Федоров ауданының жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы

Депутаттар АІІБ қызметкерлердің, әкімшілік қамауда ұсталатын тұлғаларға арналған әкімшілік блок, аудандық орталықта орналастырылған бейнебақылау камераларының жұмысымен таныстырылды.
Кіріп шығу барысында депутаттармен аудандағы ауылдық округтерді полицияның учаскелік инспекторларымен жинақтау, бос орын болуына байланысты инспекторлардың жұмыс бастылығы, ауылдық округтерде учаскелік инспекторларға арналған қызметтік тұрғын-үй бар болуы, материалдық-техникалық және көліктік қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.
Жергілікті полиция қызметі бастығының есеп беруі ү.ж. тамыз айында аудандық мәслихаттың жетінші сессияның отырысында толық тыңдалады.