Қостанай облыстық мәслихатының кезекті XVIII сессиясы
-
Қостанай облыстық мәслихаты кезекті сессиясының күн тәртібі туралы /№ 449 шешімі /
Қостанай облыстық мәслихатыныңшешімі № 449
Қостанай облыстық мәслихаты
кезекті сессиясының күн тәртібі туралы
- Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Қостанай облыстық мәслихатының кезекті, он сегізінші сессиясының мынадай күн тәртібі бекітілсін:
-
Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы.
№ 444- Баяндамашы –Г.А. Кисленкова,
- Қостанай облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.
-
Жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2012 жылға арналған төлемақы ставкаларын бекіту туралы.
-
Баяндамашы – Қ.Қ. Төлеубаев,
-
Қостанай облысы әкімдігі табиғи ресурстар
-
және табиғат пайдалануды реттеу
-
басқармасының бастығы.
-
Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы.
- Баяндамашы –Г.Н. Тюркин,
- Қостанай облысы әкімдігі жер қатынастары басқармасының бастығы.
-
Қостанай облысы Денисов ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы.
-
Баяндамашы – А.Т. Әбенов,
-
Қостанай облысы әкімі аппаратының
-
басшысы.
- 5. Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2011 жылдағы жұмысы жөніндегі есептерін бекіту туралы.
- Баяндамашылар –Н.М Алашбаев., И.П. Аронова, С.Б. Бұқанов, Л.Н. Гальцова, С.А. Гумирова,
- Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының төрағалары (төрайымдары).
-
Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамдарына шығып кеткендерінің орнына сайлау туралы.
-
Баяндамашы – Л.В. Мацупа,
-
Қостанай облыстық мәслихаты
-
аппаратының басшысы.
-
7. Округтік сайлау комиссиялары мүшелерін Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамдарынан шығару туралы.
-
Баяндамашы – Л.В. Мацупа,
-
Қостанай облыстық мәслихаты
-
аппаратының басшысы.
-
- Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамы бекіту туралы.
- Баяндамашы – Т.С. Жақыпова,
-
Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының бастығы.
9. Мәслихаттың 2011 жылғы 10 маусымдағы № 394 «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрлар даярлау жөніндегі Қостанай облысы әкімдігі жанындағы өңірлік кеңестің дербес құрамын бекіту туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Баяндамашы –М.Қ. Жүндібаев,
-
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының бастығы.
-
Мәслихаттың 2006 жылғы 17 ақпандағы № 289 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы – М.Қ. Жүндібаев,
-
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының бастығы.
11. Мәслихаттың 2004 жылғы 2 тамыздағы № 212 «Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды жою мәселелері жөніндегі облыстық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы – Б.С. Молдахметова,
Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрлігі Медицина және
фармацевтикалық қызметті бақылау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаментінің директоры.
12. Мәслихаттың 2006 жылғы 3 наурыздағы № 298 «Облыстық ономастикалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Баяндамашы –Ж.Ж. Үмбетов,
- Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының бастығы.
13. Мәслихаттың 2004 жылғы 11 ақпандағы № 39 «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссияның жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Баяндамашы –В.А. Мягков,
-
Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру
-
дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар
-
мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және
-
жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы.
-
Мәслихаттың 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 348 «Облыстық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару және құрылымын қайта қарау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Баяндамашы –С.Т. Аймұхамбетова,
- Қостанай облысы әкімдігі қаржы басқармасының бастығы.
-
Мәслихаттың 2006 жылғы 27 қазандағы № 365 «Коммуналдық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Баяндамашы –С.Т. Аймұхамбетова,
- Қостанай облысы әкімдігі қаржы басқармасының бастығы.
16. Қостанай облыстық мәслихатының грамоталарымен марапаттау туралы.
Баяндамашы – С.М. Төкенов,
сессия төрағасы, Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы.
- Сессия төрағасы,
Қостанай облыстық
- мәслихатының хатшысы С. Төкенов
территориальном устройстве Костанайской области.
-
Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы /№450 шешімі/
Мәслихаттың 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 450 шешіміне 1-3 қосымша
Мәслихаттың 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 450 шешіміне 4 қосымша
Қостанай облыстық мәслихатының
шешімі №450- Қостанай облысының
2012-2014 жылдарға арналған
облыстық бюджеті туралы
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 93539070,0 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсімдер бойынша – 5860471,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 70941,0 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 4003,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 87603655,0 мың теңге;
2) шығындар – 92883828,0 мың теңге;
- 3) таза бюджеттiк кредит беру – 1763431,0 мың теңге, оның iшiнде:
- бюджеттiк кредиттер – 2314484,0 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 551053,0 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 728435,0 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу – 728435,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы – -1836624,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 1836624,0 мың теңге.
