2017 жылғы 14 наурызда Қостанай облыстық мәслихатының барлық тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы болды

Қостанай облыстық мәслихаты депутатының төрағалығымен кезекті 5-ші сессиясының төрағасы М.Ж.Ахметовпен, Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С.Е. Ещановтың қатысуымен Қостанай облыстық мәслихатыныңбарлық тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы болды.
         Комиссия жұмысына   облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағалары мен мүшелері, облыстық мәслихат аппаратының, мемлекеттік органдардың төрағалары (жоба шешімдерін жасаушылар) және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар қатысты.
              Талқылауға төмендегідей мәселелер қаралды. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және Қостанай облысындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл туралы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Б.Іскендіровтің баяндама жасады.
         Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды механизмдерінің бірі болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша бірқатар пәрменді шаралар қабылдау, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру табылады, Департаменттің бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға заңнамалық өзгерістер жайында тұрғындарды ақпараттандыру туралы "нөлдік төзімділік қағидасы" қалыптастыруға шақырылған мемлекеттік органдардың сайттарында құрылған арнайы айдарлар жұмыс істейді. Қостанай облысы бойынша ішкі істер Департаменті басшысының орынбасары полковник М.Н.Әлшагіровтің айтуынша, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында полиция саласында сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін себептер мен шарттарды жою туралы, ІІБ жүйесінде жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау өткізудің ережелері әзірленді және бекітілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңғырту енгізілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволық іс-қимыл бағдарламасы бекітілген. Қостанай облысы әкімшілігінің білім басқармасының басшысы Б.Б. Даумованың айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы айқын қажеттілігі Қазақстанда экономиканы жаңғырту және ауқымды әлеуметтік жаңғыру жағдайында біздің қоғамның мәдениеті мен әдебін ескеретін қазіргі заманғы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз үйлестірілген, осы әлеуметтік зұлымдықпен халықаралық күресу. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және Қостанай облысындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл осы міндеттерді шешуге бағытталған. Осы стратегияға сәйкес сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізу бойынша білім басқармасының жұмысы құрылған.
Келесі мәселе «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті» РММ басшысының орынбасары А.Ж.Жаркееваның айтуынша, «Камералдық бақылау және аудиторлық іс-шараларды өткізуге келісім беру туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына сәйкес Қостанай облысының Тексеру комиссиясына қатысты камералдық бақылау және аудиторлық іс-шаралар өткізуге келісім беру туралы. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша жіберілген тапсырыс берушілердің қателігінен мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар анықталады.
         Сондай-ақ, келесі мәселелер қаралды: мәслихаттың 2014 жылғы 14 наурыздағы № 258 «Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы; Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 14 қазандағы № 442 «Қостанай облысы қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп ұстау және қорғау, аумақтарын аббаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» ақпараттық жүйелерді және құжаттандыру бөлімінің басшысы Н.А.Салийдің айтуынша, облыс әкімдігінің құзыретіне сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 14 қазандағы № 442 «Қостанай облысы қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп ұстау және қорғау, аумақтарын аббаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін бекітуге ұсынылады.
Келесі екі жобаның шешімдерін облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасымен мәслихаттың сессиясының бекітуіне «Рудный қаласының жер телімдері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін және жер аймақтары шекараларын бекіту туралы» және «Лисаков қаласының жер телімдері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін және жер аймақтары шекараларын бекіту туралы» өзгерістер енгізу қажет. Осы өзгерістердің бұл мәні «аймақтарының шекаралары» деген сөздер заң шығарушымен «бағалау аймақтарының шекаралары» деген сөзге өзгертілді. Мәні бұрынғыдай қалды.
Сондай-ақ, тұрақты комиссиялардың мүшелері облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы мәселе қаралды.
Депутаттар бірқатар сұрақтар қойды, оларға жеткілікті жауаптар алды, ұсынылған өзгерістерге келісім берді және мәселелерді мәслихаттың кезекті сессиясына шығаруға шешім қабылдады.

Расписание дв.-я поездов

1

Расписание дв.-я самолетов

2

Электронный акимат

3

  • akorda-kz
  • kostanay-kz
  • egov-kz
  • parlam-kz
  • government-kz
  • ekst-kz
  • sim-kz
  • tobol
  • grin
  • kstwomen-kz
  • kstakimat-kz
  • poslanie-kz
Разработка сайта - www.yoline.kz .