртібі туралы
- Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Қостанай облыстық мәслихатының кезекті, XVII сессиясының мынадай күн тәртібі бекітілсін:
-
Жітіқара ауданының ауылдық аумақтарын дамыту туралы.
-
Баяндамашы – Қ.Х. Испергенов,
-
Жітіқара ауданының әкімі.
2. Мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 357 «Қостанай облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- Баяндамашы –Г.А. Кисленкова,
- Қостанай облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.
3. Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы қаулысына өзгерістерді келісу туралы.
- Баяндамашы –Г.А. Кисленкова,
- Қостанай облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.
4. Қостанай облыстық мәслихатының 2009 жылғы 13 ақпандағы № 167 «Қостанай облысы елді мекендері аумағында құрылыс салу қағидасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
-
Баяндамашы – С.У. Омарова,
-
Қостанай облысы әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы.
5. 2010 жылғы 19 ақпандағы № 277 «Қостанай облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
-
- Баяндамашы – Қ.Қ. Жүсіпов,
-
облыстық мәслихат
-
сессиясының төрағасы.
6. Қостанай облыстық мәслихатының кезекті, ХVIІІ сессиясының күн тәртібі және оның төрайымы туралы.
- Баяндамашы – Қ.Қ. Жүсіпов,
-
облыстық мәслихат
- сессиясының төрағасы.
7. Қостанай облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерге келісу туралы.
Баяндамашы – Қ.Қ. Жүсіпов,
-
облыстық мәслихат
- сессиясының төрағасы.
8. Қостанай облысының әкімі С.В. Кулагиннің облыстың 2011 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есебі туралы.
Баяндамашы – С.В. Кулагин,
Қостанай облысының әкімі.
9. Қостанай облыстық мәслихатының грамоталарымен марапаттау туралы.
- Баяндамашы – Қ.Қ. Жүсіпов,
-
облыстық мәслихат
- сессиясының төрағасы.
Сессия төрағасы Қ. Жүсіпов
Қостанай облыстық мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы И. Аронова
-
Жітіқара ауданының ауылдық аумақтарын дамыту туралы /№413 ШЕШІМ/
№413 ШЕШІМ
Жітіқара ауданының ауылдық
аумақтарын дамыту туралы
Жітіқара ауданының әкімі Қ.Х. Испергеновтың есебін тыңдай келіп, облыстық мәслихаттың сессиясы, ауданда ауылдық аумақтарды дамыту жөнінен нысаналы жұмыстың жүргізіліп жатқандығын атап өтеді.
Аудан көлемі 720 409 га құрайды, оның ішінде елді мекендер жері – 63 834 га, ауылшармақсатындағы жер – 481 694 га, соның ішінде 190 926 га - жайылым.
Жітіқара ауданының құрамына 22 елді мекен кіреді, соның ішінде аудандық маңыздағы 1 қала және 3 селолық округі (оларда 10 село), 2 ауыл, 9 село. 12 елді мекеннің немесе 57 %-ның дамуының жоғары әлеуеті бар, 8-нің немесе 38%-ның – орташа әлеуеті бар.
Ауданда 252 шаруашылық жүргізуші субъекті, олардың 27-сі ЖШС, 175 шаруа қожалықтары, 50 жеке кәсіпкер бар.
2004 жылдан бастап ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыруға 2 375,4 млн. теңге бөлінді; игерілгені, соның ішінде республикалық бюджеттен, – 971,3 млн. теңге (бөлінген қаражаттың жалпы сомасының 40,9 %), облыстық – 233,2 млн. теңге (9,8 %), аудандық – 558,0 млн. теңге (23,5 %), басқа көздерден – 612,9 млн. теңге (25,8%).
Игерілген қаражаттың жалпы сомасының 1 510,6 млн. теңгесі немесе 63 %-ы бағдарламаның неғұрлым басымдықты бағыттарына салынды: сумен жабдықтауға, білімге, денсаулық сақтауға, жолдарға.
Сумен жабдықтау. Жітіқара ауданының негізгі су ресурстарын Шортанды, Берсуат, Желқуар, Тобыл өзендері мен барлау жасалған жер асты су қорлары құрайды. Шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждықтар үшін ауыл тұрғындары жер асты көздерінің суын пайдаланады.
Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінен ауыз суды 18 ауылдық елді мекендерінде (ауылдардың жалпы санының 85,7 %-ы) 10228 адам (жалпы санының 85,4 %-ы); сумен жабдықтаудың орталықсыздандырылмаған жүйесінен Чайковское ауылындағы және Львовка селосындағы 1463 адам (12,2 %) тасымалданатын суды – Ырсай селосының 515 тұрғыны пайдаланады.
Ауыл халқын ауыз сумен қажетті мөлшерде және кепілдендірілген сапада орнықты қамтамасыз ету үшін «Ауыз суы» бағдарламасының шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен Мүктікөл, Волгоградское және Тимирязево селолары үшін Волгоград топтық су құбыры тартылған. Бұл селоларда селоішілік таратқыш су құбырлары желілерін қайта жаңғыртуға қаражат іздестіру жөнінен жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Селоішілік су құбыры желілерінің ұзақтығы 147,8 км құрайды, оның ішінде қолданыстағысы – 138 км. Су құбырлары желілерінің 80 %-дан астамы және ауданның АЕМ құрылыстары 25-45 жылдан астам пайдаланылып келеді. АЕМ су құбырлары желілерін балансында ұстаушылардың, техника мен құрал-жабдықтардың жоқтығы инженерлік коммуникациялардағы апаттарды жедел жоюға мүмкіндік бермейді.
Бағдарламаның іске асырыла бастағанынан бері су құбырлары желілерін ұстау мен жөндеуге 806 млн. теңге салынды, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен – 749,4 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 12,2 млн. теңге және басқа көздерден – 44,8 млн. теңге.
Желқуар су құбырын 523,8 млн. теңге сомасына қайта жаңғырту жүргізілді, 225,6 млн. теңге көлемінде Волгоград топтық су құбыры іске қосылды, облыстық бюджет есебінен 12,2 млн.теңге көлемінде Желқуар гидроторабының электрмен жабдықталуы қайта жаңғыртылды.
Сумен жабдықтау нысандарын күрделі жөндеуді және қайта жаңғыртуды аудан бюджеті есебінен қаржыландыру жүргізілген жоқ.
Ауыл жолдары. Автомобиль жолдарын ұстауға 144,841 млн. теңге (салынған қаражаттың жалпы сомасының 17,7%) салынды, оның ішінде аудандық бюджет есебінен – 133,290 млн. теңге, тартылған қаражат - 11,551 млн. теңге.
Аудандық бюджет қаражаты есебінен (Дзержинское с. кіреберіс» автожолын күрделі жөндеу, «Забеловка с. кіреберіс» автомобиль жолының 9 км, «Тоқтаров с. кіреберіс» автомобиль жолының 7 км орташа жөндеу, Аққарға с. ішкі кенттік жолдарын ағымдағы жөндеу және ұстау жүзеге асырылды.
Облыстық бюджет қаражаты есебінен жергілікті маңызы бар «Жітіқара-Чайковское» автожолының 5 км орташа жөндеу, жергілікті маңызы бар «Жітіқара-Қамысты-Ливановка» автожолының 56,8 км орташа және ағымдағы жөндеу («Жол картасы» шеңберінде республикалық және облыстық бюджеттер есебінен) жүргізілді.
Білім беру. Бағдарламаның іске асырылуының барлық кезеңі ішінде білімді дамытуға 326,9 млн. теңге немесе бөлінген қаражаттың 13,8 %-ы бағытталған болатын. 2008-2010 жылдары 231,4 млн. теңге жұмсалды, соның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен – 37,501 млн. теңге, облыстық бюджеттен - 16,901 млн. теңге, аудандық бюджеттен - 61,047 млн. теңге, кәсіпорындардың, ұйымдардың және жеке тұлғалардың қаражаты есебінен жалпы сомасы 115,974 млн. теңгеге мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту және ағымдағы жөндеу жүзеге асырылды.
2008-2010 жылдары 31,2 млн.теңге сомасына Тоқтаров орта мектебіне, Милютин орта мектебіне – 26,8 млн. теңгеге, Степное орта мектебіне - 21,6 млн.теңгеге, Красноармейск орта мектебіне - 14,2 млн.теңгеге, Тимирязевское орта мектебіне - 7,8 млн.теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді.