2. Аудандар мен қалалар бюджеттеріне жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың 100 пайызын есепке алу жолымен кірістерді бөлу нормативтері белгіленсін.
3. 2012 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке түсетін бюджеттік алымдардың көлемдері 8238573,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін, оның iшiнде:
Қостанай қаласынан – 4407329,0 мың теңге;
Лисаков қаласынан – 271118,0 мың теңге;
Рудный қаласынан – 3560126,0 мың теңге.
4. 2012 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық бюджеттен аудандар мен облыстық маңызы бар қала бюджеттеріне берілетін субвенциялардың көлемдері 18573806,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін, оның iшiнде:
Алтынсарин ауданына– 737921,0 мың теңге;
Амангелді ауданына – 1171592,0 мың теңге;
Әулиекөл ауданына – 1700532,0 мың теңге;
Денисов ауданына – 937816,0 мың теңге;
Жангелдин ауданына – 1286956,0 мың теңге;
Жітіқара ауданына – 960525,0 мың теңге;
Қамысты ауданына – 917518,0 мың теңге;
Қарабалық ауданына – 1029738,0 мың теңге;
Қарасу ауданына – 1459529,0 мың теңге;
Қостанай ауданына – 1032563,0 мың теңге;
Меңдіқара ауданына – 1168283,0 мың теңге;
Науырзым ауданына – 832941,0 мың теңге;
Сарыкөл ауданына – 1051560,0 мың теңге;
Таран ауданына – 545952,0 мың теңге;
Ұзынкөл ауданына – 1101742,0 мың теңге;
Федоров ауданына – 1062428,0 мың теңге;
Арқалық қаласына – 1576210,0 мың теңге.
5. 2012 жылға арналған облыстық бюджетте функциялар мен өкілеттіліктерді беруге байланысты республикалық бюджетке трансферттер түсімдерінің қарастырылғаны ескерілсін:
көлік құралдарын мемлекеттік техникалық байқауды жүргізу бойынша – 5000,0 мың теңге;
«Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесі – 48667,0 мың теңге;
жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіліктері:
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау мәселелері бойынша – 41631,0 мың теңге;
педагогика қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелері бойынша – 63000,0 мың теңге;
халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру бойынша – 595797,0 мың теңге.
6. 2012 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер түсімінің қарастырылғаны ескерілсін, оның ішінде:
1) көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстауға, материалдық-техникалық жарақтандыруға;
2) оралмандарды уақытша орналастыру орталығы мен оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығын күтіп-ұстау мен материалдық-техникалық жарақтандыруға;
3) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
4) эпизоотияға қарсы іс-шараларды өткізуге;
5) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын айрықша маңызды топтық және сумен жабдықтаудың жергілікті оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға;
6) тұқым шаруашылығын қолдауға;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға;
8) мал шаруашылығының өнімділігін және өнімдерінің сапасын арттыруды субсидиялауға;
9) мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін;
10) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға;
11) арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге;
12) облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге;
13) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім тапсырысын іске асыруға;
14) Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға;
15) қорғаншыларға (қамқоршыларға) жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) ұстауға ақшалай қаражаттарды ай сайын төлеуге;
16) техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайтадан жабдықтауға;
17) мектеп мұғалімдері мен мектепке дейінгі білім беру мекемелері тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша төлем мөлшерін ұлғайтуға;
18) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының шеберлеріне өндірістік оқытуды ұйымдастырғаны үшін қосымша төлем белгілеуге;
19) «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім ұйымының оқу бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге төленетін еңбекақыны арттыруға;
20) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге;
21) жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;
22) тұрғын үй көмегін көрсетуге;
23) ормандарды қорғау, сақтау және қалпына келтіру ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға.
Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады (1)-3), 5)-8), 10), 12), 16), 18), 20), 21) және 23) тармақшалардан басқа).
7. 2012 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен мынадай бағыттар бойынша іске асырылатын қаражаттар түсімінің қарастырылғаны ескерілсін:
1) «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының шеңберінде:
өңірлерде жеке кәсіпкерлікті қолдауға;
индустриялдық инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы трансферттер;
2) жобаларды іске асыру, сондай-ақ «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде жергілікті өзін өзі басқаруды мемлекеттік қолдау;
3) облыстық бюджеттерге кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізуге кредиттер беру.
Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады (1) тармақшадан басқа).
