Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемел
Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы |
Әкімдіктің
2016 жылғы «___» _______
№ ____ қаулысына
1-қосымша
Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (медициналық бөлік жөніндегі, медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі);
2) бөлімшенің, зертхананың басшысы;
3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
4) акушер;
5) тәрбиеші;
6) диеталық мейіргер;
7) тіс дәрігері;
8) тіс технигі;
9) мейірбике;
10) медициналық статистик;
11) медициналық зертханашы;
12) провизор;
13) психолог;
14) рентген зертханашысы;
15) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
16) фармацевт;
17) фельдшер (зертханашы);
18) дәріхана меңгерушісі;
19) медициналық тіркеуші;
20)емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
21)дезинфектор;
22) логопед.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) директор (басшы);
2) директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары;
3) медициналық бөлімнің меңгерушісі;
4) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
5) медициналық бикелер;
6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
7) райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы;
8) жүзу (гидрокинезотерапия) жөніндегі нұсқаушы;
9) дәріхана меңгерушісі;
10) фармацевт;
11) ЕДШК нұсқаушысы;
12) бас мейірбике (аға мейірбике);
13) акушер әйел;
14) фельдшер;
15) психолог;
16) әдіскер;
17) тәрбиеші;
18) логопед;
19) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
20) еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы (еңбекке оқыту мұғалімі);
21) мәдени ұйымдастырушы;
22) музыкалық жетекші;
23) кітапханашы;
24) дезинфектор.
3. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) кәсіптік мектептің, кәсіптік лицейдің, колледждің, училищенің, арнайы түзету ұйымы мен барлық үлгідегі және түрдегі интернаттық ұйымдардың барлық мамандықтағы мұғалімдері;
2) кәсіптік мектептің, кәсіптік лицейдің, колледждің, училищенің, арнайы түзету ұйымы мен барлық үлгідегі және түрдегі интернаттық ұйымдардың директоры (меңгерушісі);
3) балалар үйінің, ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған жетім – балалар мен балаларға арналған мектеп-интернаттың, балалар мен жасөспірімдерге арналған баспананың директоры (меңгерушісі);
4) дене тәрбиесінің басшысы;
5) алғашқы әскери даярлық басшысы;
6) ғылыми, оқу, оқу - өндірістік, оқу – тәрбие, тәрбие жұмысы жөніндегі, бейінді оқыту жөніндегі, жалпы білім беретін мектептер, мектеп – интернаттар мен бастауыш орта және кәсіптік орта, қосымша білім берудің басқа да ұйымдарының ақпараттық технологиялары жөніндегі директордың орынбасары;
7) білім беру ұйымдарындағы бөлімше меңгерушісі;
8) әлеуметтік педагог;
9) педагог - ұйымдастырушы;
10) қосымша білім беру педагогы;
11) педагог - психолог;
12) орта кәсіптік оқу мекемелерінің оқытушысы;
13) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
14) музакалық жетекші;
15) аға жетекші;
16) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;
17) психолог – педагогикалық кеңес меңгерушісі;
18) лагерь бастығы (қорғаныс – спорттық, сауықтыру, мектеп, еңбек және демалыс);
19) оқушылардың кәсіби практикасының басшысы;
20) оқу-өндірістік (оқыту) шеберханасының меңгерушісі;
21) зертхананың, кабинеттің меңгерушісі;
22) еңбек жөніндегі нұсқаушы;
23) мәдени ұйымдастырушы;
24) аға әдістемеші, әдістемеші;
25) өндірістік оқыту шебері;
26) аға шебері;
27) аккомпаниатор;
28) концертмейстер;
29) студиялар, клубтар басшылары;
30) медициналық бике;
31) емдәм бикесі;
32) кітапханашы;
33) кітапхана меңгерушісі;
34) дәрігер;
35) сурдопедагог;
36) тифлопедагог;
37) психолог – педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі;
38) ансамбльдің көркемдік жетекшісі;
39) балетмейстер;
40) хормейстер;
41) жаттықтырушы-оқытушы;
42) жүзу жөніндегі нұсқаушы - әдістемеші;
43) туризм жөніндегі әдістемеші - нұсқаушы;
44) алғашқы әскери даярлық жөніндегі оқытушы - ұйымдастырушы.
4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) ұйымның директоры, басшысы, бастығы;
2) бөлімше басшысы;
3) директордың, басшының, бастықтың орынбасары;
4) сектордың, бөлімнің, қор қоймасының, филиалдың меңгерушісі;
5) сектор басшысы, музыкалық жетекші, көркемдік жетекші, ұйым (үйірме) жетекшісі;
6) суретші-ресімдеуші, суретші-реставратор, қоюшы суретші;
7) бейнеоператоры;
8) аға ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер;
9) мұражайдың бас күзетшісі, қор күзетшісі;
10) экскурсовод;
11) қараушы, мұражай қараушысы;
12) сақтау жөніндегі маман, мұрағатшы;
13) әдістемеші;
14) кітапханашы, библиограф;
15) мәдени ұйымдастырушы, аккомпаниатор, музыкалық өңдеуші, дыбыс режиссері, режиссер.
5. Мұрағат мамандарының лауазымдары:
1) облыстық мәні бар мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің (филиалының) басшысы;
2) мұрағатшы, археограф, палеограф.
Әкімдіктің
2016 жылғы «___» ________
№ ____ қаулысына
2-қосымша
Қостанай облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3670 болып тiркелген, 2009 жылғы 25 ақпанда «Қостанай таңы» газетiнде жарияланған).
2. Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 209 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы» әкімдіктің 2009 жылғы 20 қантардағы № 45 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3724 болып тiркелген,2010 жылғы 9 шілдеде «Қостанай таңы» газетiнде жарияланған).
3. Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 20 шілдедегі № 292 «Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қантардағы № 45 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгіленетін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3771 болып тiркелген, 2011 жылғы 18 тамызда «Костанайские новости» газетiнде жарияланған).
4. Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 460 «Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгіленетін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4298 болып тiркелген, 2013 жылғы 29 қарашада «Қостанай таңы» газетiнде жарияланған).
5. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 143 «Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкалары кемінде жиырма бес процентке жоғары белгіленетін, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4691 болып тiркелген, 2014 жылғы 21 мамырда «Қостанай таңы» газетiнде жарияланған).
6. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 591 «Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5239 болып тiркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсанда «Қостанай таңы» газетiнде жарияланған).
7. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 тамыздағы № 326 «Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5834 болып тiркелген, 2015 жылғы 8 қыркүйекте «Қостанай таңы» газетiнде жарияланған).