Мектептердің жыл сайынғы ағымдағы жөндеуіне бұл жылдардың ішінде
198,7 млн. теңге жұмсалды, оның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілерінікі - 165,3 млн. теңге.
Барлық 18 жалпы білім беретін мектептер телефондандырылған, компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген және Интернет желілеріне қосыла алады. Кең жолақты интернетке 4 селолық мектеп қосылған. Орташа алғанда 1 компьютерге 2004 жылғы 20,5-ке қарағанда 4,9 оқушыдан келеді.
Үлгілі ғимараттарда 17 мектеп орналасқан (94,4 %), Тургеновка селосындағы ауыл мектебі лайықтандырылған жайда орналасқан. Хазрет, Тасыбай, Қондыбай, Максимовка селоларында мектеп жасындағы балалардың жоқтығы себепті мектептер жоқ.
Селолық жерлерде 2 маусымдық балалар бақшасы жұмыс істейді – Степное және Милютинка селоларында, мектептер жанынан 18 шағын-орталық және мектепалды дайындықтың 20 сыныбы ашылған. Мектепке дейінгі тәрбиемен селода балалардың 100 %-ы қамтылған.
Жылумен жабдықтау екі мектепте газбен жылытумен жүзеге асырылады, қалған 16-сында қатты отын пайдаланылады.
2008-2010 жылдар ішінде жалпылама оқыту қоры 1,5 есеге ұлғайды. Ағымдағы жылы 2,2 млн. теңге жоспарланған, ол қаражат ыстық тамақты, жазғы демалысты ұйымдастыруға, аз қамтылған отбасыларынан шыққан және жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға киім мен аяқ киім сатып алуға жіберілді. Мектеп оқушыларының ыстық тамағы 18 ауылдық мектептердің барлығында ұйымдастырылған.
Таңдаулыларының қатарында – Аққарға, Большевик, Милютин, Тимирязев және Шевченков орта мектептері.
Денсаулық сақтау. Ауданда денсаулық сақтаудың 19 нысаны бар, олардың барлығы да телефондандырылған және 73,7% -ы автокөлікпен жарақтандырылған.
Денсаулық сақтау саласын жетілдіруге және бастапқы медициналық-санитарлық көмекті жақсартуға 2004-2010 жылдары 147,2 млн. теңге бөлінді және игерілді, соның ішінде республикалық бюджет есебінен – 45,1 млн. теңге, облыстық – 77,6 млн. теңге және басқа көздерден – 24,5 млн. теңге.
18 елді мекендерде 19 медициналық мекеме жұмыс істейді, соның ішінде 4 фельшерлік-акушерлік пункті (ФАП) және 15 медициналық пункті (МП). Тасыбай, Қондыбай және Максимовка селоларында денсаулық сақтау нысандары жоқ.
Лайықтандырылған үлгідегі жайларда 15 медмекеме (79 %), үлгілі ғимараттарда – 4-уі (21 %) орналасқан. Денсаулық сақтау нысандарының барлығы телефондандырылған, бірақ компьютендірілмеген. Фельшерлік-акушерлік пункттерінің санитарлық көлікпен қамтамасыз етілуі 100%, медициналық пункттерінікі – 67 %-ды құрайды.
Бағдарламаның іске асырылған кезеңінде барлық денсаулық сақтау мекемелерінде жөндеу жүргізілген.
Республикалық және облыстық бюджеттердің 63,7 млн. теңге сомасындағы қаражаты ОАА емханасының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталды.
Мәдениет. Спорт. Мәдениет және спорт нысандарының тиімді жұмысы және дамуы үшін 2008 жылдан бастап 47,570 млн. теңге игерілді, соның ішінде аудандық бюджет қаражаты есебінен – 0,015 млн. теңге, басқа көздерден - 47,555 млн. теңге.
