Ауылдық округ әкімдері есеп беруде

Жұмыс жоспарына сәйкес депутаттар алдында Комсомол ауылдық округінің әкімі З.Р.Төлеубаев және Севастополь ауылдық округінің әкімі Д.Қ.Сатыбалдин есеп берді. Олар ауылдық округінің кейбір әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы, жетістіктері мен проблемалары туралы баяндады. Баяндамалары соңында әкімдер мәслихат депутаттарына қысқы кезеңде жолдарды ұстауға қосымша қаржы бөлу туралы мәселесіне қолғабыс етуді өтінді.
Екінші мәселе бойынша Сарыкөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ж.Е.Бисекеев сөз алды. Ол комиссия депутаттарын салық органымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесімен таныстырды.
Қойған сұрақтарына депутаттарға толықтай жауаптар берілді.