Лисаков қалалық мәслихатының сессиясына мәселені дайындау туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, атап айтқанда 132-бабына енгізілген өзгерістерге байланысты мәслихат бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қараған кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының аумақты дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізуі, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндамаларын тыңдайды.
Депутаттармен мынадай мәселе қаралды:
«Лисаков қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерімен қаланы дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізуі, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы».
Жоғарыда баяндалғанға сәйкес Лисаков қаласы әкімідігінің мемлекеттік мекемелері басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Тұтас алғанда барлық қаржы жылы ішінде қала бюджетінің атқарылуы еңбекақыны, әлеуметтік төлемдер мен ағымды және күрделі сипаттағы шығындарды өз уақытында төлеуге мүмкіндік берді.
Қаралған мәселе бойынша мәслихат депутаттары тиісті қаулы қабылдады.