-
Қостанай облыстық мәслихатының білім және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысының ҚАУЛЫСЫ Қамысты кенті 2012 жылғы 20 желтоқсан
Қамысты ауданында
мемлекеттік жастар саясатын
іске асыру туралы
Істің жағдайын зерделей және Қамысты ауданы әкімінің орынбасары Г.Ахметшинннің есебін тыңдай келе, тұрақты комиссия ауданның өкілді және атқарушы органдарының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөнінде мақсатты жұмыс жүргізгенін атап өтті.
Мемлекеттік жастар саясатын Қамысты ауданында іске асыру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Қамысты ауданынын аумағында 14 пен 29 жас аралығында 3590 жас адамдар тұрады, оның ерлері – 1850, әйелдер – 1740 адам, 14-тен 18 жасқа дейінгі оқушы жастар – 1576, жұмысссыз жастар – 55, өз ісімен айналысатын жастар – 354.
Жалпы халықтын санымен салыстырғанда жастар – 23 %-ы құрайды.
Жыл сайын аудандық жастар бағдарламасын қаржыландыру ұлғайтылып келеді. 2011 жылы 1 млн.392 мың теңге, ал 2012 жылы 1 млн.489 мың теңге бөлінді.
Өңірлік жастар бағдарламасы жастардың әлеуметтік-маңызды жобаларын және аудан жастарының бастамаларын іске асыруға, талантты, ауылда жұмыс істейтін жастарға, жас отбасыларына қолдау көрсетуге, жастардың кәсіпкерлігін, жастардың селолық үкіметтік емес ұйымдарын дамытуға бағытталған. Жастар бағдарламасын іске асыру жоспары аудан әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңесте бекітілген.
Ағымдағы жылда жастар ортасында Ел Президенті Жолдауының негізгі бағытарын түсіндіру, азаматтылық және қазақстандық патриотизмді дамыту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар бастамаларын дамыту және талантты жастарға қолдау көрсету бағыттары бойынша 511 іс-шара ұйымдастырылды.
Аудан аумағында «Селодағы жастар бастамаларын дамыту» жобасын іске асыратын «Нұр жастар» атты Қамысты ауданы жастарының одағы» жұмыс істейді.
Жоба шеңберінде Жеңіс Күніне арналған еріктілердің «Я помню, я горжусь!» атты георгиев ленталарын тағу акциясы өткізілді. Аштықтың 80-жылдығына және саяси репрессия құрбандарының 75-жылдығына арналған акция халық арасында еске алу листовкаларын тарату арқылы өткізілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 20-жылдығына арналып өткізілген «Менің Қазақстаным» атты патриоттық акция; «Туған күнінмен, Астана!» акциясында жастар тұрғындарды Астана Күнімен құттықтап және оны мерекелеуге шақырды. Конституция күнінде жастардың дайындаған алыс және жақын шетелдердегі тұратын камыстылықтардың мерекелік бейнеқұттықтауы көрсетілді. Аудандық «Камышовый рай» КВН командасы 3 рет Костанай қаласына барып, облыстық «Север» КВН Лигасының финалына шығып, Қостанай облысы әкімінің жүлдесін алды.
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды баяндау жөніндегі ақпараттық жұмыс аудандық «Қамысты жаңалықтары – Камыстинские новости» гажетінің беттерінде, «Акцент» атты Лисаков телеарнасының сюжеттерінде, облыстық «patrioti.kz» сайтында жүргізіледі.
Ауданда жастардың шешімдер қабылдауы деңгейіне рұқсат ету қамтамасыз етілген. Аудандық мәслихатта жастардың өкілі, 27 жастағы депутат – А.Т.Тілеубергенов бар.
Ауданда аудан мектептерінің белсенділерінен құрылған жастар мәслихаты жұмыс істейді. Жастар мәслихат жұмысына белсенді түрде қатысады, қабылданған шешімдерді зерделейді, өз ұсыныстарын қызығушылықпен алға қояды.
Аудандық білім бөлімі мектеп түлектерін еңбекке орналастыруға талдау жасайды. Өткен оқу жылында аудан мектептері түлектерінің жалпы санынан (11 сынып – 151 адам) 132 адам оқуға түсті, 18-і кәсіпорындарда жұмыс істейді. Бір мектеп түлегі денсаулығына байланысты жұмысқа орналастырылған жоқ. 9 сыныптар арасында – 172 түлек, оның 170-і оқуға түсті, 1-і ауыруына байланысты оқымайды, 1-і облыс көлемінен сыртқа кетті.
Жастар саясатының басты бағыттарының бірі – аудан жастарын әлеуметтік қорғау жүйесін қалыптастыру.
Осылайша, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мен «Жұмыспен қамту орталығы» ҚММ-не 2011 жылы 82 адам өтініш еткен, оның 64-і – жастар, өтініш айткандардың 78%-ын құрайды.
31 адам бағдарлама қатысушылары болды, оның 28-і – жастар, 90 % - ды құрайды. Жастар арасынан әлеуметтік жұмыс орындарына 6 адам орналастырылды, оның 6-ы тұрақты жұмыс орнына орналастырылды. Еңбек нарығына талап етілетін 8 мамандық бойынша кәсіптік оқытуға 11 адам (оқу мерзімі 2 жыл 10 ай, аудан мектептерінің түлектері) жіберілді, Қостанай мен Рудный қалаларының колледждері мен кәсіптік лицейлерінде 12 адам қайта дайындаудан өтті, оның 11-і жастар.
Қайта дайындау курсын аяқтағандардан әлеуметтік жұмыс орындарына 2 адам, тұрақты жұмыс орындарына 3 адам орналастырылды. 6 адам бос қызмет орнынан бас тартып, аудан көлемінен сыртқа кетті.
2012 жылғы жағдай бойынша жұмыспен қамту орталығына 154 адамнан өтініш түскен, оның 88-і – жастар, барлығы да кеңестер алды, 60 әлеуметтік шарт жасалды.
2012 жылғы 10 қаңтарға дейін жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік жұмыс орны мен жастар тәжірибесінен өту үшін жұмыс орнына жұмыс берушілерден 20 тапсырыс жинады.
2012 жылғы наурыздан бастап жұмыс берушілермен 10 шарт жасалды және әлеуметтік жұмыс орнына 16 адам орналастырылды, оның 6-ы жастар. Жастар «Үндемес» ШҚ, «Ф.Х.Гайсина» ЖК, «Р.С:Ақбасов» ЖК «Артур» ШҚ «Бестөбе-2» ЖШС, «ПКФ «Қайрат»» ЖШС сиякты кәсіпорындарда жұмыс істейді.
