Шешідер
Қостанай облыстық мәслихатының
шешімі № 145
(бесінші шақырылымының кезекті VIII сессиясы)
Қостанай қ. 2013 жылғы 29 мамыр
Қостанай облыстық мәслихатының
кезекті сессиясының күн тәртібі туралы
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Қостанай облыстық мәслихаты бесінші шақырылымының кезекті сессиясының мынадай күн тәртібі бекітілсін:
1. «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тұрғысында жұмыссыздықты азайту және халықты тиімді жұмыспен қамтуды жетілдіру жұмысының жағдайы туралы.
Баяндамашылар – Е.Ә. Жаулыбаев,
Қостанай облысы әкімдігінің
жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы,
Т.Б. Булгацевич, облыстық мәслихаттың
денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік
қорғау, мәдениет және спорт мәселелері
жөніндегі тұрақты комиссиясының
төрайымы.
2. Қостанай облысының 2012 жылғы облыстық бюджетінің атқарылуы туралы.
Баяндамашылар - С.Т.Аймұхамбетова,
Қостанай облысы әкімдігінің
қаржы басқармасының басшысы,
Г.Т. Әбенова, Қостанай облысы тексеру
комиссиясының төрайымы,
Н.М. Алашбаев, облыстық мәслихаттың
бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссиясының төрағасы.
3. Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы.
Баяндамашы – А.Г. Черменинов,
Қостанай облысы әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық бөлімінің
меңгерушісі.
4. Қостанай облыстық мәслихатының 2010 жылғы 19 қазандағы № 337 «Қостанай облысында құқық бұзушылықтың алдын-алудың 2011-2013 жылдарға арналған Өңірлік бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы – А.Г. Черменинов,
Қостанай облысы әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық бөлімінің
меңгерушісі.
5. Мәслихаттың 2012 жылғы 2 наурыздағы №22 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы – А.Г. Черменинов,
Қостанай облысы әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық бөлімінің
меңгерушісі.
6. Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы жалақы бойынша берешекті өтеу мәселелері жөніндегі үйлестіру (дағдарысқа қарсы) штабының дербес құрамын бекіту туралы
Баяндамашы – Г.А. Кисленкова,
Қостанай облысы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасының басшысы.
7. Мәслихаттың 2011 жылғы 10 маусымдағы № 394 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрлар даярлау жөніндегі өңірлік кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгіу туралы.
Баяндамашы – М.К. Жұрқабаев,
Қостанай облысы әкімдігінің білім
басқармасы басшысының орынбасары.
8. Қостанай облыстық мәслихатының 2012 жылғы 23 қазандағы № 87 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің дербес құрамын жаңа редакцияда бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы - Ә.С. Сапарова,
Қостанай облысы әкімдігінің жастар
саясаты мәселелері жөніндегі
басқармасының басшысы.
Баяндамашы – О.Т. Нұрғазин,
Қостанай облысы әкімдігінің ауыл
шаруашылығы басқармасы бастығының
орынбасары.
10. Мәслихаттың 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 356 «Қостанай облыстық мәслихатының және «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымын және штаттық санын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы – Д.С. Космухамбетова,
Қостанай облыстық мәслихатының
кезекті VIII сессиясының төрайымы.
11. №25 Денисов сайлау округі бойынша Қостанай облыстық мәслихатының депутаты А.А. Корнеевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
Баяндамашы – Д.С. Космухамбетова,
Қостанай облыстық мәслихатының
кезекті VIII сессиясының төрайымы.
12.Қостанай облыстық мәслихатының кезекті IX сессиясының күн тәртібін бекіту және оның төрағасын сайлау туралы.
Баяндамашы – Д.С. Космухамбетова,
Қостанай облыстық мәслихатының
кезекті VIII сессиясының төрайымы.
13. Қостанай облыстық мәслихатының Грамоталарымен марапаттау туралы.
