Қостанай облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қостанай облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

       «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгі ереженің (бұдан әрі-Үлгі ереже) 8-тармағына сәйкес «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ 2019 жылғы 8 қаңтардағы сағат 09.00-ден 2019 жылғы 14 қаңтардағы сағат 17.00-ге дейін Қостанай облысы бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының(бұдан әрі-Жұмыс тобы) құрамына кандидаттар бойынша құжаттар қабылдайды.

         Үлгілік ереженің 6-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты хатшысының 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 1 өкімімен 7 адамнан тұратын жұмыс тобының сандық құрамы анықталды, мемлекеттік органдардың өкілдері - 2 адам, коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар - 5 адам.        Азаматтық қоғам атынан өкілдік жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды тапсырады:

1) Үлгі ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатураны (бар болса) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Аталған құжаттар жазбаша нысанда 2019 жылғы 8 қаңтарда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін күн сайын (сенбі мен жексенбіден басқа) 2019 жылғы 14 қаңтарда сағат 17.00-ге дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, 509-кабинет, тел: 575600, 575605. Электрондық пошта адресі: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ескерту. Қосымша ақпарат телефондары: 575600, 575605.

Сонымен қатар, 2019 жылғы18 қаңтардамекен-жайы: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, мәжіліс залы, 4-қабат, Жұмыс тобын қалыптастыру жөніндеұсыныстар келіп түскен коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың, бақылаушыларды шақыра отырып, отырыс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 14,15,16 тармақтарына сәйкес:

  1. жұмыс тобының отырысын жергілікті өкілді органның басшысы жергілікті деңгейде жүргізеді (бұдан әрі – жұмыс тобының жетекшісі);
  2. жұмыс тобының бірінші отырысында дауыс беруге қатысуға жұмыс тобы жетекшісінің, мемлекеттік орган өкілдері құқығы бар, «Қоғамдық кеңестертуралы» Заңның 8-бабы 2-тармағына сәйкес анықталған коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтар жұмыс тобының мүшелеріне кандидаттар. коммерциялық емес ұйымның кандидаты,азамат өз кандидатурасын ұсынуға дауыс беруге қатыспайды. Кандидаттардың отырысқа міндетті түрде қатысуы қажет.
  3. отырысқа келмеген кандидаттарға дауыс беру жүргізілмейді. Ең көп дауыс санын жинаған кандидаттар жұмыс тобының құрамына сайланды деп есептеледі. Бірдей дауыс санын жинаған кандидаттарға қатысты, жұмыс тобының жетекшісі шешуші дауыс құқығын өзіне қалдырады.

 

Расписание дв.-я поездов

1

Расписание дв.-я самолетов

2

Электронный акимат

3

  • akorda-kz
  • kostanay-kz
  • egov-kz
  • parlam-kz
  • government-kz
  • ekst-kz
  • sim-kz
  • tobol
  • grin
  • kstwomen-kz
  • kstakimat-kz
  • poslanie-kz
Разработка сайта - www.yoline.kz .