Маусым айынан бастап ауданның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарына жастар тәжірибесіне 17 адам жіберілді.
Жастар тәжірибесін аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыс орнына 17 адам орналастырылды.
Ағымдағы жылда 6 талап етілетін мамандықтар (бухгалтер, токарь, хатшы-референт, электрлік, газдық дәнекерші, аспаз, сатушы) бойынша кәсіптік қайта дайындаудан 8 адам өтіп, сипендия төленді. Олардың 6-ы тұрақты жұмыс орнына орналастырылды, 1 адам Рудный қаласына орналастырылды, 1 адам объективті себеппен жұмысқа орналастыруды қажет етпейді (балаға кутім жасау бойынша декреттік демалыста).
Енбек нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша кәсіптік оқытуға 13 адам жіберілді.
Педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жоғары білім алу үшін аз қамтылған отбасыларының жастарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Қостанай облысы әкімінің 8 гранты бөлінген, оның ішінде 5-і – педагогикалық мамандықтар бойынша, 3-і – медициналық мамандықтар бойынша. Аудан әкімінің 13 гранты бөлінген, оның ішінде 10-ы - педагогикалық мамандықтар бойынша, 3-і – медициналық мамандықтар бойынша.
Ауданда жас мамандарды қолдау жөніндегі жұмыс белсенді түрде жүргізілуде. 2011 жылы селолық елді мекендердің әлеуметтік саласы жұмыскерлерін әлеуметтік қолдауға 15 млн.45 мың теңге бөлінді, оның ішінде көтерме жәрдемақы төлеуге 2 млн.646 мың теңге және тұрғын-үй сатып алуға кредит беруге 12 млн.804 мың теңге.
2012 жылы селолық елді мекендердің әлеуметтік саласы жұмыскерлеріне қолдау көрсетуге 32 млн.861 мың теңге бөлінді, оның ішінде көтерме жәрдемақы төлеуге 3 млн.737 мың теңге және тұрғын-үй сатып алуға кредит беруге 29 млн.124 мың теңге.
2011 жылы «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша 25 маманға көтерме жәрдемақы берілді, 8 маман тұрғын-үй сатып алуға кредит алды, 2012 жылы 33 маманға – көтерме жәрдемақы, 14 маманға кредит берілді.
Ауданда интеллектуалды және шығармашылық әлеуетті сақтау мақсатында спорттық секциялар жүйесі дамытылған, спорттық жарыстар, конкурстар, көрмелер мен фестивальдер үнемі өткізіліп тұрады.
Өткен жылы ауданға тұрақты қоныс етуге еркін күрес, волейбол және шаңғы спортының жаттықтырушылары келіп орналасып, өңірде дене шынықтырумен айналысатындардың легін көбейтті. 2011 жылы «Қамысты ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ жас спортшыларға қолдау көрсету және спорттық іс-шараларды өткізу жөнінде 145 іс-шара өткізді. 2012 жылдың өткен мерзімінде 22906 адам қатысқан 147 іс-шара өткізілді. Жергілікті бюджеттен спорттық құралдар сатып алуға үнемі қаражат бөлініп отырады. Ауыл шаруашылығы басшылары түрлі спорт шараларын өткізуге көмек көрсетіп отырады. Аудан аумағында 97 спорттық құрылыстар бар, оның ішінде 6 стадион, 2 спорттық кешен, 3 жүзу бассейні, 24 спорттық зал, 3 ату тирі, 56 жазықтық құрылыстар, 2 теннис корты, 1 қосымша салынған спорттық зал бар. Спорттық резервті дайындау жұмысын 454 оқушысы бар Қамысты аудандық балалардың спорт мектебі өткізеді.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес мемлекеттік медициналық мекемелерде тегін кызмет көрсетілуге жастардың әлеуметтік құқығы бар. Мысалы, 2011 жылы консультативті-диагностикалық көмек бойынша – 778 жас адамға қызмет көрсетілді, стационарда – 1523 адам емделді. Осы жылдың өткен мерзімінде – 627 адамға қызмет көрсетіліп, 1143 ер балалар мен қыздар емделді.
Жастар саясатын іске асыру туралы мәселені депутаттар аудандық мәслихат отырысында осы жылдың екінші тоқсанында тыңдады. Отырыс нәтижесі бойынша депутаттар ұсыныстар жасап, ол ұсыныстар өз кезегінде назарға алынып, алдағы жұмыстарында еске алатыны айтылды. Мемлекет басшысының саясатын іске асыруда мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы жөніндегі жұмысты күшейту туралы ұсыныс жасалынды. Ауданның ішкі саясат бөліміне жастар саясаты бағыттарының мониторингін, ал «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ мен «Ауданның қаржы бөлімі» ММ осы бағдарламаны іске асыруға бөлінген бюджеттік қаражаттарды игеру жөнінде бақылау жасау ұсынылды.
Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында «ПРЭК Консалдинг» ЖШС өткізген блиц-сауалнама бойынша қамыстылық жастардың 66,9%-ы жастарға байланысты мемлекеттік саясатқа қанағаттанатындықтарын туралы айтты. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мемлекетін дамыту Стратегиясының жастарды қолдау деңгейінің 8,9 %-ға өскендігін ескеру қажет (1 тоқсанда – 68 %, 2 тоқсанда – 76,9 %. Бұл қызметті жеделдету, жастардың қоғамдық-саяси оқиғаларға жеке қатысуы кезінде көрінеді.
Ауданның жас өспірімдермен жұмысты ұйымдастырудағы кейбір кемшіліктері жастар ортасында құқық бұзушылық жасау фактілерінен көрініс береді. 2011 жылы 14 пен 29 жас арасындағы адамдар 76 қылмыс жасады. Негізгі қылмыстар «бөгде адамдардың мүлігін ұрлау» және «бұзақылық жасау» баптары бойынша жасалынған. 2012 жылдың өткен мерзімінде ұқсас құқықбұзушылық бойынша 50 адам тіркелген. Әкімшілік құқық бұзушылыққа 2011 жылы 160 адам, 2012 жылдың 10 айында 171 адам тартылған.
Жастардың үкіметтік емес ұйымдары дұрыс дамытылмаған. Жыл сайынғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемінің көбеюінде қызмет көрсетудің жабдықтаушылары жоқ. Бірақ, бастамашыл топтар мен ауданның қалыптасқан жастар активінің өз орны бар.
Өңірде жастар саясатының қалыптасуына арнайы орта оқу орнының жоқтығы әсерін тигізеді.
Жастардың өз пікірлері бойынша ауданда Жастар бастамасының орталығы, Интернет – клуб, Денисов немесе Жітіқара КТУ филиалдарын ашу қажет деп есептейді.