8. 2012 жылға арналған облыстық бюджетте Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен қаражаттар, оның ішінде нысаналы ағымдағы трансферттер түсімінің қарастырылғаны ескерілсін:
кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға;
еңбекақыны ішінара субсидиялауға;
кәсіпкерлікке оқытуға;
тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге;
жастар практикасына;
облыстық бюджеттерге ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға көмектесуге кредиттер беруге;
тұрғын үй құрылысына және (немесе) сатып алуға және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға.
Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады (екінші, төртінші, жетінші абзацтардан басқа).
9. 2012 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен қаражаттар түсімінің қарастырылғаны ескерілсін, оның ішінде:
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға нысаналы даму трансферті;
мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалауға, құрылысына және (немесе) сатып алуға нысаналы даму трансферті;
облыстық бюджеттерге тұрғын үйді жобалауға, құрылысына және (немесе) сатып алуға кредиттер;
жергілікті атқарушы органдарға мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер;
сумен жабдықтау және су тарту жүйесін дамытуға нысаналы трансферт;
коммуналдық шаруашылықты дамытуға нысаналы трансферт;
газ тасымалдау жүйесін дамытуғанысаналы трансферт;
ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау жүйесін дамытуға нысаналы трансферт;
көлік инфрақұрылымын дамытуға нысаналы трансферт;
мамандандырылған өңірлік ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға нысаналы даму трансферті.
Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады (сегізінші, он бірінші абзацтардан басқа).
10. Қостанай облысы жергілікті атқарушы органының 2012 жылға арналған резерві 122000,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
11. Қостанай облысы жергілікті атқарушы органының 2012 жылғы 31 желтоқсанға текті қарызының лимиті 4 495 056,0 мың теңге сомасында белгіленсін.
12. Облыстық бюджетте тері-венерологиялық, онкологиялық және наркологиялық диспансерлерге амбулаторлық-емханалық көмекке арналған шығындарды ескере отырып, амбулаторлық-емханалық көмек көрсетуге бағытталатын бюджеттік қаражаттардың ең аз көлемі ескерілсін, оның ішінде:
2012 жылға – 5287410,0 мың теңге;
2013 жылға – 5343617,0 мың теңге.
13. 2012 жылға арналған облыстық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
14. Осы шешім 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
Қостанай облыстық
- мәслихатының хатшысы С. Төкенов
КЕЛІСІЛДІ«Қостанай облысы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы»
- мемлекеттік мекемесінің бастығы
- _________________ Г. Кисленкова
- 2011 жылғы « 8» желтоқсан
-
Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2011 жылғы жұмысы туралы есептерін бекіту туралы /шешімі № 454/
Қостанай облыстық мәслихатының
шешімі № 454
( төртінші шақырылымының кезекті, он сегізінші сессиясы)
- Қостанай қ. 2011 жылғы 8 желтоқсан
Қостанай облыстық мәслихаты
тұрақты комиссияларының 2011 жылғы
жұмысы туралы есептерін бекіту туралы
Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының төрағалары (төрайымдары) Н.М. Алашбаевтың, И.П. Аронованың, С.Б. Бұқановтың, Л.Н. Гальцованың, С.А. Гумированың есептерін қарай келіп, Қостанай облыстық мәслихаты, олардың 2011 жылғы жұмысы облыстық мәслихаттың жоспарына сәйкес нысаналы жүргізілгендігін атап өтеді.
Комиссиялардың отырыстары уақытында өткізілді, барлық жоспарланған мәселелер қаралды, тұрақты комиссиялар мүшелері алдын ала депутаттық тексерістерге және қолданыстағы бағдарламалардың орындалуын талдау үшін жер-жерге жиі шыға бастады.
Барлық бес тұрақты комиссия 2011 жылы 22 отырыс өткізді, оларда 22 мәселе қаралды. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша комиссиялардың алдында 122 лауазымды тұлға есеп берді, олардың ішінде қалалар мен аудандардың әкімдері, олардың орынбасарлары, облыстық басқармалардың, мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары, жастар көшбасшылары бар.
2011 жылы облыс өңірлерінде көшпелі отырыстар өткізу практикасы жалғастырылды – тұрақты комиссиялар мұндай 15 отырыс өткізді, оларға 1037-ден астам адам қатысты.
Өңірлік бағдарламалардың іске асырылу барысын талдау негізінде, іс жағдайын жер-жерде нысаналы тексеру нәтижесінде тұрақты комиссиялар талқыланған мәселелер бойынша нақты ұсыныстарымен және ұсынымдарымен сындарлы қаулылар қабылдады. Жұмыс тәжірибесін қорытып, байытуға үлкен көңіл бөліне бастады. Жер-жерде іс жағдайын тексеру барысында халықты барынша қанықтыруға, консультативтік көмек көрсетуге арналған отырыстар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу жаңалықты қадам болды.
