Облыстық мәслихаттың депутаттары Жангелдин ауданының халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралары туралы

2017 жылғы 10 тамызда облыстық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болды, онда жоспарлы мәселе қаралды: «Жангелдин ауданының халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралары туралы».
         Комиссия қорытынды отырысының жұмысына комиссия төрайымы Т.Б. Булгацевич; облыстық мәслихаттың депутаттары: И.Н.Дмитриева, Д.С.Космухамбетова, М.К.Карбозов, Е.В. Смышляева, С.В.Шанина, аппарат басшысы С.Т.Ахметов, аудан әкімі Ш.С. Оспанов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, Жангелдин ауданы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Жангелдин ауданының ауылдық округтерінің әкімдері, аудандық мәслихат аппаратының өкілдері, депутаттарының БАҚ өкілі қатысты.
         Белгіленген тақырып бойынша ақпаратпен Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Б.К. Торыбаев сөз сөйледі, ол өз сөзінде Жангелдин ауданында
Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін және Жангелдин ауданында халықты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылға кешенді жаспар әзірленді. Кешенді жоспарға сәйкес 2017 жылы 572 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланған. 2017 жылдың 01 тамызына 365 адам тартылып жоспар 64 пайызға орындалып отыр.   Осы Кешенді жоспар бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған 365 адамның 263 жұмыссыздар , 9 адам өзін-өзі қамтығандар санатынан, 15 адам мүмкіндігі шектеулі жандар, 78 адам 29 жасқа дейінгі жастар. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкелкті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын халық арасында түсіндіру мақсатында ауданда мобильдік топ құрылып қаңтар айынан бастап ауылдарды аралап түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Брошюралар әзірленіп халық арасында таратылды. «Біздің Торғай» газетінің бетінде бағдарлама туралы мақалалар берілді.
Жангелдин ауданының халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Л.Ж. Зейнекина, өз баяндамасында Жангелдин ауданындағы экономикалық белсенді халықтың саны 6000 адамды құрайды,оның ішінде жұмыс істейтіндер-2792 адамды,жалдамалылар-424 адамды,өзін-өзі қамтығандар- 2571 адамды құрап отыр, жұмыссыздар 319 адам, оның ішінде тіркелген жұмыссыздар-79 адам.
Ауданның ЖК Қойгелдин А.Ж. өз баяндамасында 2017 жылы кәсібімді кейту мақсатында азық-түлік дүкенін аштым. Осы дүкенге сатушы іздеп және наубайханаға нан тасушы мен күзетші іздеп ауданның халықты жұмыспен қамту орталығына бардым. Сол жерде мен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы мен келісім шарт негізінде әлеуметтік жұмыс орнын құрып жұмыссыздарды жұмысқа алсам олардың жалақысына субсидия берілетінінбілдім. Осы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығымен келісім шарт негізінде үш әлеуметтік жұмыс орнын құрдым және 3 жұмыссыз адамды жұмысқа орналастырдым.
Тұрақты комиссия жұмыс қорытындысы бойыншақаулы қабылдады, іркелген жұмыссыздық деңгейін облыстық көрсеткіш – 0,8% деңгейіне дейін төмендету; халықты жұмыспен қамту көрсеткішін қамтамасыз ету көрсеткішін 64,7% - дан 80,6% ұлғайтуды, соның ішінде өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша; «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» Бағдарламасының бөлігінде халыққа шағын несие беру бойынша қаржылық емес қолдау жұмысын күшейту; халықты қоғамдық жұмыстармен 100% дейін (236 адам) жұмыспен қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, 2017 жылғы 10 тамызда «Мектепке Жол» акциясын іске асыру шеңберінде облыстық мәслихат депутаттарымен Амангелді ауданының Тауш кентінің зардап шеккен бақташысы Т.А. Оралбаевтың отбасына сомасы 420 мың теңге көмек көрсетілді., мектеп формалары, жазғы және қысқы киімдер сатып алынды.
2017 жылғы 11 тамызда Аманкелді ауданында облыстық мәслихаттың депутаттары И.Н. Дмитриева, Д. С. Космухамбетова, С. В. Шанинамен «Нур-Отан» партиясында азаматтарды қабылдау жүргізілді, 4 адам жүгінген, 2 мәселені орнында шешілді, 2 мәселе депутаттар бақылауында қалды. Шешілмеген мәселелер:
1. Амангелді немесе Жангелдин ауданындарында екінші деңгейдегі банк ашу туралы.
2. ІІ топ мүгедегіне квота бөлу көмегі туралы.
Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаттарымен Жангелдин және Аманкелді аудандарының киелі орындарын аралады.

Расписание дв.-я поездов

1

Расписание дв.-я самолетов

2

Электронный акимат

3

  • akorda-kz
  • kostanay-kz
  • egov-kz
  • parlam-kz
  • government-kz
  • ekst-kz
  • sim-kz
  • tobol
  • grin
  • kstwomen-kz
  • kstakimat-kz
  • poslanie-kz
Разработка сайта - www.yoline.kz .