Қостанай облыстық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және жергілікті басқару және өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
 
Қостанай қ.                                                               2017 жылғы 29 маусым
Қостанай облысы бойынша
Тексеру комиссиясының
жүргізген мемлекеттік
аудит нәтижелері туралы
        Қостанай облысы бойынша ішкі істер департаментінің (бұдан әрі-ІІД) ақпаратын тыңдап және талқылап, Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясы Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы жүргізген мемлекеттік аудиттің барысында анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралары бойынша Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясымен 2016 жылдың 4 сәуірінен бастап 20 мамырына дейін 2014-2015 жылдардағы қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына облыстың ІІД 5 аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік аудит жүргізілген:
         1) «Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай облысы ІІД Қостанай қаласының ішкі істер басқармасы» ММ;
         2) «Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай облысы ІІД Рудный қаласының ішкі істер басқармасы» ММ;
         3) «Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай облысы ІІД Арқалық қаласының ішкі істер басқармасы» ММ;
         4) «Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай облысы ІІД Жітіқара қаласының және Жітіқара ауданының ішкі істер бөлімі» ММ;
         5) «Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай облысы ІІД Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі» ММ.
         Тексеру комиссиясының аудиторлық есептерінде көрсетілген белгіленген бұзушылықтардың жалпы сомасы 2 133 368,4 мың теңгені құрады, оның ішінде: мемлекет кірісіне өтеуге жататын 2 166,7 мың теңге, есепке алу бойынша қалпына келтіруге сомасы 1 099 104,9 мың теңге.      
         Облыстың ІІД аумақтық бөлімшелерінің бөлінісінде:
         1) «Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай облысы ІІД Қостанай қаласының ішкі істер басқармасы» ММ (бұдан әрі мәтін бойынша – Қостанай қ. ІІБ) анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 296 850,2 мың теңге, оның ішінде мемлекет кірісіне өтеуге жататын сомасы 498,4 мың теңге;
         2) «Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай облысы ІІД Рудный қаласының ішкі істер басқармасы» ММ (бұдан әрі мәтін бойынша – Рудный қ. ІІБ) анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 1 130 404,6 мың теңге, оның ішінде мемлекет кірісіне өтеуге жататын сомасы 467,5 мың теңге, есеп бойынша қалпына келтірілуге сомасы 1 088 903,3 мың теңге;
         3) «Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай облысы ІІД Арқалық қаласының ішкі істер басқармасы» ММ (бұдан әрі мәтін бойынша – Арқалық қ. ІІБ) анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 573 740,5 мың теңге, оның ішінде мемлекет кірісіне өтеуге жататын сомасы 73,1 мың теңге, есеп бойынша қалпына келтірілуге сомасы 8 068,3 мың теңге;
         4) «Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай облысы ІІД Жітіқара қаласының және Жітіқара ауданының ішкі істер бөлімі» ММ (бұдан әрі мәтін бойынша – ІІБ Жітіқара қаласы және ауданы) анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 85 167,5 мың теңге, оның ішінде мемлекет кірісіне өтеуге жататын сомасы 397,9 мың теңге, есепке алу бойынша қалпына келтіруге сомасы 619,9 мың теңге;
         5) «Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай облысы ІІД Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі» ММ (бұдан әрі мәтін бойынша – ІІБ Қостанай ауданы)анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 47 205,6 мың теңге, оның ішінде мемлекет кірісіне өтеуге жататын сомасы 729,8 мың теңге, есепке алу бойынша қалпына келтіруге сомасы 2 179,7 мың теңге.