Тұрақты комиссиялардың жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарында – телевидение мен газеттерде жиі жарыққа шығарыла бастағанын атап өткен жөн. Телекомпаниялар отырыстарға дайындық кезеңдерінде жұмыс тобының қызметін көрсете отырып жер-жерге шыға бастады. Мұндай бейнесюжеттер, газет мақалалары мен тұрақты комиссиялардың қаулылары тұрақты түрде облыстық мәслихаттың сайтына жарияланып тұрады. Комиссиялардың жер-жерге шығу отырыстары әрқашанда қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттарының, селолық округтер әкімдерінің, үкіметтік емес ұйымдар басшыларының, халық және бұқаралық ақпарат өкілдерінің қатысуымен өтеді. 2011 жылы Л.Н. Гальцова жеткекшілік жасайтын білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі, С.Б. Бұқанов жеткекшілік жасайтын экономика және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі және И.П. Аронова жетекшілік жасайтын заңдылық, құқықтық тәртіп және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялар белсенді және жемісті жұмыс істеді. Облыстық мәслихаттың С.А. Гумирова жетекшілік жасайтын гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, үкіметік емес ұйымдармен және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі комиссиясы екінші жыл болды жемісті жұмыс істеуде. Оның ықпалымен өңірлерде «Депутаттың көмекшісі» және «Жастар мәслихаты» сияқты жобалардың қызметі жандандырылды, олардың дамуына облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Жас саясаткер мектебін» құруға лот көздеуді ұсынған болатын.
Комиссиялардың жұмыстарында олардың бірлескен отырыстар өткізуі сияқты жұмыс түрлері жүзеге асырыла бастады. «Нұр Отан» ХДП фракциясымен бірлескен отырыстарын бірден екі: білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі және гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдармен және жастармен жұмыс мәселеелері жөніндегі комиссиялар отырыстарын өткізді. Оларда « Денсаулық сақтаудың бірегей ұлттық жүйесін (ДБҰЖ) Қостанай облысында енгізу барысы туралы» мәселе қаралды. 2011 жылы бюджет мәселелері жөніндегі комиссия да нысаналы жұмыс жүргізді. Облыстық мәслихаттың депутаттары комиссиялардың жұмысына белсене қатыса бастады. Олардың ішінде Н.М. Алашбаевты, Е.С. Аманжоловты, З.Х. Арефьеваны, И.П. Арнонованы, Р.Ш. Бектұрғанованы, И.М. Вечтейнді, Л.Н. Гальцованы, С.А. Гумированы, Қ.Қ. Жаманбалинді, И.Е. Естаевты, А.Р. Жалғасовты, Қ.Қ. Жүсіповты, Б.Ғ. Ертаеваны, В.Ф. Ковальскийді, Д.С. Қосмұхамбетованы, Т.Н. Шерстобитованы және тағы басқаларын айтуға болады.
Сонымен қатар әлі де болса барлық отырыстар бірдей ұйымдастырылған түрде өткізіле бермейді және қажетті тиімділікке жете бермейді - өңірлік бағдарламаларды орындау жөніндегі жұмысты күшейту; комиссиялар өздерінің қаулыларының орындалуын тексеруге сирек келеді; депутаттар алдында әрқашанда бірінші басшылар есеп бере бермейді; жекелеген депутаттар комиссиялардың жұмысында белсенділік таныта бермейді. Жоғарыда айтылғанның негізінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағы 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
-
Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының төрағалары (төрайымдары) Н.М. Алашбаевтың, И.П. Аронованың, С.Б. Бұқановтың, Л.Н. Гальцованың, С.А. Гумированың есептері бекітілсін.
-
Тұрақты комиссиялардың Қостанай облысының жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуы барысын бақылау жөніндегі қызметінің жандандырылғанын атап өту керек.
-
Тұрақты комиссиялардың төрағаларына (төрайымдарына) өз комиссияларының қаулыларының орындалуын бақылауды күшейту, жыл ішіндегі жұмысқа талдауымен және өздерінің келесі есепті кезеңге жоспарларын айқындаумен қорытынды отырыстар өткізу ұсынылсын.
-
Тұрақты комиссиялардың төрағалары (төрайымдары) өз жұмыстарында облыстық мәслихаттағы басқа да комиссиялармен, депутаттық фракциялармен және топтарымен бірлескен отырыстарды өткізуді белсенді қолдансын; өз жұмыстарына қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттарын, үкіметтік емес ұйымдардың басшыларын тартсын; халықтың шешім қабылдауға неғұрлым белсенді қатысуы мақсатында жаңа әдістер мен ыңғайларды, инновациялық технологияларды қолдансын.
