2017 жылдың 26 шілдесінде Ұзынкөл аудандық мәслихатының уақытша комиссия отырысы өткізілді
Уақытша комиссия жұмысына аудандық мәслихат хатшысы А.С. Бараншина, аудандық мәслихаттың депутаттары И.В. Горбатенков, Н.С. Булатов, Б.Б. Жумабаев, В.В. Лазарева, аудандық мәслихатының аппараты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы А.С. Беккалиев және АІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Н.Б. Капаров қатысты.
Депутаттар аудандық ішкі істер бөлімі әкімшілік ғиматарының кезекшілік бөлімін, полицияның учаскелік пунктін, АІІБ жергілікті қызметінің адамдарды арнайы әкімшілік қамау қабылдағышын аралады.
Объектілерді аралау барсында мәслихат депутаттары учаскелік полицияларды алаңдататын жағдайлар мен танысты,
материалдық-техникалық жарақтандыруды жетілдіру (учаскелік пункттерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу,заманауи компьютерлермен жабдықтау, қызметтік көліктерді жаңарту), бос жұмыс орындары болуына байланысты учаскелік полицияларға жұмыс жүктеу, камера бейне бақылау, видеотіркеу және т.б. Бүкіл талқылау сұрақтармен сындарлы диалогққа айналды.
Уақытша комиссия жұмысы бойынша аудандық мәслихат қорытынды жасайды.