Тұңғыш Президент Күнімен құттықтаймын
29-11-2012
Құрметті қостанайлықтар!
Сіздерді мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент Күнімен құттықтаймын!
1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстанның көпұлтты халқы өз дауыстарын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа беру арқылы тарихи дұрыс таңдау жасады. Атап айтқанда тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері оның жеке басына байланысты. Н.Ә.Назарбаевтың сан қырлы қызметінің, Қазақстанның өркендеуі жолындағы тынымсыз еңбегінің арқасында экономикамыз өрістеп, дамып, халықтың тұрмысы жақсарып, еліміздің халықаралық беделі нығайып келеді. Елбасымыздың дана да сарабдал саясатының арқасында қоғамымызда ұлтаралық және конфессияаралық келісімдер сақталынған.
Тұңғыш Президент Күні мерекесі костанайлықтардың сүйікті мерекесіне айналатынына сенімдімін. Өйткені, әрқайсымыз өз болашағымызды, өз балаларымыз бен немерелеріміздің болашағын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлғалылығымен байланыстырамыз ғой. Баршаларыңызға бейбітшілік пен адалдық, денсаулық пен сәттілік тілеймін!
Құрметпен,
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С.Есжанов