Сессияның төрағасы,
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Төкенов
-
Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комисияларының құрамдарына шығып кеткендерінің орнына сайлау туралы /№ 455 шешімі/
Қостанай облыстық мәслихатының
(төртінші шақырылымының кезекті, он сегізінші сессиясы)
№ 455 шешімі
Қостанай қ.2011 жылғы 8 желтоқсан
Қостанай облыстық мәслихатының
депутаттарын сайлау жөніндегі округтік
сайлау комисияларының құрамдарына
шығып кеткендерінің орнына сайлау
туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық Заңының 10-бабына және 19-бабының 6-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары құрамдарына шығып кеткендерінің орнына сайлансын:
1) № 1 Абай сайлау округі бойынша Ермек Хазбулатович Асқаров – «Қазақстанның патриоттар партиясы» қоғамдық бірлестігі Қостанай облысы бойынша филиалының ұсынысымен;
2) №3 Уәлиханов сайлау округі бойынша Гауһар Игиликовна Дильтаева – «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы» қоғамдық бірлестігі Қостанай облыстық филиалының ұсынысымен және Ольга Анатольевна Разуваева - «Қазақстанның патриоттар партиясы» қоғамдық бірлестігі Қостанай облысы бойынша филиалының ұсынысымен;
3) № 7 Южный сайлау округі бойынша Батырбек Сапабекович Саутов – «Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Қостанай облыстық филиалының ұсынысымен және Надежда Николаевна Симкова - «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы» қоғамдық бірлестігі Қостанай облыстық филиалының ұсынысымен;
4) № 9 Промышленный сайлау округі бойынша Үміт Айтпаевна Еркебаева - «Қазақстанның патриоттар партиясы» қоғамдық бірлестігі Қостанай облысы бойынша филиалының ұсынысымен;
5) № 12 Таран сайлау округі бойынша Анатолий Михайлович Клец - «Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Қостанай облыстық филиалының ұсынысымен;
6) № 15 Завод сайлау округі бойынша Елена Сергеевна Щевцова – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысы Рудный қалалық филиалының ұсынысымен;
7) № 18 Алтынсарин сайлау округі бойынша Руслан Тафкилович Гарайханов – «Қостанай облыстық кәсіподақтары кеңесі» заңды тұлғалар қоғамдық бірлестігінің (одақ) ұсынысымен және Евгения Баймановна Павлюк - «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы» қоғамдық бірлестігі Қостанай облыстық филиалының ұсынысымен;
8) № 19 Қарасу сайлау округі бойынша Дулат Рымович Қанапин - «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы» қоғамдық бірлестігі Қостанай облыстық филиалының ұсынысымен, Владимир Александрович Никель - «Қазақстанның патриоттар партиясы» қоғамдық бірлестігі Қостанай облысы бойынша филиалының ұсынысымен, Жамиля Касимхановна Нуркежанова - «Қостанай облыстық кәсіподақтары кеңесі» заңды тұлғалар қоғамдық бірлестігінің (одақ) ұсынысымен және Валентина Михайловна Сивонина – «Ауыл» Қазақстан социал-демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігі Қостанай облыстық филиалының ұсынысымен;
9) № 21 Жангелдин сайлау округі бойынша Нурболат Галымович Айтмагамбетов - «Қазақстанның патриоттар партиясы» қоғамдық бірлестігі Қостанай облысы бойынша филиалының ұсынысымен, Сымбат Олжабаевна Дюсенова - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысы Жангелдин аудандық филиалының ұсынысымен, Багдат Кайсарович Ертасов - «Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Қостанай облыстық филиалының ұсынысымен және Касым Жоламанович Култанов - «Қостанай облыстық кәсіподақтары кеңесі» заңды тұлғалар қоғамдық бірлестігінің (одақ) ұсынысымен;
10) № 22 Қамысты сайлау округі бойынша Шолпан Кайпулловна Дусаева - «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы» қоғамдық бірлестігі Қостанай облыстық филиалының ұсынысымен және Сайлаукуль Карбозовна Канапиева - «Қостанай облыстық кәсіподақтары кеңесі» заңды тұлғалар қоғамдық бірлестігінің (одақ) ұсынысымен;
11) № 26 Шортанды сайлау округі бойынша Артур Асылбекович Галлеев - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысы Жітіқара аудандық филиалының ұсынысымен;
