1 Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы /19 тамыз 2011 жыл/
-
Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібі /№ 422 ШЕШIМ/
Қостанай облыстық мәслихатының
шешімі № 422
(төртінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы)
Қостанай қ. 2011 жылғы 19 тамыз
Қостанай облыстық мәслихатының
кезектен тыс сессиясының күн тәртібі
Қостанай облыстық мәслихатыШЕШТІ:
Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясының мынадай күн тәртібі бекітілсін:
-
Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы.
-
Баяндамашы –Л.В. Мацупа,
- Қостанай облыстық мәслихаты аппаратының басшысы.
- Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының Төрағасын сайлау туралы.
-
Баяндамашы –С.М. Төкенов,
-
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы.
- Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау туралы.
-
Баяндамашы –С.М. Төкенов,
- Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы.
-
№21 Жанкелдин сайлау округі бойынша Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Б.Н. Сағадиевтің өкілеттігін тоқтату туралы.
Баяндамашы-Т.Н. Шерстобитова,
-
Қостанай облыстық мәслихаты
-
сессиясының төрайымы.
-
Мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №357 «Қостанай облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
-
Баяндамашы –Г.А. Кисленкова,
-
Қостанай облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.
-
Мәслихаттың 2011 жылғы 12 қаңтардағы № 368 «Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
-
Баяндамашы –Г.А. Кисленкова,
-
Қостанай облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.
-
Мәслихаттың 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 190 «Қостанай облысы әкімдігінің бюджеттік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
-
Баяндамашы –Г.А. Кисленкова,
-
Қостанай облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.
-
Қостанай облысы Федоров ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы.
-
Баяндамашы – Қ.Ж. Сүйіндіков,
-
Қостанай облысы әкімі аппарат
-
басшысының орынбасары.
-
Сессияның төрайымы Т. Шерстобитова
-
Қостанай облыстық
-
мәслихатының хатшысы С. Төкенов
-
-
«Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы /№ 423 ШЕШIМ/
№ 423 ШЕШIМ
«Қостанай облысы бойынша
Тексеру комиссиясы»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі №465-IV Заңына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
«Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Сессия төрайымы Т. Шерстобитова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Төкенов
-
№21 Жанкелдин сайлау округі бойынша Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Б.Н. Сағадиевтің өкілеттігін тоқтату туралы /№ 426 ШЕШIМ/
№ 426 ШЕШIМ
№21 Жанкелдин сайлау округі
бойынша Қостанай облыстық
мәслихатының депутаты
Б.Н. Сағадиевтің өкілеттігін
тоқтату туралыҚостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қостанай облысының Тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалуына байланысты, №21 Жанкелдин сайлау округі бойынша Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Бейбіт Нұғанұлы Сағадиевтің өкілеттігі тоқтатылсын.
Сессия төрайымы Т. Шерстобитова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысыС. Төкенов
-
Мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 357 «Қостанай облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы / № 427 ШЕШIМ/
№ 427 ШЕШIМ
Мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 357 «Қостанай облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабы 2-тармағының 4) тармақшасынасәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың «Қостанай облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 357 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3744 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 11 қаңтарда «Қостанай таңы» және «Костанайские новости» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
- көрсетілген шешімнің 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«1) кірістер – 85826383,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 5258080,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 367423,9 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша – 850,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 80200030,0 мың теңге;
2) шығындар – 86490137,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 1123130,8 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 1631569,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 508438,2 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 295984,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 295984,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы – -2082868,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 2082868,4 мың теңге.»;
көрсетіен шешімнің 7-4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«7-4. 2011 жылға арналған облыстық бюджетте мынадай көлемдерде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер түсімінің қарастырылғаны ескерілсін:
халықаралық маңызы бар іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге 34958,0 мың теңге сомасында;
«Мак» операциясын өткізуге2744,0 мың теңге сомасында;
көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстауға, материалдық-техникалық жарақтандыруға 28192,0 мың теңге сомасында;
Оралмандарды уақытша орналастыру орталығын және Оралмандарды бейімдеу мен біріктіру орталығын ұстауға және материалдық-техникалық жарақтандыруға 2197,0 мың теңге сомасында»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Т. Шерстобитова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Төкенов
КЕЛІСІЛДІ«Қостанай облысы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________________ Г. Кисленкова
2011 жылғы «19» тамыз
-
Мәслихаттың 2011 жылғы 12 қаңтардағы № 368 «Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы /№ 428 ШЕШІМ/
№ 428 ШЕШІМ
Мәслихаттың 2011 жылғы 12 қаңтардағы № 368 «Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2011 жылғы 12 қаңтардағы № 368 «Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасында;
1-бөлім «Бағдарламаның паспорты»:
«Міндеттер» жолында:
сексен алтыншы абзац алынып тасталсын;
«Нысаналы индикаторлар» жолында:
бірінші, екінші, үшінші және отыз алтыншы абзацтар мына редакцияда жазылсын:
«2015 жылы жалпы өңірлік өнім нақты алғанда 2009 жылғы деңгейге қарағанда 35,0% ұлғаяды.
