Төртінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы /2011 жылғы 4 қараша/
-
Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы /№ 443 шешімі/
Қостанай облыстық мәслихатының
№ 443 шешімі
(төртінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы)Қостанай қаласы 2011 жылғы 4 караша
Қостанай облыстық мәслихатының
кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралыҚостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясының мынадай күн тәртібі бекітілсін:
1. Мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 357 «Қостанай облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.Баяндамашы –Е.А. Дерий,
Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары.
2. Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 276 «Қостанай облысын басқару схемасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Баяндамашы – Қ.Ж. Сүйіндіков,
Қостанай облысы әкімі аппарат
басшысының орынбасары.
3. Қостанай облыстық мәслихатының 2011 жылғы 19 тамыздағы № 423 «Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.Баяндамашы –Г.Т. Әбенова,
Қостанай облысы бойынша Тексеру
комиссиясының төрайымы.
4. Қостанай облыстық мәслихатының 2011 жылғы 20 қазандағы № 435 «Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Баяндамашы –Г.Т. Әбенова,
Қостанай облысы бойынша Тексеру
комиссиясының төрайымы.5. Облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарындағы өзгеріс туралы.
Баяндамашы –Т.Н. Шерстобитова,
Қостанай облыстық мәслихаты
сессиясының төрайымы
Сессия төрайымы Т. Шерстобитова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Төкенов -
Мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 357 «Қостанай облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы /№ 444 шешімі/
Қостанай облыстық мәслихатының
№ 444 шешімі
(төртінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы)Қостанай қаласы 2011 жылғы 4 караша
Мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 357 «Қостанай облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Қостанай облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 357 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3744 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 11 қаңтарда «Қостанай таңы» және «Костанайские новости» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай облысының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 89370553,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 5608486,1 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 492234,3 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсімдер бойынша – 4202,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 83265631,4 мың теңге;
2) шығындар – 87691525,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 1062843,5 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 1631569,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 568725,5 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 2638766,2 мың теңге, оның ішінде:
қаржы акивтерін сатып алу – 2638766,2 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы – -2022581,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 2022581,1 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 4-1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4-1. 2011 жылға арналған облыстық бюджетте мынадай мөлшерлерде нысаналы трансферттерді қайтару қарастырылғаны ескерілсін:
республикалық бюджетке 814013,1 мың теңге сомасында, оның ішінде облыстық бюджеттен 666313,3 мың теңге сомасында және аудандар мен қалалардың бюджеттерінен 147699,8 мың теңге сомасында;
аудандар мен қалалар бюджеттерінен облыстық бюджетке 6143,6 мың теңге сомасында.
Аудандар мен қалалар бюджеттерінен нысаналы трансферттерді қайтарудың көрсетілген сомаларының облыстық бюджетке түсімі Қостанай облысы әкімдігі қаулысының негізінде белгіленеді.»;
көрсетілген шешімнің 7-1, 7-2-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«7-1. 2011 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер түсімінің мынадай мөлшерлерде қарастырылғаны ескерілсін:
эпизоотикаға қарсы іс-шараларды өткізуге 193137,0 мың теңге сомасында;
тұқым шаруашылығын қолдауға 358093,0 мың теңге сомасында;
асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 424341,0 мың теңге сомасында;
мал шаруашылығының өнімділігін және өнімдерінің сапасын арттыруды субсидиялауға 1456012,0 мың теңге сомасында;
ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын айрықша маңызды топтық және сумен жабдықтаудың жергілікті жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға 307846,0 мың теңге сомасында;
мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін 79755,0 мың теңге сомасында;
облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге 3442773,0 мың теңге сомасында;
мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға 29652,0 мың теңге сомасында;
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім тапсырысын іске асыруға 542637,0 мың теңге сомасында;
негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінде физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен жарақтандыруға 204800,0 мың теңге сомасында;
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінде лингафондық және мультимедиялық кабинеттерді ашуға 202031,0 мың теңге сомасында;
үйінде оқытылатын мүгедек-балаларды жабдықтармен, бағдарламалық қамтумен қамтамасыз етуге 61215,0 мың теңге сомасында;
қорғаншыларға (қамқоршыларға) жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) ұстауға ақшалай қаражаттарды ай сайын төлеуге 292753,0 мың теңге сомасында;
техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайтадан жабдықтауға 25000,0 мың теңге сомасында;
педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру үшін оқу құралдарын сатып алуға 28000,0 мың теңге сомасында;
тегін медициналық көмектің кепілденген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге 1216962,0 мың теңге сомасында;
дәрі-дәрмек бұйымдарын, вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға 1211648,0 мың теңге сомасында;
жергілікті деңгейдегі медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға 795032,0 мың теңге сомасында;
арнайы әлеуметтік қызметтердің стандарттарын енгізуге 160362,0 мың теңге сомасында;
үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 5322,0 мың теңге сомасында;
медициналық-әлеуметтік мекемелерде күндіз болу бөлімдерінің желілерін дамытуға 54903,0 мың теңге сомасында.
Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, он төртінші, он бесінші және он тоғызыншы абзацтардан басқа).
7-2. 2011 жылға арналған облыстық бюджетте «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде жеке кәсіпкерлікті қолдауға 228249,0 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер түсімінің қарастырылғаны ескерілсін.»;
көрсетілген шешімнің 7-4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«7-4. 2011 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер түсімінің мынадай мөлшерлерде қарастырылғаны ескерілсін:
халықаралық маңызы бар іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге 34055,0 мың теңге сомасында;
«Мак» операциясын өткізуге 2744,0 мың теңге сомасында;
көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстауға, материалдық-техникалық жарақтандыруға 39666,0 мың теңге сомасында;
облыстық бюджет бағдарламалары бойынша Оралмандарды уақытша орналастыру орталығын және Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығын ұстауға және материалдық-техникалық жарақтандыруға 2197,0 мың теңге сомасында.»;
көрсетілген шешімнің 7-8-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«7-8. 2011 жылға арналған облыстық бюджетте газ тасымалдау жүйесін дамытуға республикалық бюджеттен 1072482,0 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері түсімінің қарастырылғаны ескерілсін.
Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігі қаулысының негізінде жүзеге асырылады.»;
көрсетілген шешімнің 7-11, 7-12, 7-13-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«7-11. 2011 жылға арналған облыстық бюджетте көлік инфрақұрылымын дамытуға республикалық бюджеттен 1578755,0 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері түсімінің қарастырылғаны ескерілсін.
Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігі қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
7-12. 2011 жылға арналған облыстық бюджетте «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының шеңберінде индустриялдық инфрақұрылымды дамытуға республикалық бюджеттен 1122875,0 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері түсімінің қарастырылғаны ескерілсін.
Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігі қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
7-13. 2011 жылға арналған облыстық бюджетте функцияларды беруге байланысты республикалық бюджетке нысаналы ағымдағы трансферттер түсімінің мынадай мөлшерлерде қарастырылғаны ескерілсін:
көлік құралдарын мемлекеттік техникалық байқауды жүргізу бойынша 3865,0 мың теңге сомасында;
халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру бойынша 408159,0 мың теңге сомасында;
«Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшені беру 7096,0 мың теңге сомасында;
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау мәселелері бойынша 7152,0 мың теңге сомасында.»;
көрсетілген шешімнің 7-16-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«7-16. 2011 жылға арналған облыстық бюджетте Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберіндегі іс-шараларды іске асыруға республикалық бюджеттен мынадай мөлшерлерде нысаналы ағымдағы трансферттер сомасы түсімінің қарастырылғаны ескерілсін:
кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға 256672,0 мың теңге сомасында;
еңбекақыны ішінара субсидиялауға 51952,0 мың теңге сомасында;
кәсіпкерлікке оқытуға 88,0 мың теңге сомасында;
жұмыспен қамту орталықтарын құруға 137096,0 мың теңге сомасында.