12) № 27 Жітіқара сайлау округі бойынша Татьяна Валерьевна Бермухамбетова - «Ауыл» Қазақстан социал-демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігі Қостанай облыстық филиалының ұсынысымен және Валентина Борисовна Никитченко - «Қостанай облыстық кәсіподақтары кеңесі» заңды тұлғалар қоғамдық бірлестігінің (одақ) ұсынысымен;
13) № 28 Қарабалық сайлау округі бойынша Гульшат Каиркановна Бексултанова - «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы» қоғамдық бірлестігі Қостанай облыстық филиалының ұсынысымен және Елена Сергеевна Комаркова - «Қазақстанның патриоттар партиясы» қоғамдық бірлестігі Қостанай облысы бойынша филиалының ұсынысымен,
14) № 29 Пешков сайлау округі бойынша Гульшат Ахметжановна Абдрахманова - «Қостанай облыстық кәсіподақтары кеңесі» заңды тұлғалар қоғамдық бірлестігінің (одақ) ұсынысымен;
15) № 30 Федоров сайлау округі бойынша Оксана Викторовна Воробкало – «Ауыл» Қазақстан социал-демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігі Қостанай облыстық филиалының ұсынысымен және Бауыржан Копжасарович Калиев - «Қостанай облыстық кәсіподақтары кеңесі» заңды тұлғалар қоғамдық бірлестігінің (одақ) ұсынысымен;
16) № 32 Мичурин сайлау округі бойынша Асем Бакитовна Абдигалиева - «Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Қостанай облыстық филиалының ұсынысымен және Татьяна Петровна Столбенко - «Қостанай облыстық кәсіподақтары кеңесі» заңды тұлғалар қоғамдық бірлестігінің (одақ) ұсынысымен;
17) № 33 Заречный сайлау округі бойынша Анна Ивановна Безнос - «Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Қостанай облыстық филиалының ұсынысымен және Бекбатыр Есенеевич Утенов - - «Қостанай облыстық кәсіподақтары кеңесі» заңды тұлғалар қоғамдық бірлестігінің (одақ) ұсынысымен.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Төкенов
-
Округтік сайлау комиссиялары мүшелерін Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамдарынан шығару туралы /№ 456 шешімі/
Қостанай облыстық
мәслихатының № 456 шешімі
(төртінші шақырылымының кезекті № 18 сессиясы)
Округтік сайлау комиссиялары мүшелерін
Қостанай облыстық мәслихатының
депутаттарын сайлау жөніндегі округтік
сайлау комиссияларының құрамдарынан
шығару туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылдың 28 қыркүйегіндегі № 2464 Конституциялық Заңның 10-бабы және 19-бабының 6-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
-
Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларынан шығарылсын:
-
№1 Абай сайлау округі бойыншаАйнагүл Аманжоловна Имашева - өз еркі бойынша;
-
№ 2 Байтұрсынов сайлау округі бойыншаАнастасия Евгеньевна Бавыкина - өз еркі бойынша және Куаныш Ермекович Мурзахметов - тұрғылықты жерін ауыстыруына байланысты;
-
№ 3 Уәлиханов сайлау округі бойыншаГульбану Ермековна Досмагамбетова -тұрғылықты жерін ауыстыруына байланысты;
-
№ 5 Студентсайлау округі бойыншаСанат Аманжоловна Нурмагамбетова және Светлана Зайновна Нуртазенова - өз еркі бойынша;
-
№ 6 Текстильный сайлау округі бойыншаАрман Едгеевич Бекмагамбетов - өз еркі бойынша және Ольга Васильевна Матсон - тұрғылықты жерін ауыстыруына байланысты;
-
№ 11 Аят сайлау округі бойыншаЛюдмила Степановна Жаркова - өз еркі бойынша;
-
№ 15 Завод сайлау округі бойыншаВера Анатольевна Анцупова – өз еркі бойынша жәнеНаталья Юрьевна Колесникова - тұрғылықты жерін ауыстыруына байланысты;
-
№ 16 Алексеев округі бойыншаАлия Абушевна Даурбаева – тұрғылықты жерін ауыстыруына байланысты және Светлана Григорьевна Селиверстова - өз еркі бойынша;
-
№ 17 Шахтер сайлау округі бойыншаГалина Анатольевна ЛогуноважәнеНаталья Юрьевна Смирнова - өз еркі бойынша;
-
№ 18 Алтынсарин сайлау округі бойыншаАскарбек Ахметбекович Кенжегарин - өз еркі бойынша;
-
№ 25 Денисов сайлау округі бойыншаНаталья Ивановна Таран – өз еркі бойынша;
-
№ 28 Қарабалық сайлау округі бойынша Оксана Александровна Крупнина – өз еркі бойынша;
-
№ 33 Заречный сайлау округі бойынша Малик Сакенович Козыбаев - тұрғылықты жерін ауыстыруына байланысты.