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Жастар саясатын іске асыру жөнінде Қамысты ауданының өкілді және атқарушы органдарының мақсатты жұмысы назарға алынсын. ҰСЫНЫЛСЫН:
2. Қамысты ауданының мәслихаты мен әкімдігіне:
2.1.Жастардың үкіметтік емес ұйымдары мен бастамашыл топтарын дамыту және қолдау көрсету (оның ішінде тіркеуден өткізу) шаралары күшейтілсін.
2.2.Жастар саясатын іске асыру барысын аудандық газетте баяндап отыру күшейтілсін. (тұрақты айдар ашылсын).
2.3.Мәслихаттың тұрақты комиссия отырыстары мен әкімдік отырыстарында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері жүйелі түрде тыңдалсын.
2.4.Жастар саясатын іске асыруда бизнес-сектордың қатысу мәселелерінде аудандағы «Алтынсарино» ЖШС тәжірибесін жинақтап қорыту.
2.5.Жастардың қоғамдық Кеңестерге, ауданның кеңес органдарына қатысуы қамтамасыз етілсін.
2.6. Жастармен жұмысты ауданның мемлекеттік мекемелерінің барлық бағыттағы қызметтерін жоспарлау және бағалау критерийлеріне енгізсін.
2.7. Жастар саясаты тұрғысындағы барлық мемлекеттік мекемелердің жұмысы жүйелендірілсін.
3. Аудандық жұмыспен қамту орталығына:
3.1.Аудандық білім бөлімімен бірігіп мектеп бітіргеннен кейін қандай да бір себеппен мамандығы бойынша оқуын жалғастыра алмай қалған түлектердің есебін алу және оқыту жөніндегі жұмыс өзектендірілсін.
3.2. Жастардың жұмыспен қамту бағдарламасының жұмыс орны және мүмкіндіктері туралы мәліметтер базасына рұқсатты қамтамасыз ету жөнінде жүйелі жұмыс жүргізілсін.
4. Аудандық білім бөліміне
Мектеп түлектері арасында кәсіпке бейімделу жұмысы күшейтілсін.
5. «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалына
5.1. Өңірдегі «Жас Отан» жастар қанатының жұмысы күшейтілсін.
5.2. Өңірде мемлекеттік жастар саясатын іке асыру барысына қоғамдық бақылау күшейтілсін.
6. Қостанай облыстық мәслихатының білім және жастармен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясы аудан орталығында арнайы орта оқу орнының филиалын ашудың мақсатқа лайықтылығы мен мүмкіндігі қарастырылсын.
7. Аудандық мәслихат пен аудан әкімдігі 2013 жылғы 1 қарашаға дейін қабылданған шаралар жөнінде Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясына ақпарат берсін.
8. Осы қаулы Қамысты аудандық мәслихаты мен аудан әкімдігіне жолдансын және Қостанай облыстық мәслихатының сайтына орналастырылсын.
Облыстық мәслихаттың тұрақты
комиссиясының
төрайымы Е.Смышляева -
Қостанай облыстық мәслихатының білім беру және жастармен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының ҚАУЛЫСЫ Ұзынкөл кенті 2012 жылғы 21 қыркүйек
Өңірдегі істің жағдайын зерделеп, Ұзынкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі бастығының «Ұзынкөл ауданы мектептерін педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етуді жақсартудың жағдайы мен шаралары туралы» есебін тыңдай келе, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы Ұзынкөл ауданының өкілді және атқарушы органдарының аудан мектептерін педагогикалық кадрмен қамтамасыз ету жөнінде нақтылы жұмыс жүргізіліп отырғанын атап өтті.
Кадр потенциалының мәні мен мазмұны білім беру деңгейін, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін анықтау, аудан мектептерін маман пән мұғалімдерімен толықтыру болып табылады.
Ауданда 16 орта мектеп, 8 негізгі, 4 бастауыш мектеп жұмыс істейді. Жыл сайын білім беру мекемелері жүйелерін нормативтерге сәйкес келтіру жөнінде жұмыстар атқарылуда. Ағымдағы жылдың маусымында –Пилькинский бастауыш мектебі, шілде айында - Берлыкская, Воскресеновская, Первомайская мектептері жабылды, негізгі мектептер бастауыш мектеп болып қайта ұйымдастырылды. Барлық оқушылар саны – 2907, орта мектептерде – 2570, негізгі мектептерде – 296, бастауыш мектептерде – 41, ұзартылған топтарда – 220, ШО-да 563 бала бар.
Барлық мұғалімдер саны – 461, оның ішінде жоғары білімділері – 382, арнайы орта – 79, жалпы орта - 0, жоғары санаттағылар – 19, І-ші санаттағылар – 145, ІІ-ші санаттағылар – 123, санаты жоқтар -174, наградалары барлар: еңбек даңқы ордені – 1, «Оқу ісінің үздігі» белгісі – 15, Ыбырай Алтынсарин медалі – 1, Н.Крупская атындағы сыйлық – 1, Білім Министрлігі грамоталары – 20 мұғалімде бар. Оқушылардың білім сапасы кадр әлеуетіне байланысты болады. Сондықтан ауданның білім бөлімі мектептерді маман-пән мұғалімдермен толымдау жөнінде мақсатты жұмыс жүргізіп отыр. Соңғы жылдары педагогикалық ұжымдар тұрақты жұмыс атқаруда, оқу жылының басына бос жұмыс орны бір-екі бірлікті ғана құрады.
Мектеп жұмыс жасауы үшін білім беру қызметіне лицензия алуы қажет. Лицензия берудің шарты бойынша кадрлардың 30 %-ы 1-ші және жоғары санатта болуы тиіс. Российская ОМ-де 16,77%, Куйбышев ОМ-де – 23,68 %, Белоглинская НМ-де - 25% және негізгі мектептерде педагогтардың сапа құрамдары сәйкес келмейді.
Аудан бойынша мұғалімдердің білікті санаттары 32 %-ды құрайды. Біліктілік санаттары бойынша төмен көрсеткіштер мектептерде 30 жасқа дейінгі педагогтар 35 %-ды құрайтындығымен түсіндіріледі. Жас мамандар жақсы тәлімгерлердің болғандығынан тәжірибе жинақтауда.Өткен оқу жылында 6 педагогтың жұмыстары лизензиялаудан өтті және олардың біліктілік дәрежесі жоғарылатылды. Биылғы жылы 74 педагог санаттарын жоғарылатуға өтініш берді, жоғары санатқа – 8, оның 6-ы алды, бірінші санатқа – 20, оның 19-ы алды, екінші санатқа – 46, оның 45-і алды.
