Қостанай облыстық мәслихаттының білім және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
 
Қостанай қ.                                                      2013 жылғы 11 желтоқсан
                           
        
Қостанай қаласында техникалық
және кәсіби білім жүйесінің дамуы туралы
Ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Қостанай қаласы аумағында 19 колледж (оның ішінде 10 мемлекеттік, 9 жеке) орналасқан. Жалпы оқушылар контингенті 15 054  адамды құрайды. 5 мемлекеттік және 4 жеке колледждерде жатақхана бар. Жатақханаға деген мұқтаждық 2 оқу орындарында («Қостанай автомобиль көлігі колледжі» МКҚК, «Қостанай политехникалық колледжі » МКҚК  500 орыннан) бар.
Колледждердің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.  2013 жылы «Қостанай құрылыс колледжі» МКҚК заманауи жабдықтар сатып алу үшін. республикалық бюджеттен  25 млн. теңге бөліну жоспарланып отыр.
Мамандарды дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде. 2013-2014 жылғы ақу жылына әкімдіктің қаулысымен (2003 жылғы 3 маусымдағы № 212)  5 788 адам санымен мемлекеттік тапсырыс бекітілді.  Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік тапсырыс 98 адамға (1,7%) өсті. Жалпы мемлекеттік тапсырыс санынан Қостанай қаласының оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс 2 413 адамды құрайды.
Соңғы жылдары жатақхана сандары көбейді. Қазіргі кезде 26 жатақхана жұмыс істейді, оның 9-ы қала аумағында (5 мемлекеттік, 4 жеке) орналасқан. Олардың жалпы жобалық алымдылығы 1 443 орынды құрайды. 2010 жылы  Қостанай құрылыс колледжінің жатақханасына күрделі жөндеу жасалды. Қазіргі кезде Қостанай автомобиль көлігі колледжінде 500 орындық жатақханаға және Қостанай политехникалық колледжінде 500 орындық жатақханаға деген сұраныс бар.
Қаланың екі колледжінде қос оқыту жүйесінің элементтері енгізілуде, атап айтқанда «Қостанай автомобиль көлігі колледжі» МКҚК 2 мамандық бойынша («Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, оны жөндеу және пайдалану», «Есептегіш техника және бағдарламамен қамтамасыз ету»), «Қостанай қызмет көрсету саласы колледжі» МКҚК 1 мамандық бойынша («Нан пісіру және макарон, кондитерлік өндіріс»).

Халықаралық  ынтымақтастық даму үстінде. 2012 жылдан бастап «Қостанай автомобиль көлігі колледжі» МКҚК және «Нанянг Политекник Интернешнл» колледжі (Сингапур қ.) арасында жасалған шарт іске асырылып жатыр. 2013 жылдың мамырынан бастап . «Қостанай политехникалық колледжі » МКҚК  «Lycee des metiers - Santos Dumont» колледжімен ( Париж қ. , Франция) бірлесіп жұмыс істеп жатыр.Серіктестік шеңберінде бірлескен оқу бағдарламаларын өңдеу жүргізіледі, колледждердің оқытушылары және өндірістік білім беретін шеберлері шетелде біліктілікті көтеру курсынан өтеді.   .

Студенттермен тәрбиелік жұмыс жүргізуге ерекше көңіл бөлінеді. 2012 жылғы қазанда колледждер арасында 1 Облыстық спартакиада, ал 2012 жылғы желтоқсанда  «Қысқы студенттік ойындар» Спорттық Фестивалі өтті. Ағымдағы жылдың 14-15 наурыз аралығында жалпы білім беру пәндері бойынша  I-Кешендік Олимпиада (студенттерді кешендік тестілеуге дайындау үшін) болды.  Ағымдағы жылдың 22-23 мамыр аралығында «Студенттік көктем-2013» Жастар Фестивалі өткізілді. Ағымдағы жылдың қазанында екінші Облстық спартакиада өткізілді. Ағымдағы жылдың 26 қарашасында «Бір шаңырақ астында» атты толеранттықтың  1-Облыстық Фестивалі өткізілді, оған 400 астам адам қатысты.  

Проблемалар арасынан кәсіби лицейлердің колледж мәртебесіне ауысу механизімінің олқылығын, оқу өндірісінің жұмысын реттейтін НҚА тапшылығын, ТжКО мекемелерінде жатақхана санының жетіспеуін және материалдық-техникалық жабдықталы проблемасын атап өту керек. 

Тұрақты комиссияның жұмыс сапары барысында мәселе қаланың 4 колледжі бойынша зерделенді. Ұсынылған ақпараттар негізінде және жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыстық мәслихатының  комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

$1I.                  Қостанай облысы әкімдігінің білім беру басқармасының басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Қ. Т. Ибрагимованың  «Қостанай қаласында техникалық және кәсіби білім жүйесінің дамуы туралы» ақпараты назарға алынсын.

II.Ұсынылсын:

1. Қостанай облысы әкімдігінің білім беру басқармасына:

1.1. Өндірістік оқыту шеберлері үшін оқу жүктемесі және тарифтеу қайта қаралсын.  ;

1.2. Колледждер жатақханасының құрылысы үшін және материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаражаттар бөлу туралы өтініш берілсін.  

2. Колледждер директорларына:

2.1. Колледждер оқушыларының инновациялық ойлауын және ғылыми шығармашылығын дамыту бойынша жұмыс күшейтілсін;

2.2. Колледждерде тәрбие жұмыстары күшейтілсін, жастар істері жөніндегі комитеттерді құру мүмкіндігі қарастырылсын.

3. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы жұмыс тобын ұйымдастырсын және ҚР Мәжіліс Парламентіне мынадай ұсыныстар тұжырымдалсын.

3.1. Алынған кіріс өндірістің негізгі қызмет түрін дамытуға бағытталатын ескеріп, оқу өндірістерінің коммерциялық қызметін реттейтін заңды механизм жасау туралы.

3.2. Жұмысшы мамандықтарын сақтау үшін дайындық деңгейі және мамандықтардың бағдары бойынша колледждерді саралау жүйесін өңдеу туралы.

3.3. Бұрын толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болған тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтары есебінен колледждердің оқушыларын мемлекеттік қамтамасыз етудің оңтайлы жүйесі туралы. 

4. Осы қаулы Қостанай облысы әкімдігінің білім беру басқармасына жолдансын, қаулының орындалуы туралы ақпарат облыстық мәслихатқа 2014 жылдың 1 желтоқсанына дейін берілсін.
 
Тұрақты комиссия
төрайымы                                                                       Е.Смышляева

Расписание дв.-я поездов

1

Расписание дв.-я самолетов

2

Электронный акимат

3

  • akorda-kz
  • kostanay-kz
  • egov-kz
  • parlam-kz
  • government-kz
  • ekst-kz
  • sim-kz
  • tobol
  • grin
  • kstwomen-kz
  • kstakimat-kz
  • poslanie-kz
Разработка сайта - www.yoline.kz .