Баяндамашы – Д.С. Космухамбетова,
Қостанай облыстық мәслихатының
кезекті VIII сессиясының төрайымы.
Сессия төрайымы Д. Космухамбетова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов
_________________________________________________
Қостанай облыстық мәслихатының
шешімі № 146
(бесінші шақырылымының кезекті VIII сессиясы)
Қостанай қ. 2013 жылғы 29 мамыр
Қостанай облыстық мәслихатының
шешімі № 147
(бесінші шақырылымының кезекті VIII сессиясы)
Қостанай қ. 2013 жылғы 29 мамыр
ҚАУЛЫ және ШЕШІМ№ 3/148
(бесінші шақырылымының кезекті VIII сессиясы)
Қостанай қ. 2013 жылғы 29 мамыр
На регистрации в органах юстиции
Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 8-бабына және 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және аудандық өкілді және атқарушы органдардың пікірлерін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тұрғындарының саны 50 адамнан кем мына елді мекендер таратылсын:
Амангелді ауданы Қабырға ауылдықокругінің Алакөл селосы;
Амангелді ауданы Байғабыл ауылдықокругінің Көкпектікөл селосы;
Амангелді ауданы Амантоғай ауылдықокругінің Қаражар селосы;
Амангелді ауданы Құмкешу ауылдықокругінің Құстөбе селосы;
Амангелді ауданы Амангелді селолықокругінің Мұқыр селосы;
Әулиекөл ауданының Речной селосы;
Әулиекөл ауданы Аманқарағай селолық округінің Жилгородок селосы;
Әулиекөл ауданы Аманқарағай селолық округінің Торғай бұғазы селосы;
Әулиекөл ауданы Новонежин селолық округінің Миалы селосы;
Әулиекөл ауданы Тимофеев селолық округінің Бұлақсор селосы;
Әулиекөл ауданы Чернигов селолық округінің Жарықатыз селосы;
Әулиекөл ауданы Шағала селолық округінің Қарағансай селосы;
Әулиекөл ауданы Шағала селолық округінің Шағала селосы;
Денисов ауданы Әйет селолық округінің Тастыкөл селосы;
Денисов ауданы Әйет селолық округінің Синегорск селосы;
Денисов ауданы Тельман селолық округінің Шұңқыркөл селосы;
Федоров ауданы Костряков селолық округінің Ивангородское селосы.
2. Таратылған елді мекендер енгізілсін:
Алакөл селосы Амангелді ауданы Қабырға ауылдықокругі Қабырға селосының құрамына;
Көкпектікөл селосы Амангелді ауданы Байғабыл ауылдықокругі Байғабыл селосының құрамына;
Қаражар селосы Амангелді ауданы Амантоғай ауылдықокругі Амантоғай селосының құрамына;
Құстөбе селосы Амангелді ауданы Құмкешу ауылдықокругі Құмкешу селосының құрамына;
Мұқыр селосы Амангелді ауданы Амангелді селолықокругі Есір селосының құрамына;
Речной селосы Әулиекөл ауданы Құсмұрынкентінің құрамына;
Жилгородок селосы Әулиекөл ауданы Аманқарағай селолық округі Аманқарағай селосының құрамына;
Торғай бұғазы селосы Әулиекөл ауданы Аманқарағай селолық округі Лесное селосының құрамына;
Миалы селосы Әулиекөл ауданы Новонежин селолық округі Калинин селосының құрамына;
Бұлақсор селосы Әулиекөл ауданы Тимофеев селолық округі Тимофеевка селосының құрамына;
Жарықатыз селосы Әулиекөл ауданы Чернигов селолық округі Черниговка селосының құрамына;
Қарағансай селосы Әулиекөл ауданы Шағала селолық округі Көктал селосының құрамына;
Шағала селосы Әулиекөл ауданы Шағала селолық округі Көктал селосының құрамына;
Тастыкөл селосы Денисов ауданы Әйет селолық округі Әйет селосының құрамына;
Синегорск селосы Денисов ауданы Әйет селолық округі Әйет селосының құрамына;
Шұңқыркөл селосы Денисов ауданы Тельман селолық округі Шыбынды селосының құрамына;
Ивангородское селосы Федоров ауданы Костряков селолық округі Курское селосының құрамына.