Педагогтар БЖИ мен БҚҚ өз білімдерін көтереді. Өткен жылы 146 педагог курстардың тыңдаушылары болса, олардың 131-і – облыстық бюджет бойынша, 15-і шаруашылық есептегі негізде. Ал биылғы жылы 78 мұғалім курста болды, оның 19-ы шаруашылық есептегі негізде.
Мұғалімнің жұмыс сапасына оқу жүктемесінің әсері болады. Аудан бойынша орташа педагогикалық жүктеме 19,3 сағатты құрайды. Ең жоғары жүктеме математика, физика-информатика пәндерінде.
Мектептердің педагогикалық мамандыққа кәсіптік бейімделуі жөніндегі жұмысының нәтижесі - кадрлардың тұрақтану болып табылады. Мектеп түлектерінің 45-і – облыс пен республиканың ЖОО-ның педагогикалық факультеттерінде, 40 түлек колледждарда оқиды.
Ұзынкөл ауданының мектептерінде 460 педагог жұмыс істейді, оның 83(18%)-і 3 жылға дейін өтілі бар жас мамандар.
Жыл сайын аудан мектептері жас мамандармен толықтырылып отырады. 2009 жылы 40 жас маман – көтерме ақы алды, тұрғын үйге кредит алғандар - 0; 2010 жылы 23 - көтерме ақы, тұрғын үйге кредит алғандар – 11, 2012 жылы – 27 - көтерме ақы, алды. Қазір көтерме жәрдемақы мен кредиттер рәсімделуде.
Жас мамандардың тез бейімделулері үшін түрлі амалдарды қажет етеді. Жас мұғалімнің бейімделуінде Жас мұғалімдер мектебі маңызды рөл атқарады. Білім бөлімі жас маман-педагогтарды және олардың кәсіби өсуін бекіту үшін жағдай жасау жөнінде жұмыс жоспарын әзірледі. Жоспарда мынадай салалар қамтылды: нормативті құжаттарды зерделеу, сабақтағы және сабақтан тыс кездегі қызмет, жас мұғалімдер мен тәлімгерлердің ынтымақтастығы, сабақты талдау және өзін-өзі тексеру, оқыту нәтижелерінің диагностикасы, педагогикалық технологиялар және т.б. Мектептің жас мұғалімдер мектебі отырыстарында оқытудың әдістемелік ортасын құру мәселелері қарастырылады, жас мамандардың аналогиялық проблемаларына талдау жүргізіледі. «Жас мұғалімге» портфолиосы, тесттер мен сауалнама банктері құрылды, қиындықтарға мониторгинг пен диагностика жүргізіледі, 4 демеу мектептерде АӘО семинар отырыстар, сондай-ақ оқыту семинарлары өткізілді.
Ауданның жас педагогтарында педагогикалық ұжымдарда психологиялық жайсыздық жоқ. Жас мамандар тәжірибе жинақтауда, тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына кіреді.
Қойылған міндеттерге жетулері үшін жас мамандармен жұмыстың нақтылы түрлерінің қолданылу жүйесі көмектеседі:
- ауданда «Түлектер кездесуі» мерекесін өткізу дәстүрге айналды. Ол тамыз конференциясы кезінде өткізіледі, оған педагогикалық еңбек ардагерлері мен жас мамандар шақырылады.
- жас педагогтарды ауданның қоғамдық өміріне қатысуға тартады.
Ауданда №2 Ұзынкөл орта мектебінің жас мұғалімдерінің бастамасымен мақсаты – қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын құру және насихаттау және жастырдың қоғамдық белсенділігінің шығармашылық әлеуетін дамыту болып табылатын «Ұзынкөл жастары» қоғамдық бірлестігі құрылды. Ауданда көшбасшы болып табылатындар:
- О.С.Славцова – бірлестік мүшесі, патриоттық жастардың IV облыстық форумының қатысушысы, қоғамдық өмірге белсенді араласқаны үшін облыс әкімінің грамотасымен марапатталған;
- Г.С.Жексембаева, М.Ш.Нұртазина, Д.А.Амрин V жастар форумының қатысушылары;
- Т.А.Шакирова – қазақ тілі пәнінің мұғалімі (Федоров орта мектебі), аудандық «Отбасы ошағының сәулесі» атты шығармашылық конкурсының жүлдегері;
- Э.Т.Ермағамбетова, К.Ж.Бермағамбетовалар да бірлестік мүшелері болып табылады, қоғамдық өмірге белсенді араласқаны үшін аудан әкімінің грамотасымен марапатталған;
- К.Ж.Бермағамбетова – қазақ тілі пәнінің мұғалімі (№2 Ұзынкөл орта мектебі), 2011 жылы – аудандық «Қазақ тілі пәнінің үздік мұғалімі» конкурсында 1 орын алып, АББ грамотасымен марапатталған;
- Н.В.Лысенко – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (Киев орта мектебі), әдістемелік бірлестіктің аудандық семинарында «Қазіргі заманғы сабақ – орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің инновациялық қызметінің негізі» атты баяндама оқыды.
- Жас педагогтар ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді түрде қатысады: К.Ж.Бермағамбетова – қазақ тілі пәнінің мұғалімі, О.С.Славцова – бастауыш сыныптар мұғалімі (№2 Ұзынкөл орта мектебі) тәлімгер-ұстаздар А.А.Амрина мен Р.К.Қожанованың жетекшілігімен «Табиғат біздің досымыз» ОӘК атты интеграциялық факультативтік курсын құрып және лицензиялады.
Федоров ОМ жимия пәнінің мұғалімі И.В.Бәйкенова, математика пәнінің мұғалімі (Новопокровская ОМ), Р.В.Бондаренко тарих пәнінің мұғалімі (Киев ОМ) оқушылармен бірігіп зерттеу жұмысын жүргізеді және аудандық, облыстық конкурстарға қатысады.
Биылғы жылы екі жас маман мерзімінен бұрын аттестациядан өтеді.Олар: үздік және жыл мұғалімі дипломы бар маман, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - К.Ж.Бермағамбетова (№2 Ұзынкөл ОМ) және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Н.В.Лысенко.
Селолық округтерде тұрғын үй беріледі, оны төлеу мәселесі де шешілуде. Басқа аудандардан келген мамандарға пәтер, отын беріледі.
Шаруашылық ұстаушы субъектілер тарапынан жас мамандарға тұрғын үй сатып алуда, тамақ өнімдері бар шаруашылықтардан арзан бағамен тамақ, отын алуға көмектер көрсетіледі.