Милютинка с. стадион және Забеловка с. спорттық ядро қайта жаңғыртылды - 3,197 млн. теңге; мәдениет нысандарын және спорт ғимараттарын ағымдағы жөндеуге 10,207 млн. теңге жіберілді, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларын өткізуге - 31,389 млн. теңге, спортжабдықтарын сатып алуға – 1,916 теңге және кітап қорын мерзімдік басылымдармен толтыруға – 0,846 млн. теңге.
Аудан ауылдарында мәдениетті дамытуға 2004-2010 жылдар ішінде 81,5 млн. теңге бағытталды, соның ішінде аудандық бюджет қаражаты есебінен және басқа көздерден – 61,7 млн. теңге.
Селолық елді мекендеріндегі мәдениет ұйымдарының желісі 4 кітапханадан (2-уі ЖШС жанында), 8 клубтан (6-уы ЖШС жанында) тұрады. Бағдарламаның іске асырылған уақыты ішінде 2 кітапхана және 2 клуб ашылды, Чайковское и Пригородное селоларында.
Селолық елді мекендерде мектептердің жанындағы 18 спорт залдары, 17 спорттық ядролары, 1 жүзу бассейні («Арман Плюс» ЖШС), 19 жазықтықты алаңдар (волейбол және баскетбол алаңдары) жұмыс істеп тұр.
Бағдарламаның іске асырылған жылдары ішінде денешынықтыру мен спортты дамытуға барлығы 23,7 млн. теңге бағытталды, соның ішінде облыстық бюджет есебінен – 328 мың теңге, аудандық– 2,0 млн. теңге және басқа көздерден – 21,4 млн. теңге.
Әлеуметтік қорғау. Жұмыспен қамту.
Өңірлік бағдарламаны іске асыру барысында 403,4 млн. теңге игерілді. Соның ішінде республикалық бюджет есебінен – 42,1 млн. теңге, облыстық – 0,2 млн. теңге, аудандық бюджеттен – 300,9 млн. теңге және басқа көздерден – 60,2 млн. теңге.
Аз қамтылған отбасыларының, мемлекеттік атаулы көмек алушылардың саны 47-ге немесе 55,3%-ға және бірде бір жұмыс істеушісі жоқ отбасыларының саны – 7-ге немесе 55%-ға азайды.
Аз қамтылған азаматтар 3 жыл ішінде 8,6 млн. теңге мемлекеттік атаулы көмек, 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақылар – 34,6 млн. теңге алды және бір реттік пен қайырымдылық көмеке 8,9 млн. теңге бөлінді.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау жөнінен жұмыс жүргізілуде, соның ішінде «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық ұйымымен бірлескен іс-қимыл арқылы. Селода тұратын мүгедектердің саны 270 адамды құрайды, олардың 28-і балалар.
Телефондандыруды дамытуға «Қазақтелеком» АҚ қаражатынан 2004-2010 жылдары 73,2 млн. теңге жіберілді. 20 елді мекен (95,2%) телефондандырылды.
16 АТС, оның ішінде 8 аналогтық және 8 сандық, пайдаланылуда. Ырсай селосында телефонды ұжымдық пайдаланатын пункт орнатылды, 46 абонент радиобайланысын пайдаланады.
Телефон нөмірлерінің саны 7 жыл ішінде 368 бірлікке (119 %) көбейді.
Экологиялық қауіпсіздік.
Жітіқара ауданының экологиялық ахуалын өңірдің табиғи-климаттық жағдайының ерекшеліктері айқындайды. Ауданда ауа бассейнінің ластануының негізгі көздері «Қостанай минералдары» АҚ, «Жітіқаракоммунэнерго» МКК және автокөлік болып табылады.
Экологиялық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етуге 53,695 млн. теңге жұмсалды, соның ішінде республикалық бюджет есебінен 19,368 млн. теңге және облыстық бюджеттен 1,431 млн. теңге; «Жол картасының» шеңберінде қаражат 15 АЕМ-ды абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталды. Басқа көздерден 32,897 млн. теңгеге мал өлекселері қорымдары орындарын санитарлық тазарту мен ұстау, қатты-тұрмыстық қалдықтар орындарын санитарлық нормаларға сәйкес келтіру, АЕМ-ды абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі іс-шаралары жүргізілді.