3. Тимофеев селолық округі Әулиекөл ауданының Тимофеевка селосы;
Шағала селолық округі Әулиекөл ауданының Көктал селосы;
Маяк селолық округі Сарыкөл ауданының Маяк селосы болып қайта құрылсын.
4. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі _______________ Н. Садуақасов |
Сессия төрайымы ______________Д. Космухамбетова |
|
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы _______________ С. Ещанов |
_________________________________________________
Қостанай облыстық мәслихатының
шешімі № 149
(бесінші шақырылымының кезекті VIII сессиясы)
Қостанай қ. 2013 жылғы 29 мамыр
|
|
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және«Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1390 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1298 қаулысына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
$11. «Қостанай облысында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2011-2013 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын бекіту туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2010 жылғы 19 қазандағы № 337 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2011-2013 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасында:
7-тараудағы «Қостанай облысында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2011-2013 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары»:
реттік нөмірі 8 жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
8 |
«Мемлекеттік органдардың бас бостандығынан айыру орындарынан оралған адамдарды әлеуметтік бейімдеуді жүзеге асыруға бағытталған шара-ларды іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылы» тақы-рыбына арналған облыстық семинар өткізу |
Хаттама |
ЖҚҮӘББ |
Жыл сайын, жарты жылда кемінде бір рет |
Талап етіл-мейді |
- |
»;
реттік нөмірлері 9-1 және 9-2 мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
9-1 |
Жұмыспен қамту органдарында есепте тұратын халықтың нысаналы топтар-ынан шыққан жастарды басымдықты тәртіппен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және оларға қосымша жеке, топтық тәрбиелік және психологиялық көмек көрсету |
Облыс әкімі аппаратына ақпарат |
ЖҚҮӘББ,ББ, ДСБ |
Жыл сайын |
Талап етіл-мейді |
- |
9-2 |
Ішкі істер органдарында есепте тұратын, аз қамтылған және қолайсыз отбасыларынан шыққан кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота бөлу мәселе-лерін пысықтау |
Тиісті іс-шараларды ұйымдасты-ру және өткізу |
Қалалар мен аудандар-дың жергілікті атқарушы органдары |
Тоқсан сайын |
Талап етіл-мейді |
- |
реттік нөмірі 10 жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
10 |
Тәрбиелеу колонияларынан оралған кәмелетке толмағандарға және өзге де ата-анасының қамқорынсыз қалған жас-өспірімдерге ерекше назар аудара отырып, белгілі тұрғылықты орындары жоқ, әлеуметтік байланыстарын жоғалтқан кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру және оңалту жөніндегі шаралар кешенін қабылдау |
Облыс әкіміне ақпарат |
ЖҚҮӘББ (жинақтау), ББ, БҚҚД (келісім бойынша), ІІД (келісім бойынша) |
Жыл сайын |
Талап етілмейді |
- |
»;
реттік нөмірлері 10-1, 10-2, 10-3, 10-4, 10-5, 10-6 мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
10-1 |
«Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқық-тарын қорғау жөніндегі ең үздік қалалық, аудандық комис-сия» атты облыс-тық, қалалық конкурстар өткізуді ұйымдастыру |
Облыс әкіміне ақпарат |
ББ (жинақтау), жергілікті атқарушы органдар |
2013 жыл |
Талап етіл-мейді |
- |
10-2 |
Білім беру ұйымдарында құқық қорғау органдарының қатысуымен сабақтан тыс уақытта өзін-өзі қорғау тәсілдерін үйрету және төтенше жағдайларда өзін-өзі орнықты ұстау дағдыларын қалыптастыру мақсатында арнайы тренингтер өткізуді қарастыру |
Облыс әкіміне ақпарат |
ІІД (келісім бойынша), ББ, жергілікті атқарушы органдар |
Жыл сайын 5 қаңтар-да, 5 шілдеде |
Талап етіл-мейді |
- |
10-3 |
Білім беру мекемелері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары ның, сынып жетекшілерінің (тәрбиешілерінің) оқушылардың девианттық мінез-құлықтарының алдын алу жөніндегі авторлық бағдарламалары мен әдістемелік әзірлемелерінің өңірлік конкурс-тарын ұйымдас-тыру |
Облыс әкіміне ақпарат |
Жергілікті атқарушы органдар |
2013 жыл |
Талап етіл-мейді |
- |
10-4 |
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру мекемелерінде және олармен іргелес аумақтарына бейнебақылау қондырғыларын орнату, сондай-ақ пластикалық карточкаларды пайдалана отырып, турникет түріндегі бақылау-өткізу режімін енгізу мәселелерін пысықтау |
Облыс әкіміне ақпарат |
ІІД (келісім бойынша), ББ, жергілікті атқарушы органдар |
Жыл сайын 5 қаңтар да, 5 шілдеде |
Талап етіл-мейді |
- |
10-5 |
Бір облыстың базасында ішкі істер органдары-ның жүйесінде Кадеттер мекте-біне (АҚШ) ұқсас ұйымдар құру жөніндегі жобаны қанатқақты режімде іске асыру туралы мәселелерді пысықтау |
Облыс әкіміне ақпарат |
ІІД (келісім бойынша) |
2013 жылғы 1-жарты жылдық |
Талап етіл-мейді |
- |
10-6 |
Тұрғын үйлер орналасқан жерлерде балалардың аула және спорт алаңдарының қосымша құрылысын ұйымдастыру, жалпы білім беретін мектептер мен үй-жайлар (пәтер) иелерінің кооперативтері базасында аула клубтары санын ұлғайту жөнінде шаралар қолдану |
Облыс әкіміне ақпарат |
Жергілікті атқарушы органдар |
Жыл сайын 5 қаңтар да, 5 шілдеде |
Бюджет-те қаралған қаражат шегінде |
ЖБ |
реттік нөмірі 28-1 мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
28-1 |
Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Германия, Индия және Эстонияның тәжірибесі бойынша «Көршілік қадағалау» бағдарламасын енгізу |
Облыс әкіміне ақпарат |
ІІД (келісім бойынша),жергілікті атқарушы органдар |
2013 жылғы 1-жарты жылдық |
Талап етіл-мейді |
ЖБ |
«Нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу» кіші тарауы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы «Этникааралық және конфессияаралық дау-жанжалдар профилактикасының және алдын ала ескертудің тиімді жүйесін жасау» кіші тарауымен толықтырылсын:
«
77 |
Мемлекеттің конфессияаралық және этникааралық қатынастарды нығайту, сондай-ақ дінаралық негіздегі дау-жанжалдардың және діни экстремизмнің алдын алу саласындағы саясатын тұрғындардың, әсіресе оқушы жастардың арасында түсіндіру мен насихатттау мақсатында үгіт топтарын ұйымдастыру |
Облыс әкіміне ақпарат |
ДІД (келісім бойынша),ІІД (келісім бойынша), ББ, ІСБ, жергілікті атқарушы органдары |
Жыл сайын 5 қаңтар да, 5 шілдеде |
Талап етіл-мейді |
Талап етіл-мейді |
».
12. Осы шешім қабылданған кезінен бастап күшіне енеді.
