Тұрақты комиссияның жұмысы туралы
2013 жылғы 30 мамырда экономика, экономикалық даму, бюджет және бағдарламалар мәселелер жөніндегі қалалық мәслихаты тұрақты комисиясының көшпелі отырысы өтті. Комиссия жұмысына Лисаков қалалық мәслихатының хатшысы, тұрақты комиссияның төрағасы мен комиссия мүшелері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, ҚІІСБ басшысының орынбасары, БАҚ өкілдері қатысты.
Комиссия отырысында мынадай мәселелер қарастырылды:қаланы тазарту, абаттандыру, көгаландыру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысы туралы».
Мәселелерді қарастыру барысында мәслихаттың тұрақты комиссиясы қала шағын аудандар көшелеріне барып шықты. «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Т.В. Соколованың ақпараты тыңдап және талқылап депутаттар «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2013 жылы республикалық бюджеттен Лисаков қаласының Октябрь кентінің 2270 ш/м көшелелерін жөндеуге 10000 мың теңге, 2200 м² ішкі жолды жөндеуге 10074 мың теңге бөлінді деп белгіледі.
Қала көшелерін абаттандыруға қаражат бөлінді, 30 светодиодті ағаш орнатуға, 448 дана бір тіректі темір тірек, 68 дана РКУ -250 люминесцентті шам орнатуға қаражат бөлінді. Қаланы абаттандыру мақсатында Лисаков қаласының көшелердегі жарық беру желілерін, ішкіорам жолдарды, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Қаланы санитарлық тазарту бойынша 19 575 000,00 теңге, көгаландыруға - 47 007 200,00 теңге бөлінді.
Қаланы көгаландыру бойынша клумбаларды ұстау бойынша, бұтадан жасалған қоршауларды кесу бойынша шаралар жүріп жатыр. Газон шөптерін шабу және ұстау бойынша жұмыс жүріп тұрады.
Мәслихат депутаттары сәйкес қаулы қабылдады.