Әлеуметтік бейімделуге жақсы жағдай жасаған «Тойсай»ЖШС-нің директоры У.С.Ағайдаровтың, «Обаған ауылы» ш/қ басшысы Т.Ж.Қарабаевтардың жақсы жұмыстарын атап өту қажет.
Педагогикалық кадрлармен жұмыс мәселелері үнемі білім бөлімі мен мектеп басшыларының бақылауында болады, жыл сайын кеңестерде білім бөлімінің бастығының қатысуымен осы мәселе қарастырылады.
Сонымен бірге өңірде бірқатар проблемалы мәселелере де бар. Көмір, ағаш сияқты коммуналдық қызметтерге, электрге, газға, суға төлемақыларға жеңілдік қарастырылған. Бүгінгі күні ол ҚР «Білім туралы» Заңында айтылғанмен, отынды жұмсау жөнінде Орталық орган әзірлеп, ҚР Үкіметі бекітілуге тиісті мөлшерлердің жоқтығынан жергілікті атқарушы органдардың отынға әлеуметтік мөлшерді анықтауға мүмкіндіктері болмай отыр.
Ауданда 27 мектептің 25-і шағын кмплектілі болып табылады, осыған байланысты пән бойынша мұғалімдердің ставкалары толық емес. Демек, шағын комплектілі мектептің мұғалімі 2 немесе 3 пән бойынша маман болулары қажет. Облыстық ЖОО базаларында мұғалімдерді оқытудың дистанциялық пункттерін ашу қажет, себебі осы практика осы ауданда тәжірибе жүзіне асырылып отыр.
Облыстық мәслихаттың білім және жастармен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:І. Ұзынкөл ауданы әкімінің ақпараты назарға алынсын.ІІ.Ұсынылсын:1. Ұзынкөл ауданы әкімдігіне:
Педагогикалық мамандықтар бойынша аудан әкімінің грантымен оқуға қосымша қаражаттар бөлу қарастырылсын.
Меценаттық пен әлеуметтік жауапкершілік мәселерінде жеке сектор өкілдерімен өзара іс-қимыл күшейтілсін, кәсіпкерлер гранттары енгізілсін.
2. Ұзынкөл ауданының білім бөліміне:
Тәлімгерлік практикасында жас мамандарға қолдау көрсету жұмысы жалғастырылсын.
Педагогикалық ұжымның біліктілігі мен дәрежелілігіне көңіл аударылсын.
Жұмыспен қамту бөлімімен бірігіп ауданның педагогикалық кадрларға қажеттілігінің ұзақ мерзімді болжамы әзірленсін.
3. Ұзынкөл аудандық мәслихаты мен әкімдігіне:
Мәслихаттың тұрақты комиссиясы отыорыстарында және әкімдік отырыстарында аудан мектептерінің педагогикалық кадрлармен қамьамасыз етілуі мәселесі талдансын.
4. Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарында Ұзынкөл ауданының педагогикалық кадрларын қайта дайындауға квотаны көбейтсін, оның ішінде профилін өзгерту және қосымша мамандық алу.
5. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы селолық жерлерге жұмысқа келген жас педагогтарға коммуналдық қызметтің өтемақысы мәселесі жөнінде ҚР Парламентінің мәжілісі депутаттарына өтініш дайындасын.
6. Осы қаулы Қостанай облысы әкімдігі мен Ұзынкөл ауданы әкімдігіне жіберілсін. Қаулының орындалуы туралы ақпарат 2013 жылғы 1 наурызға дейін облыстық мәслихатқа берілсін.
Облыстық мәслихаттың тұрақтыкомиссиясының төрайымы Е.Смышляева -
Қостанай облыстық мәслихатының білім және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының ҚАУЛЫСЫ Қарабалық кенті 2012 жылғы 28 маусым
Қарабалық ауданында балалар мен жастардың
жазғы демалысы мен еңбегін ұйымдастыру туралыӨңірдегі істің жағдайын зерделеп, Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімі бастығының есебін тыңдай келе, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы Қарабалық ауданының өкілетті және атқарушы органдары балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда нақты жұмыстар жүргізгенін атап өтті.
Ауданда мектеп оқушыларының жазғы демалысы және қол бос болмаушылығы өсуінің орнықты үрдісі, 2008 жылы 79 %-дан0 2012 жылы 92 %-ға өскені байқалды. Жазғы демалысты қаржыландыру да ұлғайды. Егер бұл мақсатқа 2007 жылы аудандық бюджеттен 1 млн.43 мың теңге бөлінсе, 2012 жылы 5 млн.583 мың теңге бөлінді. Балаларды жазғы демалыспен және жұмыспен қамту қаржыландырудың өсуіне, сондай-ақ білім беру ұйымының оны ұйымдастырудың жаңа түрлерін іздестіруіне де байланысты болып отыр. Жазғы демалысты ұйымдастыруға жағдай жасау жүйелі сипат алып отыр, аудандық «Жаз» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Жыл сайын жазғы демалыстың картасы құрылады. Жазғы демалысты ұйымдастырудың нәтижесін арттыру, оны ұйымдастыру жөнінде жұмыс тәжірибесін қорыту және көрсету мақсатында жыл сайын мамыр айында аудандық семинарлар өтеді. Биылғы жылы Михайлов орта мектебінде «Балалардың жазғы демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыру мүмкіндіктерінің көрінісі» тақырыбында семинар өткізілді.
Табиғи су қоймаларының, орман массивтерінің, далалардың болуы – олардың қолайлы демалыс зонасын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Дәстүрлі демалыс орындарының ішінде ең алдымен 600 бала сауықтырылып отырған «Дол» БСЛ атауға болады. Лагердің қызметі балаларды физикалық және рухани дамытуға жәрдем беретін дифференциалды бос уақытты ұйымдастыруға бағытталған.
Маусымның ұзақтығы – 10 күн. Балалардың тұру жағдайы – стационарлық. Әр маусымда 30 баладан 5 отряд ұйымдастырылады. Жыл сайын 150 жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары жалпыға міндетті оқу қорының есебінен алынған тегін жолдамамен демалады, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің 100-ден астам балалары білім беру қызметкерлерінің кәсіподағынан жеңілдікпен жолдама алады.
Соңғы екі жылда ауданда жазғы демалысты ұйымдастырудың жаңа түрі – мектептің шатырлы лагері пайда болды. Жазғы демалыстың бұл түрін алғашқы ашқан Шадықсай орта мектебі болды. «Радуга» шатырлы лагері 60 адамды қамтитын (оның 30-ы ауытқыма тәрбиедегілер) 7 шатырдан тұрады. 2011 жылдың жазында лагерде жақын маңдағы Станционный және Ново-Тройцк мектептерінің 15 баласы демалды. Лагерде балалар спортпен шұғылданады, өзенге шомылады, «Здоровячок» қуыршақ театрында ойнайды, туған өлкеге бір күндік жорық пен экскурсия жасайды. Ойындар үшін әткеншек пен каруселі бар ертегілер қалашығы жабдықталған, спорттық алаң бар. Лагерге демеушілік қолдауды «Агро-Торо» ЖШС жүзеге асырады. Осы жазда ауданда 5 шатырлы лагерь жұмыс істейді.
