Жітіқара қаласында моноқалалар бағдарламасы бойынша экономика және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы
Ағымдағы жылдың 2 маусымында құрамында депутаттар А.Р.Жалғасов, С.С.Ақышев бар Қостанай облыстық мәслихатының экономика және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы депутаттарының жұмыс тобы Жітіқара қаласына іссапармен барды, онда Жітіқара қаласында Қостанай облысының моноқалаларын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешендік жоспарларын іске асыру мәселесі жөніндегі комиссияның жоспарлы отырысы болды.
Депутаттар «Брендт»ЖШС инвестициялық жобасы - жылына 500 мың тонна мыс өндіретін Кутюхинский кен орынының тотыққан мысынан алтынды шоғырлы сілтісіздендірудің тәжірибелі-өндірістік қондырғысымен танысты, оны ағымдағы жылдың соңында аяқтауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта «Брендт» ЖШС инвестициялық жобасын Қазақстанның индустриялық картасына енгізу жөнінде ұсыныс енгізілді.
Депутаттар«Жітіқаракоммунэнерго» МКК нысандары орталық қалалық қазандығын, электр берудің әуе жолдарын, су тазартқыш жабдықтарын аралады.Орталық қазандықта моноқалалар бағдарламасының төртінші бағыты шеңберінде қазандықтарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, ағымдағы жылы жылу желісін қайтақұру және қазандықтарды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Қаланың әуе жолдарында электр энергиясын коммерциялық есептеудің жергілікті автоматты жүйесін орнатумен ВЛ-0,4-ті қайта құру бойынша жұмыс атқарылды. Жұмыс жалғасын табады. Су тазартқыш жабдықтар 1985 жылы үлгі жоба бойынша салынған. Негізгі қызметі- қайнамаған суды тазартып, қаланы ауыз сумен жабдықтау. 2011 жылы ВОС - 2-ден ВОС -1-ге су құбырларын жүргізу жұмысы жүргізілді.
Бағдарламаның экономиканы әртараптандыру және шағын, орта бизнесті дамыту бойынша бағытының шеңберінде 12 кәсіпорынға өтеусіз гранттар бөлінді, солардың бірі декоративті бетон қақпалары мен қоршауларын өндіретін ЖК ашылуы болды. Ол ағымдағы жылдың мамырында іске қосылды. Кәсіпорын өндіріп отырған өнімдер нарықта үлкен сұранысқа ие.
Жітіқара қаласында моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру мәселесі тұрақты комиссияның алдағы отырысында қаралатын болады.