Тұтастай алғанда ауданның экологиялық ахуалы салыстырмалы түрде тұрақты қалпында қалуда; орташа радиациялық фоны 11,5 мкр/сағ құрайды және шекті жол берілетін концентрациядан аспайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілері ауылдық елді мекендер аумақтарын абаттандыруға 55,5 млн. теңге бөлді. ҚТҚ полигондары санитарлық нормаларға сәйкес келтірілді, рұқсат берілмеген қоқыс төгу орындары жойылды, әбден ескірген ғимараттар бұзылып алынды және шахталық құдықтар талапқа сай санитарлық-техникалық күйге келтірілді.
Желқуар және Шортанды өзендері алаптарын ластайтын негізгі көздер Жітіқара қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындары болып табылады, бұл жер асты суларының сапасына теріс әсер етеді. Ластанудың ықтималды көздері минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтер қолданылатын ауылшаркәсіпорындары, сол сияқты өзендердің жағалауына таман орналасқан елді мекендер болып табылады.
Газдандыру.
2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ауданда небарлығы 2 село газдандырылған – Забеловка мен Тоқтаров (9,5%).
Ауыл халқы газ баллондарындағы сұйытылған газды пайдаланады. Оны тасымалдауды «Сұйытылған газ базасы» АҚ Жітіқара газ учаскесі жүзеге асырады. Аққарға, Волгоградское, Степное селоларында баллондарды ауыстыратын орталықтандырылған пункттер бар.
Экономикалық қызмет саласын кеңейту.
Жітіқара ауданының ауылдық аумақтарын дамыту бағдарламасына сәйкес 2008-2010 жылдар ішінде экономикалық қызмет саласын кеңейтуге басқа көздер есебінен 1,380 млн.теңге бағытталды.
Бұл уақыт ішінде 194 ш. м. алаңымен 6 дүкен ашылды, 9 тұрақты жұмыс орны құрылды.
Ауданда кәсіпкерліктің 81 нысаны жұмыс істеп тұр, олардың ішінде 57 сауда, 12 – қызмет көрсету саласы және 12 – қоғамдық тамақтандыру.
Үш жыл ішінде кәсіпкерлерге және ауылдық елді мекендер тұрғындарына «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ Қостанай филиалы арқылы жалпы сомасы 7,040 млн. теңге 21 шағын кредит берілді.
Ақшалай қаражат селода қосалқы шаруашылығын және кәсіпкерлікті дамытуға берілді.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2008-2010 жылдардағы кезең ішінде АЕМ-ге 3,599 млн. теңге бөлінді, соның ішінде облыстық бюджеттің 2,232 млн. теңгесі Тимирязево және Тургеновка селоларындағы полицияның учаскелік пункттерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға (автомобильдер сатып алуға), аудандық бюджет қаражаты есебінен 1,230 млн.теңге – 11 селоның ПУП-ін компьютерлік техникамен жарақтандыруға және басқа көздерден 0,137 млн. теңге – 5 селодағы ПУП-ті ағымдағы жөндеуге бағытталды.
3 селолық округтің, 9 селоның және 2 ауылдың аумағында 13 полицияның учаскелік пункттері (ПУП) жұмыс істеуде, оларда 11 учаскелік инспекторлар өз қызметтерін атқаруда.
Бағдарламаның іске асырылған 7 жылы ішінде 14,6 млн. теңге игерілді, соның ішінде облыстық бюджет есебінен - 11,9 млн. теңге, аудандық – 1,2 млн. теңге және басқа көздерден – 1,5 млн. теңге. Қаражат автокөлік, компьютерлер сатып алуға пайдаланылды, ПУП-тың материалдық-техникалық базасын нығайтуға және ағымдағы жөндеуге бағытталды.
Полицияның учаскелік пункттері 11 қызметтік автомашиналармен жарақтанған, барлық учаскелік инспекторлар тұрғын үймен қамтамасыз етілген.
Ауыл шаруашылығы.
Ауданда 477,3 мың га ауылшаруашылығы жері бар, соның ішінде егістік – 482,3 мың га.
Соңғы үш жылда орташа өнімділігі 6 ц/га-дан келіп 456,2 мың тонна астық алынды.
Ауылшартауарөндірушілерін қолдау үшін мемлекет жыл сайын элиталық тұқым және тыңайтқыштар құнын арзандатуға қаражат бөледі.
