-
Қостанай облыстық мәслихатының шешімі № 12 (бесінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы)
Қостанай облыстық мәслихатыныңшешімі № 12
(бесінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы)Қостанай қ. 2012 жылғы 3 ақпан
Қостанай облыстық мәслихатының
кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралыҚостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:- Мәслихаттың «Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 450 шешіміне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы.
Баяндамашы – Кисленкова Г.А.,
Қостанай облыстық әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы2. Облыстық мәслихаттың «Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы» 2011 жылғы 20 қазандағы № 435 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы - Әбенова Г.Т.,
Қостанай облысы бойынша тексеру
Комиссиясының төрайымы.3. Мәслихаттың «Облыстық бюджет қаражатынан кредиттеу үшін бизнес-жобаларды қарау және іріктеу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» 2008 жылғы 4 маусымдағы № 99 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы - Өтешов М.О,
Қостанай облыстық әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы.4. Мәслихаттың «Қостанай облысының жеделдетілген индустриялық дамуы жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» 2009 жылғы 20 қарашадағы № 238 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы - Өтешов М.О,
Қостанай облыстық әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы.5. Мәслихаттың «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» 2011 жылғы 30 маусымдағы № 408 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы – Бекмағамбетов О.А.
Қостанай облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бастығы6. Мәслихаттың «Қостанай облыстық әкімдігі жанындағы көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» 2005 жылғы 26 мамырдағы № 193 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы – Горват А.М.,
Қостанай облыстық көлік жолдары комитеті
департаментінің директорыСессия төрағасы,
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Есжанов -
Қостанай облыстық мәслихатының шешімі № 13 (бесінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы)
Қостанай облыстық мәслихатыныңшешімі № 13
(бесінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы)Қостанай қ. 2012 жылғы 3 ақпан
Мәслихаттың 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 450 «Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 450 «Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1 және 4 нөмірлерімен тіркелген, 2012 жылғы 4 және 5 қаңтарда «Костанайские новости» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 93801733,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 5860471,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 85726,9 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 4003,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 87851532,5 мың теңге;
2) шығындар – 93712913,8 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 1763079,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттiк кредиттер – 2314484,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 551405,0 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 765812,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 765812,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2440071,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2440071,4 мың теңге.»;
көрсетілген шешім мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. 2012 жылға арналған облыстық бюджетте мынадай мөлшерлерде нысаналы трансферттерді қайтару қарастырылғаны ескерілсін:
республикалық бюджетке 320126,0 мың теңге сомасында, оның ішінде облыстық бюджеттен 98547,3 мың теңге сомасында және аудандар мен қалалар бюджеттерінен 221578,7 мың теңге сомасында;
аудандар мен қалалар бюджеттерінен облыстық бюджетке 41298,8 мың теңге сомасында.
Аудандар мен қалалар бюджеттерінен нысаналы трансферттерді қайтарудың көрсетілген сомаларының облыстық бюджетке түсімі Қостанай облысы әкімдігі қаулысының негізінде белгіленеді.»;
көрсетілген шешімнің 10-тармағында:
«122000,0» деген сандар «122620,0» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы ,
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Есжанов -
Қостанай облыстық мәслихатының шешімі № 14 (бесінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы)
Қостанай облыстық мәслихатыныңшешімі № 14
(бесінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы)Қостанай қ. 2012 жылғы 3 ақпан
3 ақпан 2012 жыл«Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы»
мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға
арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы»
Қостанай облыстық мәслихатының 2011 жылғы
20 қазандағы № 435 шешіміне өзгерістер енгізу
туралы2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 62 бабының 5 тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2011 жылғы 20 қазандағы № 435 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында «Бюджеттік бағдарламалар» атты 7 бөлім қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында 8 бөлім алынып тасталсын.
