2017 жылғы 5 шілдеде облыстық мәслихаттың депутаты А.И. Жансүгірованың төрағалығымен Қостанайоблыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы болды

2017 жылғы 5 шілдеде облыстық мәслихаттың депутаты А.И. Жансүгірованың төрағалығымен Қостанайоблыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы болды.
 
Сессия Қостанай облысы әкімінің ұсынысы бойынша шақырылды. Сессия жұмысына: облыс әкісі А.Б. Мұхамбетов, облыстық мәслихаттың хатшысы С.Е. Ещанов, облыстық мәслихаттың депутаттары, бірқатар облыстық департаменттердің, басқармалардың басшылары, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, облыстың қоғамдық кеңесі, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.Сессияда қаралған негізгі мәселе: Қостанай облысының облыстық бюджетін нақтылау туралы. Барлығы сессиясында 5 мәселе қаралды.
             Депутаттар сессияның барлық материалдарын алдын ала электрондық нысанда алды және олармен толығымен танысуға мүмкіндігі болды. А.И. Дощанованың төрағалығымен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында облыстық бюджетті нақтылау туралы мәселе алдын ала қаралды.
             Бірінші мәселе бойынша облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Е.М. Спанов сөз сөйледі. Өз баяндамасында бюджетті нақтылау жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша бюджет заңнамасының рұқсатымен тоқсан бойынша бір рет жүргізіледі. Облыстық бюджетін нақтылаудың негізгі себебі ағымдағы жылдың 1 жартыжылдықтың қорытындылары бойынша сомасы 610,1 млн. теңге қалыптасқан үнемдеуді қайта бөлу болып табылады.Сонымен қатар, Федоров ауылына 3 жоспарланған газ тарату желілерінің 1-ші кезектегі құрылысын іске асыруға байланысты биылғы жылы жоба бойынша азайту 625,2 млн. теңгені құрайды. (Объектінің құрылысы 3 кезең бойынша жүзеге асады. 1-кезеңін іске асыру үшін 575,0 млн. теңге қажет. Қалған сома 2018 жылы қарастырылады (1612,0 млн. теңге сомасына шарт жаалған).
             Үнемдеуде пайда болған және босаған қаражат сомасы 1 млрд. 235 млн. теңге түскен бюджеттік өтінімдерге сәйкес шығыстарға бағытталды.
             Ауыл шаруашылығы басқармасы бойынша қаражаттың бір бөлігі, атап айтқанда гербицидтерді және жанар – жағар май материалдарын сатып алуға көзделген 1 млрд. теңге тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға және бірегей I репродукциялы элиталық тұқым сатып алу бағытталған.
             ERG Меморандумы бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде ірі кәсіпорындардан түскен Нысаналы қаражат сомасы 193,1 млн. теңге бағытталған: Рудный қ. шайбалы хоккейге – 170 млн. теңге;Қостанай мен Лисаковск қалаларында жеңіл атлетиканы дамытуға яғни, арнайы тренажерлер және мүкәммал сатып алу үшін (Лисаков қ. - 10 млн. теңге, Қостанай қ. - 5 млн. теңге)15 млн. теңге;
Лисаков техникалық колледжіне LCD панельдер жиынтығында плоттером сатып алуға – 2,4 млн. теңге; Лисаков қ. Омаров көшесі бойынша №13 үй, 15 үйлердің аумағын абаттандыруға (қақпақ асфальт, жиектастарды орнату) – 2,7 млн. теңге; Лисаковск қ. Октябрь кентінде балалар ойын алаңын орнатуға– 3 млн. теңге.
Қосымша баяндама жасау үшін облыстық мәслихаттың депутаты, облыстық мәслихаттың бюджет, өнеркәсіп және шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрайымы А.И. Дощановаға сөз берілді. Облыстық бюджетті нақтылау ұсынысын депутаттар бір ауыздан қолдады.
Мемлекеттік органдарда кадрлық өзгерістерге байланысты, сессия сондай-ақ, келесі комиссиялар құрамына өзгерістер енгізуді бекітті:кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау; ономастикалық комиссия; адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері бойынша; балаларды сауықтыру ұйымдарын пайдалануға дайындау және қабылдау бойынша.
Сессияға енгізілген барлық шешімдерінің жобалары депутаттармен бірауыздан бекітілді.

Расписание дв.-я поездов

1

Расписание дв.-я самолетов

2

Электронный акимат

3

  • akorda-kz
  • kostanay-kz
  • egov-kz
  • parlam-kz
  • government-kz
  • ekst-kz
  • sim-kz
  • tobol
  • grin
  • kstwomen-kz
  • kstakimat-kz
  • poslanie-kz
Разработка сайта - www.yoline.kz .