Аудандағы балаларға жазғы демалысын және сауықтыру ұйымдастыру туралы
«Аудандағы балаларға жазғы демалысын және сауықтыру ұйымдастыру туралы» - осындай мәселе аудандық мәслихаттың білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде қаралды.
Аудандағы балалар қалай демалыс өткізетіні туралы қатысқандарға «Федоров ауданының білім бөлімі» ММ әдіскері Р.Усманова сөз айтты.
Балалар мен жас өспірімдердің жазғы демалыстың таратылған түрлері аудандағы мектеп базасында құрылған сауықтыру алаңшалары (735 оқушылармен қамтылған 22) болып табылады.
Жазғы науқанында мектеп жанындағы әртүрлі бірлестіктер жұмыс істейді. № 4 М. Мәметова атындағы орта мектебінде, Кенерал, Минский, Воронеж, Костряков, Баннов, Первомай, Ленин орта мектептерінде шатыр лагерьлері. Пешков, Успенов ОМ, № 2 ОМ күндізгі келіп тұруға мектеп жанындағы лагерь.
Ауданның барлық мектептерінде мектеп жанындағы учаскесінде жазғы еңбек практикасы ұйымдастырылатын болады (мектеп жанындағы учаскесін абаттандыру мен көгалдандыру конкурсы). Балалар мектептегі бақшаға, ағаштарға, мектеп ауласына күтім жасайды. Федоров селосын көгалдандыру жөніндегі бригадалар ұйымдастырылды, № 1, № 2, № 4 мектеп оқушылары «Жасыл ел» бағдарламаны жүзеге асыруға қатысады.
Балалар Қостанайға, Астанаға экскурсиялар, сапарлар жасайды, туған өлкемізде сапарымызға қатысады.
Үйірме жұмыс түрлері жалғастыруда (спорт секциялары, қызығушылығы бойынша үйірмелер).
Кенерал ОМ 2003 жылдан бастап «Беркут» орманшылық жобасы жұмыс істейді. Орманшылық қызметімен бірлескен жоспарлары әзірленген: ағаш отырғызу, ғылыми-зерттемелік қызметтері, табиғи материалды жинау.
Әлеуметтік педагогтарымен «Лесной уют» лагерьде демалу үшін тізімдер жиналатын болады, биыл 600 адамға демалыс ұйымдастыруға жоспарланып отыр. АІІБ КТІТ (23), мектеп ішіндегі есебінде (54), «тәуекел топтары» (18) есебінде тұратын оқушыларына демалыс, сауықтыру және жұмыспен қамтуды ұйымдастыруына ерекше назар аударылады.
Жетім балаларға, ата-аналардың қамқорлығынан қалған балаларға, мемлекеттік қолдауда мұқтаж отбасылардан балаларға, көпбалалы, аз қамтылған балаларға демалыс және сауықтыру ұйымдастыруына 900 мың теңге сомасында жалпы оқыту қорынан «Лесной уют» лагерьде дамалу үшін бірінші мезгіліне 100 жолдама берілді.
Жаз бойы аудан мектептері «Дети в ночном городе», «Подросток – Закон Безопасность» және т.б. атты рейдтік іс-шараларға» қатысады.
Жазғы кезеңінде оқушылардың құқық бұзушылықтарын алдын алу жөніндегі жұмыс ұйымдастырылатын болады: алдын ала әңгімелесулер, дәрістер; «Улица и подросток», «Проблемы подросткового возраста» атты дөңгелек үстелдер; ата-аналармен жұмыс; учаскелі инспекторларымен кездесулер.
Жаз бойы аудан мектептердің балалары «Тың-Целина 2013» облыстық спартакиадасының дайындалуына және өткізуіне қатысады.
№ 4 орта мектебінде жазғы демалысында қандай жоспарлар бар екенін директор С. Нуркина сөз айтты. Мектепте балаларды жазғы жұмыспен қамту ұйымдастыру жөніндегі комиссия ұйымдастырылды және жазғы демалыс ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылды, - дейді ол.
Жазғы кезеңінде мектеп аумағында «Достар» сауықтыру алаңшасы жұмыс істейді. Биыл 2 кезекшілікке жұмыс жоспарланып отыр, 40 оқушылар демалады. Алаңшада вожатый және тәрбиеші, сонымен қатар медициналық қызметкер мен дене шынықтыру мұғалімі жұмыс істейді. Әр күн әзірленген жоспарға сәйкес өтеді, оның ішінде күнге мынадай іс-шаралар (кезекшілікті ашу, Рәміздер күні, Қарақшы күні, Қыздар күні және т.б.).
Жаз бойы мектеп жанындағы учаскесінде жұмыс жалғастырылатын болады. Балалар мектеп бақшасына, ағаштарына күтім жасайды.
«Лесной уют» лагерьге 88 адам жіберуді жоспарланып отыр. Сынып жетекшілермен экскурсиялар, Қостанай қаласына сапарлар, балка ұйымдастырылатын болады.
Жаз бойы мектеп ұжымы «Дети в ночном городе», «Подросток – Закон Безопасность» атты рейдтік іс-шараларға қатысатын болады.
10 сынып оқушылары ауданды абаттандыру жөнінде «Жасыл ел» акциясына қатысады, жұмыс 3 маусымына жоспарланып отыр.
Отырыстың қорытындыларын тұрақты комиссияның төрайымы М. Бекқалиева шығарды. Жыл сайын ауданның білім беру мекемелерімен балаларға демалыс ұйымдастыру, сауықтыру және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жөніндегі кешенді бағдарламалар әзірленгені және орындалғаны туралы атап өтті. Жазғы демалыс жоспарын жасап аудандық білім бөлімі балалардың көптеген санын демалыспен қамту бойынша өз алдында міндет қояды. Осыған байланысты 2011-2012 жылдары жазғы кезеңдері кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтар азайтылды. Комиссия жұмысының нәтижесінде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар берілген қаулы шығарылды.
Л. Слюсарева