2010 жылы ауданның ауылшартауарөндірушілері нарықтық құнымен сатып алынған 1305,5 тонна элиталық тұқымды арзандатуға 25 млн.180,2 мың теңге сомасына субсидия алды. Дәнді дақылдардың өнімділігі мен сапасын көтеру үшін 3020 тонна минералдық тыңайтқыштар мен микротыйайтқыштар сатып алуға 54941,8 мың теңге бөлінді.
Өңірдің мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі өндірушілері халықтың жеке шаруашылықтары болып табылады - 95 %, ауылшаруашылығы кәсіпорындары - 3,5 %, шаруа (фермерлік) қожалықтары – 0,8 %. 2008 жылмен салыстырғанда 2010 жылы ауылшаруашылығының малы мен құсының барлық түрлерінің өсіміне қол жеткізілді: сиырлар - 2,6%-ға, қой мен ешкі – 1,7 %-ға, шошқа – 1,0 %-ға, құс – 5,0 %-ға.
Меншіктің барлық нысандарындағы шаруашылықтар 2010 жылы тірілей салмақта 9,6 мың тонна ет өндірді, сүт – 28,9 мың тонна, жұмыртқа – 11,7 млн. дана. 2008 жылға қарағанда сүт өндірісінің 1,8%-ға, жұмыртқаның - 4,6 %-ға өсімі болды; ет өндірісі 5 %-ға төмендеп кетті.
2011 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша ауданда 33571 бас ірі қара (өткен жылдың деңгейіне + 1,4 %) бар, соның ішінде сиырлар - 19569 (+ 2,3%), қой мен ешкі - 15187 (+1,9%), жылқы - 4212 (+2,5%), щошқа - 10986 (+3,2%) және құс – 151304 (+0,5%).
Мал өсірумен «Дала», «Забеловка», «Приречное – Агро», «Степное», «Шаңдыкөл», «Инкар – ЛТД» ЖШС-тері, «Алашбаев», «Дан», «Жүндібаев» ШҚ айналысады.
Ауылшарөнімін қайта өңдеуді 23 кәсіпорын жүзеге асырады, олар ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 105 тонна ет, 20 тонна шұжық өнімдерін, 54 тонна өңделген сұйық сүт, 1 тонна сыр мен ірімшік, 23 тонна ашытылған сүт өнімдерін, 13 160 тонна ұн, 122 тонна нан өндірді.
Ауылшаруашылығы өнімдерінің биылғы жылғы ағымдағы кезең ішіндегі өндіріс көлемі 496,2 млн. теңгеге жетті, бұл 2010 жылғы кезеңдегі деңгейден 47,9%-ға артық. Нақты көлем индексі 109,7%-ды құрады.
Ауданның АШТӨ-і «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-ның жалпы сомасы 339 млн. теңге жеңілдікті кредиттерін пайдаланды.
3,5 жыл ішінде трактор паркі ауданда 65 бірлікке, комбайндар – 71 бірлікке жаңартылды; 17 кең алымды егіс кешендері сатып алынды.
Ауданда жарғылық капиталы 75,0 млн. теңге «Жәрдем» кредиттік серіктестігі жұмыс істеуде, ол 2010 жылы 41,8 млн. теңге сомасында кредит берді; пайыздық мөлшерлемесі жылдық 9%-ды құрады.
Сонымен қатар ауданда халықтың бірқатар қоныс аударулары байқалады, соның салдарынан өткен жеті жылда оқу орындары бір бірлікке және оқушылардың саны 2856-дан 1500 адамға дейін қысқарды.
Медициналық персоналдың саны да қысқарды: қазіргі таңда ауданда 28 орта буынды медицина қызметкері (2004 жылы 6 дәрігер және 29 адам орта медперсонал жұмыс істеген). Селода емдеу-профилактикалық ұйымдарын кадрлармен толықтыру 95 %-ды құрайды. Жалтыркөл селосының медициналық пункті медқызметкермен толықтырылмаған.
Халықтың мәдени демалысын дамыту проблема күйінде қалып отыр. Мәдениет нысандары 13 селолық елді мекенде жоқ. АЕМ-нің клубтармен қамтылуы 38 %, кітапханалармен – 19 %.