Сессия төрайымы Д. Космухамбетова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов
_________________________________________________
Қостанай облыстық мәслихатының
шешімі № 150
(бесінші шақырылымының кезекті VIII сессиясы)
Қостанай қ. 2013 жылғы 29 мамыр
Мәслихаттың «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» 2012 жылғы 2 наурыздағы №22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы |
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» 2012 жылғы 2 наурыздағы № 22 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
комиссия құрамына:
Өсер Елеусізұлы Мизанбаев, «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қостанай облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) комиссия мүшесі;
Әлия Құсманқызы Төртқараева, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия мүшесі болып енгізілсін;
А.Б. Сәрсенбаев, М.Қ. Жүндібаев шығарылсын.
2. Осы шешім қабылданған кезінен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Д. Космухамбетова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов
_________________________________________________
Қостанай облыстық мәслихатының
шешімі № 151
(бесінші шақырылымының кезекті VIII сессиясы)
Қостанай қ. 2013 жылғы 29 мамыр
Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы жалақы бойынша берешекті өтеу мәселелері жөніндегі үйлестіру (дағдарысқа қарсы) штабының дербес құрамын бекіту туралы |
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қосымшаға сәйкес облыс әкімі ұсынған Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы жалақы бойынша берешекті өтеу мәселелері жөніндегі үйлестіру (дағдарысқа қарсы) штабының дербес құрамы бекітілсін.
2. Осы шешім қабылданған кезінен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Д. Космухамбетова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов
Мәслихаттың
2013 жылғы «29» мамыр
№ 151 шешіміне қосымша
Қостанай облысының әкімдігі жанындағы еңбекақы бойынша берешекті өтеу мәселелері жөніндегі үйлестіру (дағдарысқа қарсы) штабының дербес құрамы
Садуақасов Нұралы Мұстафаұлы |
- |
Қостанай облысының әкімі, штаб төрағасы |
Аман Евгений Иосифович |
- |
Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары, штаб төрағасының орынбасары |
Корчинская Ольга Марсельевна |
- |
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің еңбекақы төлеу, молшерлеу және әлеуметтік әріптестік бөлімінің басшысы, хатшы |
Штаб мүшелері:
Аймұхамбетова Сәуле Төленқызы |
- |
«Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ басшысы |
Әбенов Мұрат Телғараұлы |
- |
«Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы Қостанай филиалының директоры (келісім бойынша) |
Бектұрғанова Римма Шыңғысқызы |
- |
«Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
Бимендин Нұржан Дастенұлы |
- |
«Қостанай облысы сот актілерін орындау департаменті» ММ бастығы (келісім бойынша) |
Ертаева Балбөпе Ғалымжанқызы |
- |
«Қостанай облысының кәсіподақтар кеңесі» заңды тұлғалар бірлестігінің (Одағының) төрайымы (келісім бойынша) |
Жаулыбаев Ерлан Әлімбайұлы |
- |
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысы |
Испудинов Арман Жақсыбекұлы |
- |
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» ММ бастығы |
Кисленкова Галина Анатольевна |
- |
«Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы |
Мұратбеков Мұрат Тілемісұлы Өтешов Мейрам Олжабайұлы Сухинин Петр Петрович |
- - - |
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті» ММ директоры (келісім бойынша) «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ басшысы «Қостанай облысындағы кәсіпкерлік қызметіне жәрдем беру қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Сұлтанов Азамат Бекетұлы |
- |
Қостанай облысының Әділет департаменті заңды тұлғаларды тіркеу бойынша жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы (келісім бойынша) |
Филиппов Фёдор Ильич |
- |
«Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысы |
_________________________________________________
Қостанай облыстық мәслихатының
шешімі № 152
(бесінші шақырылымының кезекті VIII сессиясы)
Қостанай қ. 2013 жылғы 29 мамыр
«Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрлар даярлау жөніндегі Қостанай облысы әкімдігі жанындағы өңірлік кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2011 жылғы 10 маусымдағы № 394 шешіміне өзгерістер енгізу туралы |
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына және кадрлық өзгерістерге байланысты Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
$11. «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрлар даярлау жөніндегі өңірлік кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2011 жылғы 10 маусымдағы № 394 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қостанай облысы әкімдігі жанындағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрлар даярлау жөніндегі өңірлік кеңес құрамына:
Әлия Құсманқызы Төртқараева, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (ММ) басшысы, Кеңес төрағасының орынбасары болып;
Жұмағали Қауезұлы Сатыбалдин, «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалының директоры, Кеңес мүшесі болып (келесім бойынша);
Федор Ильич Филиппов, «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысы, Кеңес мүшесі болып енгізілсін;
М. Қ. Жүндібаев, Қ. М. Ғабдулин шығарылсын.