2015 жылы өнеркәсіптің ЖӨӨ-дегі үлесі 31,0%-ға дейін (2009 ж. – 22,1%) ұлғаюы.
2015 жылы өңдеу өнеркәсібінің ЖӨӨ-нің құрылымындағы үлесі 9,3% (2009 ж. – 6,5 %) ұлғаюы.
2015 жылы агроөнеркәсіп кешенінің жалпы қосылған құнының 123,7 % ұлғаюы.»;
«Қаржыландыру көздері және көлемдері» жолы мына редакцияда жазылсын:
«
Қаржыландыру көздері және көлемдері
Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың жеке қаражаты, заем қаражаттары
Қаржыландыру көлемі:
2011жыл - 63177 млн. теңге
2012 жыл - 157350 млн. теңге
2013 жыл - 191676 млн. теңге
2014 жыл - 197548 млн. теңге
2015 жыл - 75523 млн. теңге
Барлығы - 685274 млн. теңге
»;
4-бөлім «Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және нәтижелердің көрсеткіштері»:
1-бағыт: «Өңір экономикасының дамуы»:
1-мақсат: «Өңірдегі өнеркәсіп әлеуетін дамыту»:
кестенің 1 және 2-жолдары мына редакцияда жазылсын:
«
1.
Өнеркәсіптің ЖӨӨ-дегі үлесінің ұлғаюы (2009 – 22,1%)
29,8
28,8
28,9
29,2
29,5
31,0
КӨБ
2.
ЖӨӨ-нің құрылымындағы өңдеу өнеркәсібі үлесінің ұлғаюы (2009 ж. – 6,5 %)
9,3
9,0
9,0
9,0
9,0
9,3
КӨБ
»;
1-міндет мына редакцияда жазылсын:
«
1-міндет. Әртараптандырылуын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін өнеркәсіптің басым секторларын дамыту
р/с №
Оларды шешу жөніндегі міндеттер мен іс-шаралардың атауы
I-кезең
II-кезең
Жауапты орындаушылар
2011
2012
2013
2014
2015
1.
Өткен жылға қарағанда өнеркәсіп өнімінің нақты өсуі НКИ %
102,5
107,5
107,7
108,1
113,6
КӨБ
2.
Өткен жылға қарағанда тау-кен өндіру өнеркәсібі өнімінің және кен шығару орындарын барлау көлемінің нақты өсуі, НКИ %
103,0
108,0
110,0
111,0
115,5
КӨБ
3.
Өткен жылға қарағанда өндеу өнеркәсібі көлемінің нақты өсуі, НКИ %
102,0
107,0
107,2
107,5
112,0
КӨБ
4.
Өнеркәсіп құрылымындағы өндеу өнеркәсібі үлесінің ұлғаюы, %
30,0
30,4
30,8
31,1
31,5
КӨБ
»;
1 және 2-кезеңдерге қол жеткізу жолдары мына редакцияда жазылсын:
«Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өңірлік деңгейде инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу.
Әлеуетті инвесторларды іздестіру мақсатында қаржыландыруды талап ететін облыстың инвестициялық жобаларының тізімін Басқарма сайтына орналастыру.
Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тәртібі, жобалар бойынша шешім қабылдау үшін қажетті құжаттаманы дайындау жөніндегі түсіндіру жұмысы.»;
2-міндет «Өнеркәсіптің инновациялық дамуы»:
1 және 2-кезеңдерге қол жеткізу жолдарында:
екінші абзац мына редакцияда жазылсын:
«9000 және 1400 серияларындағы ИСО халықаралық стандарттарының талаптарына сай кәсіпорындарда сапалы менеджмент жүйесін әзірлеуге жәрдемдесу жөнінен жұмыс жүргізу.»;
4-мақсат «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін әртараптандыруды қамтамасыз ету және ұзақ мерзімді кезеңде бәсекеге қабілеттілігін арттыру»:
1 және 2-кезеңдерге қол жеткізу жолдарында:
бірінші абзац алып тасталсын;
5-мақсат «Химия өнеркәсібін дамыту»:
1 және 2-кезеңдерге қол жеткізу жолдарында:
бірінші абзац алып тасталсын;
6-мақсат «Ішкі нарықтың қажеттілігін жабу және экспорттық қорларды қалыптастыру үшін агроөнеркәсіп кешенінің жеткілікті көлемдерде бәсекеге қабілеттілігінің өсуі»:
кестенің 3, 10-12 жолдары мына редакцияда жазылсын:
«
3.
Агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігі, мың теңге (2010ж.-1100,0)
1158,6
1233,7
1334,9
1452,5
1580,4
АШБ
10.
Ауылшаруашылығы өнімдерінің ЖҮҚ, млн. теңге (2010ж.-139 266,0)
145254
150047
156499
164167
172211
АШБ
11.
