Қостанай қаласында және қала маңындағы қатынаста қоғамдық көлікте жүру құнын ұлғайту туралы
Отырыс жұмысты талқылау форматында мынадай мәселелерді қараумен өтті:
- қалалық және қала маңындағы маршруттар бойынша тарифтердің қолжетімді деңгейін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау (әлеуметтік маңызы бар қатынастарды субсидиялау).
- білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында барлық білім алушылардың және тәрбиеленушілердің қоғамдық көлікте жеңілдікті жол жүру (таксиден басқа).
Тұрақты комиссияның отырысына облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, Қостанай облысы әкімдігінің басқармалары, «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ , Қостанай қаласының Қоғамдық кеңесі, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы филиалының өкілдері, «Жас Отан» жастар қанаты Қостанай облыстық филиалының өкілі«Туристтранссервис» ЖШС және «Жарык Жол-1» ЖШС қатысты.
Тасымалдаушылардың жол жүру тарифтерін көтеру туралы өтінішінің негізгі өлшемі жанар-жағар май материалдар, қосалқы бөлшектер, автошиналар бағасының және
маршруттық көлік құралдары жүргізушілерінің жалақысының өсуі болып табылатын көрсеткіштері тасымалдаушылардың шығындарды арттыру динамикасы болды.
Депутаттар тасымалдаушылар мен ТКШ бөлімінің атына жолаушылар ағынын есептеу және қалалық маршруттарды субсидиялауға қатысты бірқатар сұрақтар қойды.
Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырыс қорытындысы бойынша Қостанай қаласы әкімдігіне ұсыныстар берілді.