Депутаттардың есептік кездесулерінің қорытындылары

Осы кездесулер барысында халық қалаулылары мәслихаттың 2017 жыл ішіндегі қызметі туралы есеп берді.
Есептік кездесулер қорытындылары бойынша аудан халқы 30-дан артық сұрақ қойды. Олардың арасында: мектептерді, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, ауыз суымен қамтамасыз ету және т.б..
Кейбір сұрақтар бойынша жауап кездесу барысында берілді, басқалары бойынша – аудандық мәслихаттың аппараты ауданның ұйымдары мен мекемелері басшыларына хаттар жолдады.
Сайлаушылардың барлық айтылған ескертулері мен ұсыныстарын депутаттар бақылауға алды.
Сондай-ақ депутаттар қазақ тілі әліппесін латын жазуына аудару бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.