Лисаков қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясының жұмысы туралы
2017 жылғы 28 қыркүйекте мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өтті, онда екі мәселе қаралды:
1. «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың бейімделуі және қоғамға кірігуі бойынша жұмысы туралы.
- «Лисаков арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ
жұмысы туралы.
Қалалық мәслихат депутаттары мүгедек балаларға арналған күндізгі болу бөлімшесі мен Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды.
Күндізгі болу бөлімшесінде ақпаратпен «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының м.а. Л.М. Бочаренко сөз сөйледі. Жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін мүгедек балалар үшін 15 орын ұйымдастырылған.
Ағымдағы жылы шілдеде қалалық бюджет қаражаты есебінен 5204,3 мың теңге сомасына үй-жайларды ағымдағы жөндеу жүргізілді, 1474,0 мың теңге сомасына қосымша жабдық сатып алынды, бұдан басқа ағымдағы жылы күндізгі болу бөлімшесінің көлемі 182 ш. метрге дейін кеңейтілді.
Көлемді кеңейту балалардың бөлімшеде болу жағдайларын жақсартуға мүмкіндік тудырды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бөлімшеде барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған ас әзірлейтін бөлік, акт және спорт залдары, мамандар үшін қосымша кабинеттер пайда болды.
Сонымен қатар қалалық мәслихат депутаттары «Лисаков арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ барды. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысы туралы директор С.В. Шанина хабарландырды. Орталық тәуліктік тұру жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме болып табылады. Орталықта арнаулы әлеуметтік қызметтерді 55 алушы тұрады, олардан: ер адамдар – 20, әйелдер – 35, оның ішінде бір Ұлы Отан соғысының қатысушысы, мүгедектігі бар тұлғалар - 16. Орталықта арнаулы әлеуметтік қызметтердің жеті түрі көрсетіледі: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-құқықтық қызметтер.Қызметтерді алушыларға әртүрлі құжаттарды ресімдеуге заңды көмек көрсетіледі. Сонымен қатар әлеуметтік-құқықтық қызметтер бойынша заңды консультациялар көрсетіледі.
Орталықтың ғимараты санитарлық нормалар мен талаптарға, қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді және коммуналдық-тұрмыстық абаттандырудың барлық құралдарымен қамтамасыз етілген. Бірақ проблемалар да бар: ғимарат пен гараждың төбе жабындысын күрделі жөндеу қажет. Қалалық мәслихат депутаттары Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысына төбе жабындысын жөндеуге қаражат бөлу туралы өтінішпен хат жіберуді шешті.
Қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті қаулылар қабылдады.