2. Осы шешім 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.Сессия төрағасы,
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Есжанов«Қостанай облыстық мәслихаттың аппараты» мемлекеттік мекемесі (ММ) құқықтық мәселелер жөніндегі басшының орынбасары
______________________ А. Ташпанов«Қостанай облыстық мәслихаттың аппараты» ММ инспекторы (аудармашы)
_______________ Л. ӘмірхановаКЕЛІСІЛДІ
«Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ төрайымы
____________________Г.Әбенова«Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы»
ММ бастығы
_____________________Г. Кисленкова -
Қостанай облыстық мәслихатының шешімі № 15 (бесінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы)
Қостанай облыстық мәслихатыныңшешімі № 15
(бесінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы)Қостанай қ. 2012 жылғы 3 ақпан
«Облыстық бюджет қаражатынан кредиттеу үшін бизнес-жобаларды қарау және іріктеу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» мәслихаттың 2008 жылғы 4 мауысмдағы № 99 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. «Облыстық бюджет қаражатынан кредиттеу үшін бизнес-жобаларды қарау және іріктеу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 4 маусымдағы № 99 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
комиссия құрамына:
Денинг Николай Яковлевич, Қостанай облысы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы;
Сағындықов Сембай Әмірғалиұлы, «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Ж.М. Нұрғалиев, М.Ж. Жүсіпов шығарылсын.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.Сессия төрағасы, Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Есжанов«Қостанай облыстық мәслихаттың аппараты» мемлекеттік мекемесі (ММ) құқықтық мәселелер жөніндегі басшының орынбасары
______________________ А. Ташпанов
«Қостанай облыстық мәслихаттың аппараты» ММ инспекторы (аудармашы)
_______________ Л. Әмірханова
КЕЛІСІЛДІ
«Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ бастығы
_____________________ К. Ғабдулин
-
Қостанай облыстық мәслихатының шешімі № 16 (бесінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы)
Қостанай облыстық мәслихатыныңшешімі № 16
(бесінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы)Қостанай қ. 2012 жылғы 3 ақпан
«Қостанай облысының үдемелі индустриялық дамуы жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 20 қарашадағы № 238 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-тармақшасына және Қостанай облысы әкімінің 2012 жылғы 13 қантардағы № 8-ө өкіміне сәйкес Қостанай облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. «Қостанай облысының үдемелі индустриялық дамуы жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 20 қарашадағы № 238 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
кеңес құрамына:
Ғабдулин Қанат Мырзағалиұлы, «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша), кеңес мүшесі;
Бекбаева Алмагүл Несіпбайқызы, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің «Тобыл» өңіраралық департаменті» ММ бастығының орынбасары (келісім бойынша), кеңес мүшесі;
А.Қ. Балғарин, Ә.Б. Ысқақов шығарылсын.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.Сессия төрағасы, Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Есжанов
«Қостанай облыстық мәслихаттың аппараты» мемлекеттік мекемесі (ММ) құқықтық мәселелер жөніндегі басшының орынбасары
______________________ А. Ташпанов
«Қостанай облыстық мәслихаттың аппараты» ММ инспекторы (аудармашы)
_______________ Л. Әмірханова
КЕЛІСІЛДІ
«Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ бастығы
__________________ Қ. Ғабдулин
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі дәрменсіз борышкерлермен
жұмыс комитетінің «Тобыл» өңіраралық
департаменті» ММ бастығының міндетін атқарушы__________________ А. Бекбаева
-
Қостанай облыстық мәслихатының шешімі № 18 (бесінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы)
Қостанай облыстық мәслихатыныңшешімі № 18
(бесінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы)Қостанай қ. 2012 жылғы 3 ақпан
8 қабат, 11.00 сағат«Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамы туралы» мәслихаттың 2005 жылғы 26 мамырдағы № 193 шешіміне өзгертулер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29-бабы 1-тармағының 9) - тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. «Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамы туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы № 193 шешіміне келесі өзгертулер енгізілсін:
облыстық комиссия құрамына:
Мейстер Виктор Викторович, Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы;
Горват Андрей Михайлович, «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Қостанай облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесінің (ММ) директоры (келісім бойынша), комиссия мүшесі;
Мягков Владимир Алексеевич, «Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы» ММ бастығы, комиссия мүшесі;
Сырғабеков Ербол Исабайұлы, «Көліктік бақылау комитеті Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» ММ № 1 филиалының Қостанай облысы бойынша бас мемлекеттік көліктік инспекторы (келісім бойынша), комиссия мүшесі болып енгізілсін.
Батов Е.В., Бірімжанов М.Х, Демеев А.С., Жүнісов А.С., Нұрғалиев Ж.М., Омарова С.В. шығарылсын.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы,
сессия төрағасы С. Есжанов«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» (ММ) мемлекеттік мекемесінің құқықтық мәселелері жөніндегі басшының орынбасары
___________________ А. Ташпанов
«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ инспекторы (аудармашы)
___________________ Л. Әмірханова
КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Қостанай облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесінің (ММ) директоры
___________________ А. Горват
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы,
азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың
алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы»
ММ бастығы____________________ В. Мягков
«Көліктік бақылау комитеті Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» ММ
№ 1 филиалының Қостанай облысы бойынша бас мемлекеттік көліктік инспекторы______________ Е. Сырғабеков