Федоров ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы
2017 жылғы 16 тамызда Федоров аудандық мәслихатының депутаттарымен Баннов, Воронеж, Камышин, Қоржынкөл, Костряков, Первомай, Пешков және Федоров ауылдық округтерінің әкімдері сайланды.
8 сайланатын әкімдердің лауазымдарда 16 азамат өз кандидатураларын шығарды.
Сайлау алдында әкімге кандидаттардың таңдаушыларымен кездесу өтті, олардың сайлау алдындағы бағдарламалары тыңдалды.
Жасырын дауыс беру нәтижелері бойынша:
Баннов ауылдық округінің әкімі болып Воробкало Виталий Геннадьевич сайланды, 1976 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Федоров ауылында тұрады;
Воронеж ауылдық округінің әкімі болып Омаров Эдгар Гашимоглы сайланды, 1985 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Придорожный ауылында тұрады;
Камышин ауылдық округінің әкімі болып Беккалиев Серік Бапанұлы сайланды, 1976 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Федоров ауылында тұрады;
Қоржынкөл ауылдық округінің әкімі болып Абдурахманов Ердан Сабырбекұлы сайланды, 1976 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Лесное ауылында тұрады;
Костряков ауылдық округінің әкімі болып Андренко Сергей Петрович сайланды, 1982 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Федоров ауылында тұрады;
Первомай ауылдық округінің әкімі болып Орлянский Виктор Григорьевич сайланды, 1960 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Первомай ауылында тұрады;
Пешков ауылдық округінің әкімі болып Ержанов Әмірбек Құрманғалиұлы сайланды, 1960 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Пешков ауылында тұрады;
Федоров ауылдық округінің әкімі болып Умертаев Батыржан Амантайұлы сайланды, 1987 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Федоров ауылында тұрады.