2. Осы шешім қабылданған кезінен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Д. Космухамбетова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов
_________________________________________________
Қостанай облыстық мәслихатының
шешімі № 153
(бесінші шақырылымының кезекті VIII сессиясы)
Қостанай қ. 2013 жылғы 29 мамыр
Қостанай облыстық мәслихатының 2012 жылғы 23 қазандағы № 87 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің дербес құрамын жаңа редакцияда бекіту туралы» шешіміне өзгерістеренгізу туралы |
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің дербес құрамын жаңа редакцияда бекіту туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2012 жылғы 23 қазандағы № 87 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Кеңес құрамына:
Асайын Кинашұлы Алдажаров, «Қостанай облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (ММ) бастығы (келісім бойынша), Кеңес мүшесі;
Ерлан Әлімбайұлы Жаулыбаев, «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысы, Кеңес мүшесі;
Динара Иосифқызы Қарымсақова, «Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты жөніндегі басқармасы» ММ бөлім басшысы, Кеңес хатшысы;
Тлеген Советұлы Маткенов, «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті» ММ бастығы, (келісім бойынша), Кеңес мүшесі;
Әлия Құсманқызы Төртқараева, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ басшысы, Кеңес мүшесі болып енгізілсін;
кеңес құрамынан: Б.Б.Аққожина, М.Қ.Жүндібаев, А.А.Мұратов шығарылсын.
2. Осы шешім қабылданған кезінен бастап күшіне енеді.
Сессия төрайымы Д. Космухамбетова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С.Ещанов
_________________________________________________
Қостанай облыстық мәслихатының
шешімі № 154
(бесінші шақырылымының кезекті VIII сессиясы)
Қостанай қ. 2013 жылғы 29 мамыр
Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы мал шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттен субсидиялар алуға агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тізімін және оларға тиесілі субсидиялар көлемін айқындау үшін ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын облыстық мәслихаттың сессиясына бекіту туралы |
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес және кадрлық өздерістерге байланысты Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қосымшаға сәйкес Қостанай облысының әкімі ұсынған Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы мал шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттен субсидиялар алуға агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тізімін және оларға тиесілі субсидиялар көлемін айқындау үшін ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы бекітілсін.
2. Өз құзыреті шеңберінде комиссия қызметін бақылау Қостанай облыстық мәслихатының экономика және селолық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы мал шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттен субсидиялар алуға агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тізімін және оларға тиесілі субсидиялар көлемін айқындау үшін ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 қарашадағы №98 шешімінің күші жойылсын.