Лагерь демалысының тағы бір дәстүрлі түрі – мектеп жанындағы лагерь болып табылады. Осы демалу түрін қаржыландыруға ата-аналар, жеке кәсіпкерлер белсенді түрде қатысады. Білім беру ұйымдарында 1420 оқушыларды қамтыған барлығы 44 мектеп жанындағы лагерлер (тамақтану арқылы) және 616 баланы қамтыған 36 мектеп жанындағы алаңдар (тамақтанусыз) ұйымдастырылған.
Әсіресе толық тамақтануды (дәрумендік үстелдер, фиточай), күндізгі ұйқы, қызықты және түрлі бос уақытты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, жұмысы «Жас талап» атты мектеп жанындағы интернаттың базасында ұйымдастырылған № 1 Қарабалық орта мектебінің мектеп жанындағы лагерін ерекше атауға болады. Лагерьге 90 бала барады. Сондай-ақ медициналық есепте тұратын осы мектептің 30 баласы аудандық ауруханамен келісім бойынша аудандық орталық аурухананың күндізгі стационары жанында «Доктор Айболит» медициналық сауықтьру алаңында сауықтырудан өтіп жатыр. Бұл жерде ата-аналармен бірігіп балалар үшін қызықты уақыт өткізу ғана емес тамақтану да ұйымдастырылды.
Жазғы демалыстың дәстүрлі түрінің бірі – басты мақсаты туристік-өлкелік және экологиялық қызмет арқылы кіші отанға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу болып табылатын «Родные просторы» (туған дала) аудандық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өткізіліп жатқан туристік саяхаттар мен экскурсиялар болды. Жорықтар әр мектептің жыл бойы әзірлеген туристік бағдарлар бойынша жасалады. Осы жылы аудандық «Шығармашылық бастамалар зертханасының» мүшелері, география және биология пәндерінің мұғалімдері туристік бағдарлар, аудандық және облыстық конкурстардың жеңімпаздары берілген «Қарабалық ауданының туристік бағдары» жинағы дайындалды.
Салыстырмалы түрде балалардың жазғы қолы бос болмауы мен демалысының жаңа түрі мектептің орман шаруашылығы болып табылады. Қазір 6 мектепте орман шаруашылығы ұйымдастырылған.Оның мүшелері экологиялық проблемаларды зерделеумен және шешумен айналысады. Бірінші орман шаруашылығы Бөрлі орта мектебінде ұйымдастырылды. Оның жұмысы «Михайлов орман шаруашылығы мекемесі» ҚММ-мен тығыз ынтымақтастықта жүргізілуде. «Лесовичок» мектеп орман шаруашылығы бірнеше мәрте аудандық және республикалық конкурстардың жеңімпаздары болды. Өз көшеттігі бар (емен, үйеңкі) Шадықсай орта мектебінің мектеп орман шаруашылығы да нәтижелі жұмыс істеуде. Жас орманшылар Щучинск қаласының экология және орман шаруашылығы колледжімен, «Бурабай» (Боровое курорты) Мемлекеттік паркімен бірігіп жұмыс істейді. Балалар көптеген жұмыс атқарды: Уй өзенінің жағалауын және бұлақтарды тазартады, құмырсқаның илеуін қоршайды, тырналарға қамқор болады, «Летят журавли (Тырналар ұшып барады)» (Науырзым қорығы) Халықаралық фестиваліне қатысты.
Аудан оқушыларының жазды қызықты өткізуге, өз денсаулықтарын нығайтуға, жазғы мерзімде 36 % балаларды қамтитын екі қосымша білім беру мекемесінің базасында (БШМ, БСМ) және мектеп клубтарында шығармашылық мүкіндіктерін дамытуларына мүмкіндік мол. Шадықсай орта мектебінің «Альтаир» туристік клубы 15 жылдан бері жұмыс істеуде. Клубқа қатысушылар туған өлкеге көпкүндік жорықтар, Республика бойынша туристік саяхаттар жасайды. Қазақстан мен Ресейдің өзендеріне (Ай, Юрюзань, Уй) катамаранмен жүзіп барды, Иремель (Башкирия) тауына шықты. 2009 жылдан бері клуб мүшелері облыстық туристік слеттерде жүлделі орындар алып жүр. 2002 жылдан бастап Бөрлі орта мектебінде 80 бала қатысатын «Алғыр», «Ровесник» (жетекшісі А.К.Жүнісов) спорт клубтары жұмыс істейді. «Алғыр» клубында үстел теннисі, шахмат, шашка, «Тоғыз құмалақ» секциялары жұмыс істейді. Клуб құрылған уақыттан бері 9 адам облыстық жүлдегер атанды.Осы жылы да клубтың екі тәрбиеленушісі теннистен республикалық жүлдегер болды, жарыс қорытындысы бойынша 1 оқушы Алматыдағы олимпияда резерві мектебіне қабылданды, сонда оқитын болады.
«Ровесник» клубында балалар жеңіл атлетикамен, баскетболмен, футболмен шұғылданады. Жетісіне 1 рет барлық спорт түрлерінен клубішілік жарыстар болып тұрады.
Жазғы каникул мерзімінде экологиялық клубтар жұмыстарының практикалық бөлігі белсенді жұмыс атқарады. Экологиялық тәрбиенің мақсаттылығының дұрыс мысалы Тоғызақ және Боскөл орта метептерінің экологиялық клубтарының жұмыстары болып табылады. Тоғызақ клубының «Эко» атты клубының жас экологтарының жинаған материалдары олардың әзірлеген «Веренский борок – памятник природы» жобасына кірді. 2011 жылғы сәуірде клуб жас экологтардың облыстық форумында 1 орын алды, осы жылдың маусымында Шымкент қаласында өткен республикалық форумның жүлдегері болды. Боскөл орта мектебінің экологиялық клубының мүшесі Алфутова Иринаның жобасы 2009 жылы экологиялық жобалардың республикалық конкурсында бірінші орын алды және өз селосының аумағында экологиялық іс-шаралар өткізуге грант алды.
