2018 жылғы 02 наурызда болатын кезекті сессия туралы хабарлама
Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезекті сессиясы (негізгі мәселе: Қостанай облыстық мәслихаты хатшысының 2017 жылғы атқарылған жұмыс туралы есебі; Қостанай облысында мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуы туралы) 2018 жылғы 2 наурызда сағат 16.00-де мына мекенжайда: Қостанай қ., Тәуелсіздік көшесі, 85-үй облыстық филармония ғимаратының 4-қабатындағы мәжіліс залында өтеді.
Қостанай облыстық мәслихатының кезекті сессиясы күн тәртібінің жобасы
1. Қостанай облыстық мәслихаты хатшысының 2017 жылғы атқарылған жұмыс туралы есебі.
2. Қостанай облысында мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуы туралы.
3. Мәслихатының 2018 жылғы 2 ақпандағы «Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. Қостанай облысы Қостанай ауданының кейбір әкімшілік - аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
5. Қостанай облысы Алтынсарин ауданының кейбір әкімшілік - аумақтық бірліктерінқайта атау туралы.
6. Қостанай облысы Қамысты ауданының Свердлов ауылдық округін Қостанай облысы Қамысты ауданының Қамысты ауылдық округі деп қайта атау туралы.
7. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы.
Мәслихаттың 2009 жылғы 20 қарашадағы № 239 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы Қостанай облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
8. Мәслихаттың 2013 жылғы 28 маусымдағы № 163 «Бұқаралық ақпарат құралдарының мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
9.Мәслихаттың 2013 жылғы 31 шілдедегі № 176 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
10.Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының кезекті IX сессия төрайымы И.Н. Дмитриеваның жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі .
11.Қостанай облыстық мәслихатының кезекті X сессиясының күн тәртібін бекіту және оның төрағасын сайлау туралы.