Халықтың жұмысқа орналасуында да проблемалар бар; жұмыссыздардың төменгі біліктілігі және кепілдік мүліктің жоқтығы салдарынан жеке ауланы дамыту үшін шағын кредиттер алу мүмкін емес; аудан кәсіпкерлерінің «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасындағы белсенділігі төмен; ауданда Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі инвестициялық жобалары іске асырылмайды.
Ауданда негізгі проблемаларға жер пайдалануды тиімсіз пайдалану да жатады, соның ішінде қатты қалдықтарды пайдаға жарату және жердің құнарлылығын қалпына келтіру. Ауданның селолық елді мекендері аумақтарында үнемі ұйымдастырылмаған қоқыс төгетін орындар пайда болады. Қатты тұрмыстық қалдық қайта өңделмейді, қолайсыз санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың және тұтанып, өртенудің, жердің, ауаның және жер асты суларының ластануы көздерінің себептері болып табылады. ҚТҚ-ның 16 полигонының қолданыстағы заңнама талаптарына тек 6-уы ғана сәйкес келеді, 8-де жобалық-сметалық құжаттамасы, 6-да жер пайдалану құқығына мемлекеттік актілері бар.
Ауылшаруашылығы малының негізгі басы жеке аулаларда ұсталуда, асыл тұқымды мал шаруашылығы дамытылмауда, малды ұстау мен азықтандыру, өнім өндіру мен қайта өңдеу технологиялары қарапайым қалпында қалуда; мал шаруашылығындағы үдерістердің механикаландыру және автоматтандыру деңгейі төмен.
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
-
Жітіқара ауданы атқарушы органдарының ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі нысаналы жұмысы атап өтілсін.
-
Аудандық әкімдікке халықты газбен жабдықтау, сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мәселелерін ілгері жылжыту үшін шаралар қабылдау; денсаулық сақтау мамандарын селода тұрақтандыруға назар аудару ұсынылсын.
-
Елді мекендерді және олардың маңындағы аумақтарды санитарлық тазарту және көгалдандыру мәселелеріне назар күшейтілсін. Елді мекендер аумақтарының ластану, ҚТҚ қоқыс орындарының жөнсіз пайда болуының фактілеріне жол бермеу жөнінен шаралар қабылдансын.
-
Аудан әкімі шаруашылық жүргізуші субъектілерінің міндетті түрде қатысуымен білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт нысандарын және басқа да әлеуметтік нысандарын қаржыландыруды ұлғайту мүмкіндіктерін қарасын, 2011 жылы бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етсін, соның ішінде әлеуметтік төлемдер толық қамтамасыздандырыла отырып, республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттер бойынша; бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына жол бермесін. Аудан кәсіпкерлерін «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға тарту жөніндегі жұмысты күшейтсін. Табыстары кедейшілік шегінен төмен село тұрғындарына жеке қосалқы шаруашылықты дамытуларына жәрдемдесу жөнінен қажетті шаралар қабылдасын; село мектептеріндегі аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға айрықша назар аударсын.
-
Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауылдық аумақтарды дамыту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларына жүктелсін.
-
Осы шешім қол қойылған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Қ. Жүсіпов
Қостанай облыстық мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы И. Аронова
-
-
Мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 357 «Қостанай облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы /№414 ШЕШІМ/
№414 ШЕШІМ
Мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 357 «Қостанай облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабының 4- тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 357 «Қостанай облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3744 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 11 қаңтарда «Қостанай таңы» және «Костанайские новости» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
- көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай облысының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 85804906,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 5258080,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 367423,9 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсімдер бойынша – 850,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 80178553,0 мың теңге;
2) шығындар – 86468660,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 1123130,8 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 1631569,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 508438,2 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 295984,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 295984,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы – -2082868,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 2082868,4 мың теңге.»;
5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Қостанай облысының 2011 жылға арналған жергілікті атқарушы органының резерві 4600,0 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешім мына мазмұндағы 7-17-тармақпен толықтырылсын:
«7-17. 2011 жылға арналған облыстық бюджетте мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне мемлекеттік органдар функцияларын беруге байланысты облыстық бюджет ысыраптарын өтеуге төмен тұрған бюджеттерінен трансферттерді бөлу арқылы аудандық (қалалық) бюджеттерінен 17279,0 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер сомаларының түсімі жаңадан құрылған «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесін ұстауға қарастырылғаны есепке алынсын.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Қ. Жүсіпов
Қостанай облыстық мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы И. Аронова
Мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 357 шешіміне 1-қосымша
-
Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгерісті келісу туралы /№ 415 ШЕШІМ/
№ 415 ШЕШІМ
Қостанай облысы әкімдігінің
2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45
- қаулысына өзгерісті келісу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабы 3-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Облыстық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленетін ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы» әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігі қаулысының жобасымен келісілсін (қосымша).
