Облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізілген жобаларды алдын алу қарау

2018 жылдың 20 шілдесінде Қадырғали Қоныспайұлы Жаманбалиннің төралағылық етуімен Қостанай облыстық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және жергілікті басқару және өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болды, онда облыстық мәслихаттың депутаттары, Қостанай облысы әкімдігі басқармасының басшылары, Қостанай облысының ІІД Жергілікті полиция қызметінің өкілдері (бұдан әрі - ЖПҚ), «Қостанай облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті» РММ өкілдері қатысты.
Отырыста облыстық мәслихаттың сессиясына бекітуге енгізілген мынадай екі мәселе алдын ала қаралды:
1. Қостанай облысы ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының 2018 жылдың бірінші жартыжылдығының есебі.
2. Мәслихаттың сессиясына бекітуге енгізілген кейбір шешімдердің жобаларын және Қостанай қаласында ұнды фортификациялау бойынша мәселені алдын ала қарау.
Бірінші мәселе бойынша Қостанай облысының ІІД ЖПҚбастығының орынбасары Григоревский Андрей Викторович есеп берді, ол ЖПҚ құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ескертуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізіп жатқанын атап өтті. Жалпы қабылданған шаралар жедел жағдайды бақылауға және қылмыстар санын 5,6% -ға (8 563-ден 8 086-ға дейін) азайтуға мүмкіндік берді. Қоғамдық тәртіпті қорғау қамтамасыз етілген, аймақтағы аппаттылық жағдайы тұрақтылықпен сипатталады.
Жергілікті полиция қызметі қалыптасқан кезде материалдық-техникалық жабдықталуына байланысты көптеген проблемалар болды. Облыс әкімінің қолдауымен полиция қызметкерлері толығымен 100% портативті бейнетіркеуіштермен және 70,7%-ы автокөлік бейнетіркеуіштермен жабдықталған. Бұдан басқа, көлік құралдарының жылдамдығы үшін 21бейне жазба мобильдік құралы (Бинар) және жүргізушілердің еңбек режимін және демалыс уақытын бақылау үшін 5 жинақ (бағдарламалық жасақтама, санауыш құрал, тахошайбтарды санауға арналған сканер) сатып алынды.
Екінші мәселе бойынша облыстық мәслихаттың депутаттары әзірлеуші органдардың мынадай жобаларын тыңдады:
1)жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдаулардың тарифтерін келісу туралы;
2) мәслихаттың 2017 жылғы 16 тамыздағы № 180 «Қостанай облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3) 2018 жылға арналған мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш шырындарын дайындау және жанама орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы;
         4) мәслихаттың 2017 жылғы 10 ақпандағы № 111 «Қостанай облысында іске асыруға жоспарланған мемлекеттік - жекешелік серіктестіктің жергілікті жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
         5) Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы.
Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелер облыстық мәслихаттың сессиясына қарауға енгізілді.

Расписание дв.-я поездов

1

Расписание дв.-я самолетов

2

Электронный акимат

3

  • akorda-kz
  • kostanay-kz
  • egov-kz
  • parlam-kz
  • government-kz
  • ekst-kz
  • sim-kz
  • tobol
  • grin
  • kstwomen-kz
  • kstakimat-kz
  • poslanie-kz
Разработка сайта - www.yoline.kz .