-
Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Төкенов
-
-
Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы /№457 шешімі/
Қостанай облыстық
мәслихатының №457шешімі
(төртінші шақырылымының кезекті № 18 сессиясы)
- Қостанай облысы әкімдігінің
- жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен
- өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің
дербес құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Облыс әкімі ұсынған ведомствоаралық мәселелер бойынша консультативтік - кеңесші орган болып табылатын Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамы бекітілсін (қосымша).
2. Осы шешімнің орындалуын және өңірлік комиссияның дербес құрамының қызметін бақылау Қостанай облыстық мәслихатының гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдармен және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Қостанай облыстық мәслихатының 2010 жылғы 11 тамыздағы № 330 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.
4. Осы шешім қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.
Сессия төрағасы,
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Төкенов
-
«Қостанай облысы әкімдігі жанындағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрлар даярлау жөніндегі өңірлік кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2011 жылғы 10 маусымдағы № 394 шешіміне өзгерістер енгізу туралы /№458 шешімі/
Қостанай облыстық
мәслихатының №458 шешімі
(төртінші шақырылымының кезекті № 18 сессиясы)
«Қостанай облысы әкімдігі жанындағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрлар даярлау жөніндегі өңірлік кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2011 жылғы 10 маусымдағы № 394 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына және кадрлық өзгерістерге сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
«Қостанай облысы әкімдігі жанындағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрлар даярлау жөніндегі өңірлік кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2011 жылғы 10 маусымдағы № 394 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қостанай облысы әкімдігі жанындағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрлар даярлау жөніндегі өңірлік кеңестің құрамында:
-
«Искаков
Фуат Маратович– «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ бастығы орынбасарының міндетін атқарушы»
деген жолы мынадай редакцияда жазылсын:
-
«Искаков
Фуат Маратович– «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімінің бастығы»;
енгізілсін:Жүндібаев Марат Қонысбайұлы, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы, төрағаның орынбасары;
С.Б. Бөрібаева, С.П. Архипкин шығарылсын.
Сессия төрайымы Т. ШерстобитоваҚостанай облыстық
- мәслихатының хатшысы С. Төкенов
«Қостанай облыстық мәслихаты» мемлекеттік мекемесі (ММ) жетекшісінің құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары
- ______________________ А. Ташпанов
- «Қостанай облыстық мәслихаты» мемлекеттік мекемесінің инспекторы (аудармашы)
- _____________ М. Жунусбеков
- КЕЛIСIЛДI
-
«Қостанай облысы әкімдігінің
-
бiлiм басқармасы» ММ бастығы
-
____________________ М. Жүндібаев
2011 жылғы « » қараша
-
Мәслихаттың 2004 жылғы 2 тамыздағы № 212 «Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды жою мәселелері жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы /№460 шешімі/
Қостанай облыстық
мәслихатының №460 шешімі
(төртінші шақырылымының кезекті № 18 сессиясы)
Мәслихаттың 2004 жылғы 2 тамыздағы
№ 212 «Есірткі құралдарын, психотроптық
заттар мен прекурсорларды жою мәселелері
жөніндегі облыстық комиссияның
дербес құрамын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ :
1.Қостанай облыстық мәслихатының 2004 жылғы 2 тамыздағы № 212 «Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды жою мәселелері жөніндегі облыстық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
облыстық комиссия құрамына енгізілсін:
Баян Салыққызы Молдахметова, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медицина және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесінің (ММ) директоры, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Лев Владимирович Квасенко, «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті» ММ Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқармасының қызметкері, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
комиссия төрағасының орынбасары Жолдасбек Қамбарұлы Арапбаев, «Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» ММ директоры, комиссияның мүшесі болып ауыстырылсын (келісім бойынша);
Е.М. Лесикова, С.Т. Жақанов шығарылсын.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
- Сессия төрағасы, Қостанай
- облыстық мәслихатының хатшысы С. Төкенов
- «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (ММ) басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары
- ______________________ А. Ташпанов
«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ инспекторы (аудармашы)
- _______________ М. Жүнісбеков
КЕЛІСІЛДІ«Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі Қостанай
облысының Ішкі істер департаменті»
ММ бастығы_____________________ Б.З. Байжасаров
«Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрлігі Медицина және
фармацевтикалық қызметті бақылау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті» ММ директоры
_____________________ Б.С. Молдахметова
«Қазақстан Республикасының Индустрия
және жаңа технологиялар министрлігі
Техникалық реттеу және метрология
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті» ММ директоры
_____________________ Ж.Қ. Арапбаев
-
Мәслихаттың 2006 жылғы 3 наурыздағы № 298 «Облыстық ономастикалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы / №461 шешімі/
Қостанай облыстық
мәслихатының №461 шешімі
(төртінші шақырылымының кезекті № 18 сессиясы)