Жұмыспен қамту орталықтарын құруға арналған нысаналы ағымдағы трансфертті бөлу Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.»;
көрсетілген шешім мынадай мазмұндағы 7-18-тармақпан толықтырылсын:
«7-18. 2011 жылға арналған облыстық бюджетте автомобильдерді құрастыру жөніндегі жобаны іске асыру мақсатында ««Тобыл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту үшін 2360022,0 мың теңге сомасында нысаналы трансферт сомалары түсімінің қарастырылғаны ескерілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Т. Шерстобитова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. ТөкеновКЕЛІСІЛДІ
«Қостанай облысы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесі бастығының
міндетін атқарушы_______________________ Т. Домбровская
2011 жылғы «4» қараша -
Мәслихаттың 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 276 «Қостанай облысын басқару схемасы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы /№ 445 шешімі/
Қостанай облыстық мәслихатының
№ 445 шешімі
(төртінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы)Қостанай қаласы 2011 жылғы 4 караша
Мәслихаттың 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 276 «Қостанай облысын басқару схемасы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 276 «Қостанай облысын басқару схемасы туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшадағы 19-тармақ алынып тасталсын
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Т. Шерстобитова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Төкенов -
Мәслихаттың 2011 жылғы 19 тамыздағы № 423 «Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы /№ 446 шешімі/
Қостанай облыстық мәслихатының
№ 446 шешімі
(төртінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы)Қостанай қаласы 2011 жылғы 4 караша
Мәслихаттың 2011 жылғы 19 тамыздағы
№ 423 «Қостанай облысы бойынша Тексеру
комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің
ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 03 қаңтардағы Заңының 25-3-бабы 6-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесін бекіту туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2011 жылғы 19 тамыздағы № 423 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған облыстық мәслихат шешімімен бекітілген «Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі ережесінің 9-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Тексеру комиссиясының заңды мекенжайы: 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 65, 10-қабат.».
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Т. Шерстобитова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Төкенов
«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (ММ) басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары______________________ А. Ташпанов
«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ инспекторы (аудармашы)
_______________ М. Жүнісбеков -
«Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2011 жылғы 10 қазандағы № 435 шешіміне өзгертулер енгізу туралы /№ 447 шешімі/
Қостанай облыстық мәслихатының
№ 447 шешімі
(төртінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы)Қостанай қаласы 2011 жылғы 04 қараша
«Қостанай облысы бойынша Тексеру
комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің
2011 - 2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспарын бекіту
туралы» Қостанай облыстық
мәслихатының 2011 жылғы 10
қазандағы № 435 шешіміне өзгертулер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабының 5-тармағына сәйкес ШЕШТІМ:
1. «Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2011 жылғы 20 қазандағы № 435 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
қосымшаға сәйкес «Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының 7-бөлімі «Бюджеттік бағдарламалар» және 8-бөлімі «Бюджет шығыстарының жиынтығы» жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім қол қойылған бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Т. Шерстобитова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы Т. Төкенов7-бөлімі «Бюджеттік бағдарламалар» және 8-бөлімі «Бюджет шығыстарының жиынтығы» қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Т. Шерстобитова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Төкенов
«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (ММ) басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары
______________________ А. Ташпанов
«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ инспекторы (аудармашы)_______________ М. Жүнісбеков
Қостанай облыстық мәслихатының 2011 жылғы «4» қарашадағы № 446 шешіміне қосымша
-
Облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарындағы өзгеріс туралы /№ 448 шешімі/
Қостанай облыстық мәслихатының
№ 448 шешімі
(төртінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы)Қостанай қаласы 2011 жылғы 4 караша
Облыстық мәслихаттың
жұмыс жоспарындағы өзгеріс туралы
«Қостанай облысында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2011-2013 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын» іске асыру барысы туралы» мәселенің мәслихат депутаттары қатыстырыла отырып Қостанай облысы әкімдігінің кеңейтілген отырысында қаралуына байланысты Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 363 «Қостанай облыстық мәслихатының 2011 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
2011 жылғы жұмыс жоспарындағы «Қостанай облысында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2011-2013 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын» іске асыру барысы туралы» мәселені қарау, облыстық мәслихаттың 2012 жылға арналған жұмыс жоспарында сессияда талқылау үшін кейінге қалдырылсын.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.Сессия төрайымы Т. Шерстобитова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Төкенов