         ІІД ақпараты бойынша сәйкес Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының жүргізілген аудиторлық есебінің нәтижелері бойынша бұзушылықтардың негізгі сомасы Арқалық қ. ІІБ және Рудный қ. ІІД 2014-2015 жылдардағы бюджеттік өтінімдерде жалпы сомасы 1 524 843,0 мың теңге немесе анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасынан 72% аудиттің 5 нысанда түсіндірме жазбалары болмады (облыстың ІІД Қаржымен қамтамасыз ету басқармасынан аудит жүргізу барысында түсіндірме жазбалар аудиторлық топқа ұсынылды).
         Бұдан басқа, мемлекеттік аудиторлардың аудиторлық есептерінде басқа да заң бұзушылықтар көрсетілген:
  • «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қарашадағы № 1428 қаулысының 1-2 тармағы 1 тармақшасын бұза отырып, облыстық ІІД-нің 5 аумақтық бөлімшелерінің бастықтарымен жалпы сомасы 259 486,7 мың теңге немесе анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 12% аудиттің 5 нысанда сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету өз бетінше жүзеге асырылған.
  • «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегінде қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қарашадағы № 1428 қаулысының 1, 2 тармағын бұза отырып, облыстық ІІД аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері жалпы сомасы 7 193,5 мың теңгені тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде қызметтік іссапарға шығуды еңбек міндеттерін орындау үшін емес немесе кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру және қайта даярлауға емес түрлі спорттың қолданбалы түрлері бойынша жарыстарға волейбол, мини-футбол қатысу үшін жүзеге асырған.
         Аталған фактілер бойынша Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы мекен-жайына облыстың ІІД 5 аумақтық бөлімшелері бұзушылықтардың бөлігімен келіспеген деректермен қарсылық жасап Қазақстан Республикасы ІІМ түсінік үшін жіберілді (сыйақы төлеу, материалдық көмек бойынша) және Қазақстан Республикасы 2014жылғы 03 шілдедегі №228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы) іссапар шығындары төлемдерінің фактісі бойынша. Белгіленген бұзушылықтар шамалы болып табылады.
         Қостанай облысының ІІД ақпараты бойынша облыстық ІІД аумақтық бөлімшелерінде бюджет қаражатын және мемлекеттің мүлкін ұрлау және ысырап қылушылық фактілері анықталмаған, ал жоғарыда аталған барлық бұзушылықтар қазіргі уақытта жойылды, өтеуге жататын сомасы толық көлемде мемлекет кірісіне өтелді. Бұзушылыққа жол берген кінәлі лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қостанай облыстық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және жергілікті басқару және өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
         1. Қостанай облысы бойынша ішкі істер департаменті бастығы орынбасарының ақпараты назарға алынсын.
          2. Қостанай облысы бойынша ішкі істер департаментіне сыйақылар мен материалдық көмек көрсетуді тағайындау нормативтік құқықтық актілердің иерархия талаптарын қолданыстағы заңнамаға сәйкес сақтау ұсынылсын.
         3. Қостанай облысы ІІД аумақтық органдарына Қостанай облысы ІІД-нің бастығына бағдарламаның әкімшісіне ретінде жеке құрамға сыйақы төлеу туралы өтінішхат беру ұсынылсын.

         4. Қостанай облысының ІІД ішкі аудит қызметіне Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы қамтылмаған ІІД қалған аумақтық органдарына аудит жүргізу ұсынылсын.

         5. Қостанай облысының ІІД ішкі аудит қызметіне Қостанай облысы ІІД Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы жүргізген мемлекеттік аудиттің барысында анықталған заң бұзушылықтарды жоюға қатысты тұрақты комиссия алдында 2018 жылдың бірінші тоқсанында есеп беру ұсынылсын.

Заңдылық, құқықтық тәртіп және

жергілікті басқару және өзін-өзі

басқаруды дамыту мәселелері

жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы                    Қ. Жаманбалин

Расписание дв.-я поездов

1

Расписание дв.-я самолетов

2

Электронный акимат

3

  • akorda-kz
  • kostanay-kz
  • egov-kz
  • parlam-kz
  • government-kz
  • ekst-kz
  • sim-kz
  • tobol
  • grin
  • kstwomen-kz
  • kstakimat-kz
  • poslanie-kz
Разработка сайта - www.yoline.kz .