Сонымен қатар, ауытқымасы бар балалардың жаз маусымында қолдары бос болмауы білім беру бөлімінің ерекше бақылауында.Мектеп оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу жұмысын ұйымдастыру мақсатында, білім беру бөлімі жыл сайын Қарабалық АІІБ-мен АОА бірігіп іс-шаралар жоспарын жасайды. Осы жоспарда балалардың жазғы демалысы мен жұмыспен қамтылуын, мектептер жанында жаңа орталықтардың (спорт секциялары, қызығушылықтары бойынша клубтар) ашылуын ұйымдастыруды қарастырады. Ауытқымалы тәртіптегі балаларға бақылау жасау мақсатында жаз уақытында оқушыларды жазғы демалыс пен сауықтырудың белсенді түрлеріне тарту үшін жұмыс жүргізуге кәмелетке толмағандар үшін тәлімгерлер бекітілген. Осы санаттағы балаларды 100 % қамту және жұмыспен қамту жоспарланған.
Аудандық білім беру бөлімі оқушылардың жазғы демалысы мен қолдарының бос болмауын ұйымдастыру жөнінде білім беру ұйымдарының жұмыстары бөлім кеңестері мен директорлар мәжілістерінде бақыланып және бағаланып отырады. Жыл сайын мамыр айында «Здравствуй, лето!(Қош келдің жаз!)» атты аудандық конкурс жарияланады. Конкурстың қорытындысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде қорытындыланады.
18 маусым күні комиссия мүшелері істің жағдайын көздерімен көру үшін Қарабалық ауданына барды. Аудан орталығы мен селолық округтердің бірқатар нысандарында болды. Сапар барысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудың түрлері зерделенді. Оның көп бөлігі жаз маусымында қол бос болмаушылық бойынша мәжбүр шара екенін атап өту керек. Мектептер жанындағы аула алаңдары, шатырлы лагерьлер, клубтар мен үйірмелер - тәулік бойы арнайы қала сыртындағы лагерлерде болуының және тамақтануының толық түрдегі баламасы.
Мектептер мен интернаттар жанындағы балалардың жазғы демалысын жазғы демалыстың бірінші айында ұйымдастыруға тура келеді. Барлық қалған уақыттағы көрсеткіштер көп төмен. Жаз бойы аула алаңдарында жұмыс істейтіндерге жас өспірімдер, ата-аналар және ересек мұғалімдер бекітілген. Алайда кезекті демалыс уақытында балалардың өмірі мен денсаулығына жауаптылық жеке ықласымен бекітіледі.
Балалар лагерінің сыйымдылығы аудан балаларының бір бөлігін ғана сауықтыруға мүмкіндік береді және балалар демалысының тұрмыстық жағдайын жақсартуды - әсіресе, монша салуды қажет етеді.
Облыстық мәслихаттың білім және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
І.Қарабалық ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің бастығы К.Т.Ибрагимовтың «Қарабалық ауданында балалар мен жастардың жазғы демалысы мен еңбегін ұйымдастыру туралы» ақпараты назарға алынсын.
ІІ.Қарабалық ауданының әкімдігіне:-
- Балалардың жазғы демалысы бағдарламасының қаржылық негізін қамтамасыз етуге, жазғы сауықтыру лагерінде демалудың тұрмыстық жағдайын жақсартуға (монша құрылысы) қосымша қаржы бөлу қарастырылсын.
- Меценаттық пен әлеуметтік жауапкершілік мәселесінде жеке сектор өкілдерімен өзара әрекет күшейтілсін.
- Қарабалық ауданы әкімдігінің білім беру бөлміне:
2.1. Аудандық бағдарлама шеңберінде балалардың жазғы демалысын дамытуға көңіл бөлінсін.
2.2. Аудандағы жастардың педагогикалық қозғалысын дамытуға көңіл аударылсын.
2.3. Жазғы демалыстың барлық мерзімінде аула типтегі жазғы алаңдарына штаттық педагогтарды жауапты етіп бекіту қарастырылсын.
2.4. Жазғы алаңдар құжаттамасы мемлекеттік тілге келтірілсін.
3. Қарабалық ауданының мәслихаты мен әкімдігіне:
3.1 Мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында және әкімдік отырыстарында балалардың жазғы демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыру мәселесі жүйелі түрде қарастырылсын.
3.2 Аудан балаларының жазғы демалысын білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің жалпы жүйесінде сауықтыру компонентіне көп көңіл бөлінсін.
4. Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы сол мерзімде нақты қолы бос болмайтындығы ескеріліп жазғы демалысты ұйымдастырудың бағасының критериі қайта қарастырылсын.
5. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрайымы балалар мен жасөспірімдердің қосымша білімін дамытудың Өңірлік бағдарламасының жобасын дайындасын және оған жазғы демалысты ұйымдастыру жүйесі және жазғы сауықтыру лагерлерінің жұмысы туралы міндетті бөлім қоссын.
6. Осы қаулы Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасына және Қарабалық ауданының әкімдігіне жолдансын. Қаулының орындалуы туралы ақпаратты 2012 жылғы 01 желтоқсанға дейін тапсырсын.Облыстық мәслихаттың тұрақты
комиссиясының төрайымы Е.Смышляева -
-
Қостанай облыстық мәслихатының ІV шақырылымы тексеру комиссиясының № 6 қаулысы Қостанай қ. 2008 ж. 4 сәуір
Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 128 және 138-баптары және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджетінің орындалуы туралы есебін, Қостанай облыстық мәслихаты тексеру комиссиясының Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджетінің орындалуы туралы есебін және Қостанай облысының 2007 жылғы облыстық бюджетінің орындалуын бақылау нәтижелерін қарай келіп, Қостанай облыстық мәслихаты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджетінің орындалуы туралы есебі Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының қарауына ұсынылсын (қосымша);
2. Қостанай облыстық мәслихаты тексеру комиссиясының Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджетінің орындалуын бақылау нәтижелері Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының қарауына енгізілсін.
3. Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджетінің орындалуы туралы есебі Қостанай облыстық мәслихатының сессиясында бекітілгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қостанай облыстық мәслихаты тексеру комиссиясының 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 6 қаулысына қосымша
-
Қостанай облыстық мәслихатының бюджет мәселелері жөніндегі комиссиясының және тексеру комиссиясының бірлескен отырысының қаулысы № 14
Қостанай облысының 2008 жылғы
9 айдағы облыстық бюджетінің
орындалу барысы туралыҚазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 138-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14, 16-баптарына сәйкес Қостанай облыстық мәслихатының бюджет мәселелері жөніндегі комиссиясы және тексеру комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ, «Қостанай облысы ішкі саясат басқармасы» ММ, «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ, «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ басшыларының Қостанай облысының 2008 жылғы 9 айдағы облыстық бюджетінің орындалу барысы туралы есептері назарға алынсын.