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
- Сессия төрағасы Қ. Жүсіпов
Қостанай облыстық мәслихаты
- хатшысының міндетін атқарушы И. Аронова
-
Мәслихаттың 2009 жылғы 13 ақпандағы № 167 «Қостанай облысы елді мекендері аумағында құрылыс салу қағидасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы /№ 416 ШЕШІМ/
№ 416 ШЕШІМ
Мәслихаттың 2009 жылғы 13 ақпандағы
- № 167 «Қостанай облысы елді мекендері
- аумағында құрылыс салу қағидасын бекіту
туралы» шешімінің күші жойылды деп тану
туралы«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысы елді мекендері аумағында құрылыс салу қағидасын бекіту туралы» 2009 жылғы 13 ақпандағы № 167 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3674 нөмірімен тіркелген, 2009 жылы 7 сәуірде «Костанайские новости» және «Қостанай таңы» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
- Сессия төрағасы Қ. Жүсіпов
Қостанай облыстық мәслихаты
- хатшысының міндетін атқарушы И. Аронова
-
2010 жылғы 19 ақпандағы № 277 «Қостанай облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы /№ 417 ШЕШІМ/
№ 417 ШЕШІМ
2010 жылғы 19 ақпандағы № 277 «Қостанай облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облыстық мәслихаты тексеру комиссиясының таратылуына байланысты Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2010 жылғы 19 ақпандағы № 277 «Қостанай облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қостанай облыстық мәслихаты регламентінің «Облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясы» сегізінші бөлімі алынып тасталсын;
Қостанай облыстық мәслихаты регламентінің 54-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «54. Облыстық мәслихаттың хатшысы депутаттық бірлестіктерге кіре алмайды.»;
Қостанай облыстық мәслихаты регламентінің 59-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «1) мәслихат сессиясының төрағасын, мәслихат хатшысын, тұрақты комиссияның төрағасын немесе мүшесін, мәслихаттың өзге де органдарын сайлауға және сайлануға;»
Қостанай облыстық мәслихаты регламентінің 95-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «95. Облыстық мәслихаттың сессияларында, жылына бір рет, «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп берулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығын орындау мақсатымен, облыс әкімі облыстық мәслихат депутаттарының алдында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп береді. Есептің және оны талқылаудың қорытындысы бойынша облыстық мәслихаттың шешімі қабылданады.».
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
- Сессия төрағасыҚ. Жүсіпов
Қостанай облыстық мәслихаты
- хатшысының міндетін атқарушы И. Аронова
-
Қостанай облыстық мәслихатының кезекті, ХVIІІ сессиясының күн тәртібін бекіту және оның төрайымын сайлау туралы / №418 ШЕШІМ/
№418 ШЕШІМ
Қостанай облыстық мәслихатының кезекті, ХVIІІ сессиясының күн тәртібін бекіту және оның төрайымын сайлау туралы
- Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
-
Қостанай облыстық мәслихатының кезекті, ХVIІІ сессиясының мынадай күн тәртібі бекітілсін:
«Қостанай облысында 2011-2013 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу өңірлік бағдарламасын» іске асыру барысы туралы.
2. Облыстық мәслихаттың кезекті, он сегізінші сессиясының төрайымы болып № 16 Алексеев сайлау округі бойынша депутат Татьяна Николаевна Шерстобитова сайлансын.
Сессия төрағасы Қ. Жүсіпов
Қостанай облыстық мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы И. Аронова