мәслихат депутаттар
11-10-2012
Облыстық мәслихат депутаттары Сайлаубек Ерғазыұлы Есжанов пен Алмагүл Қасымқызы Сәуденова Тәуіш және Көкалат селоларындағы қайта іске қосылған сумен қамтамыз ету қондырғыларын, сондай-ақ ауданның бірқатар әлеуметтік объектілерін аралап көрді.
Комиссияның көшпелі отырысына облыстық мәслихат хатшысы Сайлаубек Ерғазыұлы Есжанов, комиссия төрағасы Елубай Сибанбайұлы Аманжолов, депутаттар Римма Шыңғысқызы Бектұрғанова мен Алмагүл Қасымқызы Сәуденовалар қатысты.
Комиссия отырысына сондай-ақ аудан әкімі Асқарбек Ахметбекұлы Кенжегарин, әкімнің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім бастықтары, Жангелдин ауданы мәслихатының депутаттары, селолық округтер әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Негізгі баяндаманы Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Манарбек Төлеуханұлы Әбжамалов жасады. Сондай-ақ атқарылған жұмыстар туралы ауданның СЭС басқармасының бастығы - Кенжебек Мұханбетұлы Әбішев, аудан әкімдігінің құрылыс бөлімінің бастығы – Серік Қонарбайұлы Бидашев және Көкалат селосының әкімі – Отаралы Әбдіғалиұлы Біржікеновтер есеп берді. «Ақ Бұлақ» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұсыныстармен облыстық мәслихат депутаттары Есжанов Сайлаубек Ерғазыұлы, Елубай Сибанбайұлы Аманжолов, Алмагүл Қасымқызы Сәуденова және Римма Шыңғысқызы Бектұрғановалар сөз сөйледі. Депутаттар сумен қамтамасыз ету қондырғысын қосу жөнінде халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы, қайта орнатылған сумен қамтамасыз ету қондырғыларына қызмет көрсететін қызметшілер құрамын кадрлық қамтамасыз ету, «Ақ Бұлақ» бағдарламасына қатысуға өтінім беруге жобалық-сметалық құжаттаманы уақытылы дайындау туралы, жер асты суларын әзірлеу, қайта орнатылған сумен қамтамасыз ету объектілерінде халықтық бақылау постыларын құру, иесіз құдықтарды бақылау және т.б. мәселелерді қозғады. Аудан әкімі Асқарбек Ахметбекұлы Кенжегарин өз сөзінде тұшыту және сумен қамтамасыз ету қондырғыларын ұстау жөніндегі проблемалық мәселелерді қозғады.
Облыстық мәслихат депутаттары көтерілген мәселелер бойынша бірқатар қосымшалар енгізу арқылы сәйкесті қаулы қабылдады.