2. Қостанай облыстық мәслихаты тексеру комиссиясының төрайымы Н.В. Смирнованың «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы», «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемелерінде 2007 жылғы және 2008 жылғы 9 айдағы облыстық бюджеттің орындалуына сыртқы бақылау қорытындылары туралы ақпараты назарға алынсын.
3. «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ-ге (Т.С.Жақыпова) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ауылдық жерлердегі ҮЕҰ-ның әлеуметтік-маңызды жобаларын іске асыру жөніндегі жұмысты кеңейту ұсынылсын.
4. «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ-нің (Т.С.Жақыпова) Қостанай облысының 2009 жылғы облыстық бюджет жобасына Қостанай облысының ҮЕҰ-ны мемлекеттік қолдау өңірлік бағдарламасы мен Қостанай облысының өңірлік жастар бағдарламасы іс-шараларын қосымша қаржыландыруды енгізу жөніндегі бастамасына қолдау жасалсын.
5. «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-ге (О.А.Киколенко) оңалдыру бағдарламасы шеңберінде мүгедектердің белгілі бір санаттарын спорттық кресло-арбалармен қамтамасыз ету мәселесін қарастыру ұсынылсын.
6. «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің (О.А.Киколенко) Қостанай облысының 2009 жылғы облыстық бюджет жобасына еңбек рыногындағы қажеттілігі ескеріле отырып, азаматтарды кәсіби даярлау бойынша іс-шараларды қосымша қаржыландыруды енгізу жөніндегі бастамасына қолдау жасалсын.
7. Қостанай облыстық мәслихатының тексеру комиссиясы:
- «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-ге Тобыл өзені бассейнінің су қорғау аймағы жобасы бойынша 2008 жылғы облыстық бюджеттің орындалуына сыртқы бақылауды жүргізсін;
- Қостанай облыстық мәслихатының тексеру және бюджеттік комиссияларының кезекті бірлескен отырысына Қостанай облысында ауыл педагогтарының коммуналдық қызметтер үшін және тұрғын үй жайларын жылытуға отын сатып алуға кететін шығындарын жабуға жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша белгіленетін бюджет қаржылары есебінен біржолғы ақшалай жәрдемақы төлеуге қатысты «Білім туралы» ҚРЗ 53-бабы 2-тармағының орындалуы туралы ақпарат дайындасын.Бюджет мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссияның төрағасы Н. АлашбаевТексеру комиссиясының төрайымы Н. Смирнова
-
Қостанай облыстық мәслихаты тексеру комиссиясының 06.02.2009ж. отырысының № 15 қаулысы
«Қостанай облысы әкімдігінің
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық басқармасы»
мемлекеттік мекемесінде 2008 жыл
ішінде облыстық бюджеттің
атқарылуына сыртқы бақылау
қорытындылары туралы.Қазақстан Республикасы бюджеттік Кодексінің 142-бабы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 14, 16-баптарына сәйкес, «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы» ММ-де (2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасы» ММ) 2008 жыл ішінде облыстық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау қорытындыларын тыңдай және талқылай келіп, Қостанай облыстық мәслихатының тексеру комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:1. Қостанай облыстық мәслихаты тексеру комиссиясының төрайымы Н.В. Смирнованың «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы» ММ-де 2008 жыл ішінде облыстық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау қорытындылары туралы ақпараты назарға алынсын.
2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасы» ММ директорының облыстық бюджеттің 2008 жыл ішінде атқарылуы туралы есебі назарға алынсын.
3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасы» ММ-ге (В.П.Пасичник) мекемені біліктілік талаптарына және штаттық кестеге сәйкес кәсіби кадрлармен толықтыру мәселесін қарастыру ұсынылсын.
4. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасы» ММ (В.П.Пасичник) ұсыныстың орындалғаны туралы Қостанай облыстық мәслихатының тексеру комиссиясына 2009 жылдың 1 мамырына дейін ақпарат ұсынсын.
-
Қостанай облыстық мәслихатының тексеру және бюджет комиссиялары бірлескен отырысының қаулысы №
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің,
Ұлттық банкінің және Қаржы рыногы
мен қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі агенттігінің
2009-2011 жылдарға арналған экономика
мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі
бірлескен іс-шаралар Жоспарында»
көзделген шараларды іске асыру туралы«Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық банкінің және Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2009-2011 жылдарға арналған экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар Жоспарын» қарай келіп, Қостанай облыстық мәслихатының тексеру және бюджет комиссиялары
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық банкінің және Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2009-2011 жылдарға арналған экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар Жоспары» назарға алынсын.
2. Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарына халыққа дағдарысқа қарсы бағдарламаны түсіндіру жөніндегі жұмысты жандандыру ұсынылсын.Тексеру комиссиясының
төрайымы Н.В. СмирноваБюджет мәселелері жөніндегі
комиссия төрағасы Н.М. Алашбаев -
Қостанай облыстық мәслихаты тексеру комиссиясы отырысының қаулысы №18 Қостанай қ. 2009 жылғы 16 қыркүйек
«Қостанай облысы әкімдігінің
тілдерді дамыту басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің 2007
және 2008 жылдарда облыстық
бюджетті атқаруларына сыртқы
бақылау қорытындылары туралыҚазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 142-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 14,16-баптарына сәйкес «Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» ММ-де 2008 жылы облыстық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау қорытындыларын тыңдай және талқылай келіп, Қостанай облыстық мәслихатының тексеру комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облыстық мәслихаты тексеру комиссиясының төрайымы Н.В. Смирнованың «Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» ММ-де 2007, 2008 жылдары облыстық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау қорытындылары туралы ақпараты назарға алынсын;
2. «Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» ММ бастығы Ж.Ж. Үмбетовтың облыстық бюджеттің 2009 жылғы сегіз айда атқарылуы туралы есебі назарға алынсын.
3. «Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» ММ-нің;
- 2007, 2008 жылдарда және 2009 жылғы сегіз айда «мемлекеттік тілдің және Қазақстан халқының басқа да тілдерінің дамуын»;
- тілдердің қолданылуы мен дамуының 2007 – 2010 жылдарға арналған «Асыл мұра» өңірлік бағдарламасының іске асырылуы жөніндегі нысаналы жұмысы атап өтілсін.4. «Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» ММ-ге (Ж.Ж. Үмбетов) облыстық бюджеттен бөлінген қаржыны тиімді пайдалану мақсатында:
- «Асыл мұра» өңірлік бағдарламасының орындалуын бақылауды күшейту;
- мемлекеттік тілге оқыту және іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу сапасын жақсарту мәселесін пысықтау ұсынылсын.Тексеру комиссиясының төрайымы