4. Осы шешім қабылданған кезінен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Д. Космухамбетова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов
Мәслихаттың
2013 жылғы 29 мамыр
№154 шешіміне қосымша
Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттен субсидиялар алуға агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тізімін және оларға тиесілі субсидиялар көлемін айқындау үшін ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы
Филиппов Федор Ильич |
- |
«Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (ММ) басшысы, төраға |
||||
Гарайханов Руслан Тафкилович |
- |
«Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы, хатшы |
||||
Комиссия мүшелері: |
||||||
Валиев Равиль Габдуллович |
- |
«Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы баскармасы» ММ ветеринариялық бөлімінің басшысы |
||||
Гумеров Марк Болатұлы |
- |
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» ММ мемлекеттік асыл түқымды инспекциясы бөлімінің басшысы (келісім бойынша) |
||||
Қажиев Серік Қобыланұлы |
- |
«Караман-К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қазақстан Республикасы қасапшылар одағы қауымдастығының мүшесі (келісім бойынша) |
||||
Петрухно Тамара Владимировна |
- |
«Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды талдау бөлімінің басшысы |
||||
Рыщанова Рақия Мұхамедиярқызы |
- |
«Қостанай облысының статистика департаменті» ММ басшысының орынбасары (келісім бойынша) |
||||
Сайдлер Наталья Валерьевна |
- |
«Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ қаржы, мемлекеттік сатып алу және жоспарлау бөлімінің басшысы |
||||
_________________________________________________
Қостанай облыстық мәслихатының
шешімі № 155
(бесінші шақырылымының кезекті VIII сессиясы)
Қостанай қ. 2013 жылғы 29 мамыр
«Қостанай облыстық мәслихатының
және «Қостанай облыстық мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
құрылымын және штаттық санын бекіту
туралы» мәслихаттың 2006 жылғы
15 қыркүйектегі шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына, «Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 Жарлығына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2006 жылғы 15 қыркүйектегі «Қостанай облыстық мәслихатының және «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымын және штаттық санын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағының 3) тармағында:
«ұйымдастыру-құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы – 1 бірлік» сөзі - «ұйымдастыру-құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы – 1 бірлік» сөздерімен ауыстырылсын;
«қаржы-талдау бөлімінің бастығы – 1 бірлік» сөзі - «қаржы-талдау бөлімінің басшысы – 1 бірлік» сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім қабылданған кезінен бастап күшіне енеді.
Сессия төрайымы Д. Космухамбетова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С.Ещанов
_________________________________________________
Қостанай облыстық мәслихатының
шешімі № 156
(бесінші шақырылымының кезекті VIII сессиясы)
Қостанай қ. 2013 жылғы 29 мамыр
№25 Денисов сайлау округі
бойынша Қостанай облыстық
мәслихатының депутаты
А. А. Корнеевтің өкілеттігін
мерзімінен бұрын тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабының 4 тармағына сәйкес Қостанай облысының аумақтық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша (2013 жылғы 20 мамырдағы № 21 шығ.) Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағының 4) тармақшасының негізінде қайтыс болуына байланысты, №25 Денисов сайлау округі бойынша Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Александр Анатольевич Корнеевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
2. Осы шешім қабылданған кезінен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Д. Космухамбетова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов
_________________________________________________
Қостанай облыстық мәслихатының
шешімі № 157
(бесінші шақырылымының кезекті VIII сессиясы)
Қостанай қ. 2013 жылғы 29 мамыр
Қостанай облыстық мәслихатының
кезекті ІХ сессиясының күн тәртібін
бекіту және оның төрағасын
сайлау туралы
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
$11. Қостанай облыстық мәслихатының кезекті ІХ сессиясының мынадай күн тәртібі бекітілсін:
1) облыс әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі;
2) Сарыкөл ауданының селолық аумақтарын дамыту туралы.
Сессия төрайымы Д. Космухамбетова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов
_________________________________________________
Қостанай облыстық мәслихатының
шешімі № 158
(бесінші шақырылымының кезекті VIII сессиясы)
Қостанай қ. 2013 жылғы 29 мамыр
Қостанай облыстық мәслихатының
Грамотасымен марапаттау туралы
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Қостанай облыстық мәслихатының Грамотасымен марапатталсын:
Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан зор үлесі, белсенді азаматтық ұстанымы және 75 жасқа толуына байланысты:
Кәкімжан Қарбозұлы Қарбозов – Жангелдин ауданының «Құрметті азаматы», аудандық мәслихаттың 2 шақырылымының депутаты.
Сессия төрағасы Д. Қосмұхамбетова
Қостанай облысытқ
мәслихатының төрағасы С.Ещанов
|