Мәслихаттың 2006 жылғы 3 наурыздағы № 298 «Облыстық ономастикалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2006 жылғы 3 наурыздағы № 298 «Облыстық ономастикалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
комиссия құрамына енгізілсін:
Марат Қонысбайұлы Жүндібаев, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
шығарылсын: С.Б.Бөрібаева.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Төкенов
«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (ММ) басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары
______________________ А. Ташпанов
\«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ инспекторы (аудармашы)
_________________М. Жүнісбеков
КЕЛІСІЛДІ:- «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ бастығы
- ________________ М. Жүндібаев
Решение №Костанайского областного маслихата(внеочередная сессия четвертого созыва)
г.Костанай 20 октября 2011 года
-
Мәслихат сессиясының 2004 жылғы 11 ақпандағы № 39 «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссияның жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы /№462 шешімі/
Қостанай облыстық
мәслихатының №462 шешімі
(төртінші шақырылымының кезекті № 18 сессиясы)
Мәслихат сессиясының 2004 жылғы
11 ақпандағы № 39 «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссияның жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1 тармағы 12 тармақшасына және кадрлық өзгерістерге сәйкес Қостанай облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қостанай облыстық мәслихат сессиясының 2004 жылғы 11 ақпандағы № 39 «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссияның жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
комиссия құрамына енгізілсін:
Қанат Мырзағалиұлы Ғабдулин, «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (ММ) бастығы, комиссияның мүшесі, (келісім бойынша);
Орал Айтбайұлы Бекмағамбетов, «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ бастығы, комиссияның мүшесі, (келісім бойынша);
Андрей Михайлович Горват, «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Қостанай облыстық департаменті» ММ директоры, комиссияның мүшесі, (келісім бойынша);
А.С. Жанкин, М.К. Жүндібаев, А.Ж. Мәдиев шығарылсын.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
- Сессия төрағасы, Қостанай
- облыстық мәслихатының хатшысы С. Төкенов
«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (ММ) басшысының орынбасары
_____________________А. Ташпанов
«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ инспекторы (аудармашысы)
___________________ М. Жүнісбеков
КЕЛІСІЛДІ«Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы» ММ бастығы
_______________________В. Мягков
«Қостанай облысы әкімдігінің ауыл
шаруашылығы басқармасы» ММ
бастығы______________________ Қ. Ғабдулин
«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ бастығы
________________ О. Бекмағамбетов
«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Қостанай облыстық департаменті» ММ директоры
- ________________________ А. Горват
-
Мәслихаттың 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 348 «Облыстық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару және құрылымын қайта қарау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы / №463 шешімі/
Қостанай облыстық
мәслихатының №463 шешімі
(төртінші шақырылымының кезекті № 18 сессиясы)
Мәслихаттың 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 348 «Облыстық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару және құрылымын қайта қарау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 348 «Облыстық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару және құрылымын қайта қарау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
комиссия құрамына енгізілсін:
Анатолий Яковлевич Денинг, Қостанай облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Галина Анатольевна Кисленкова, «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Александр Николаевич Чернобель, «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ бастығының орынбасары, комиссия хатшысы (келісім бойынша);
шығарылсын: А.Т.Әбенов, М.А.Щеглова, Д.А. Костюков.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
- Сессия төрағасы, Қостанай
- облыстық мәслихатының хатшысы С. Төкенов
«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (ММ) басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары
________________ А. Ташпанов«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ инспекторы (аудармашы)
_________________ М. Жүнісбеков
КЕЛІСІЛДІ«Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ бастығы
_________________ С. Аймұхамбетова
«Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бастығы
_________________ Г. Кисленкова -
Мәслихаттың 2006 жылғы 27 қазандағы № 365 «Коммуналдық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы /шешімі №464/
Қостанай облыстық мәслихатының
шешімі №464Мәслихаттың 2006 жылғы 27 қазандағы № 365 «Коммуналдық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
- 1. Қостанай облыстық мәслихатының 2006 жылғы 27 қазандағы № 365 «Коммуналдық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
- комиссия құрамына енгізілсін:
- Анатолий Яковлевич Денинг, Қостанай облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
- Галина Анатольевна Кисленкова, «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
- шығарылсын: А.Т.Әбенов, М.А.Щеглова.
- 2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, Қостанай
облыстық мәслихатының хатшысы С. Төкенов
«Қостанай облыстық мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесі
(ММ) басшысының құқықтық
мәселелер жөніндегі орынбасары
________________ А. Ташпанов«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ инспекторы (аудармашы)
_________________ М. Жүнісбеков
КЕЛІСІЛДІ«Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бастығы
_________________ Г. Кисленкова