Агроөнеркәсіп кешені жалпы қосылған құнының ұлғаюы, 2010 жылға қарағандағы %
104,3
103,3
104,3
104,9
104,9
АШБ
12.
Ауылшаруашылығының жалпы өнімі, млн. теңге (20010 ж. – 213494,7)
225923
240577
260310
283240
308178
АШБ
»;
1-міндет «АӨК өнім өндірісі тұрақты өсуінің негізінде облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету»:
1 және 2-жолдар мына редакцияда жазылсын:
«
1.
Ауылшаруашылығы жалпы өнімі, млн. теңге (2009ж.– 249341)
213494,7
225923
240577
260310
283240
308178
АШБ
2.
Ауылшаруашылығы жалпы өнімінің нақты өсуі, өткен жылға қарағанда НКИ %
81,2
104,3
103,3
104,3
104,9
104,9
АШБ
»;
5-бағыт «Мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару жүйесін дамыту»:
1-мақсат «Қостанай облысының мемлекеттік органдары жұмыстарының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру»:
3-міндет «Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚО) арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылауға тиімді тетіктерді және бақылау әдістерін құру» және 1 және 2-кезеңдерге қол жеткізу жолдары алынып тасталсын;
3-мақсат «Өңірлік деңгейде экономикалық саясатты іске асыруды қамтамасыз ету»:
кестенің 1-жолы мына редакцияда жазылсын:
«
1.
Жыл сайынғы ЖӨӨ нақты өсуі, өткен жылға қарағанда, %
102,0
105,8
107,0
106,7
106,9
108,2
ЭБЖБ, ӨКБ, АШБ
ҚБ, ЖКАЖБ
»;
1-міндет мына редакцияда жазылсын:
«
1-міндет. ЖӨӨ-нің жыл сайынғы нақты өсуін қамтамасыз ету
1.
ЖӨӨ, НКИ нақты өсуі, өткен жылға қарғандағы %
102,0
105,8
107,0
106,7
106,9
108,2
2.
Өндірістік салада ЖӨӨ-нің орташа жылдық нақты өсу қарқыны, өткен жылға қарағандағы %
102,7
103,9
104,6
105,4
104,6
106,4
ЭБЖБ, ӨКБ, АШБ
ҚБ, ЖКАЖБ
»;
2-міндет «Инвестициялық белсенділікті арттыруға көмек көрсету»:
1 және 2-кезеңдерге қол жеткізу жолдарында:
бірінші абзац алынып тасталсын;
5-бөлім «Қажетті ресурстар» мына редакцияда жазылсын:
«
млн.тг.
Бағыттың атауы
2011
2012
2013
2014
2015
Өңірдің экономикасы
24474
110184
144148
144622
9026
Әлеуметтік сала
14521
26196
15440
10277
7234
Инфрақұрылымды кешен
23461
20186
31242
41632
58298
Аумақтық (кеңістітіктік) құрылыс
721
784
846
1017
965
Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі
Барлығы
63177
157350
191676
197548
75523
* Жергілікті бюджет шығыстары 2011-2013 жылдарға және одан кейінгі жылдарға арналған бюджетті бекіту кезінде өзгертілуі мүмкін
».
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Т. Шерстобитова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Төкенов
-
Мәслихаттың 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 190 «Қостанай облысы әкімдігінің бюджеттік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы / № 429 ШЕШІМ/
№ 429 ШЕШІМ
Мәслихаттың 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 190
«Қостанай облысы әкімдігінің бюджеттік
комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Қостанай облысы әкімдігінің бюджеттік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» мәслихаттың 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 190 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Т. Шерстобитова
Қостанай облыстық мәслихатының
хатшысы С. Төкенов
- «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (ММ) ұйымдастыру-құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету
бөлімінің бастығы- ______________________ А. Ахметқали
«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ инспекторы (аудармашы)
- _______________ М. Жүнісбеков
КЕЛІСІЛДІ«Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (ММ) бастығы
- _______________ Г. Кисленкова
«Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ бастығы
- _______________ С. Аймұхамбетова
-
Қостанай облысы Федоров ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы /ҚАУЛЫ мен ШЕШІМ №430/
ҚАУЛЫ мен ШЕШІМ №430
Қостанай облысы Федоров ауданының
әкімшілік-аумақтық құрылысындағы
өзгерістер туралы«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес және Федоров ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескеріп Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Федоров ауданының Украин селолық округі таратылсын.
2. Федоров ауданының таратылған Украин селолық округінің Малороссийка және Дубровка селолары олардың жер пайдалану шегіндегі аумақтарымен Федоров ауданының Қоржынкөл селолық округінің әкімшілік бағынысына берілсін.
3. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі Сессия төрайымы
______________ С. Кулагин ____________Т. Шерстобитова
-
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы
-
_____________ С. Төкенов
-