2017 жылғы 16 тамыздағы Қостанай облыстық мәслихатының кезекті сессиясының жалғасы
2017 жылғы 16 тамызда облыстық мәслихаттың депутаты А.И.Жансүгірованың төрағалық етуімен Қостанай облыстық мәслихатының кезекті жетінші сессиясы жалғасты.
Сессия Қостанай облыстық мәслихатының 2017 жылғы жұмыс Жоспарына сәйкес шақырылды. Сессия жұмысына: облыстық мәслихаттың хатшысы С.Е.Ещанов, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық департаменттер, басқармалар басшылары, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, облыстық қоғамдық кеңес, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Үзілістен кейін сессияның күн тәртібінде 11 мәселе қалды. Негізгі мәселе - Қостанай облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру туралы (бұдан әрі - Бағдарлама).
Негізгі мәселе облыстық мәслихаттың бюджет, өнеркәсіп және шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында О.В. Даниленконың төрағалығымен алдын-ала егжей-тегжейлі қаралды. Комиссиямен белгілі жұмыстар жүргізілді, бағдарлама аясында жүзеге асырылатын нысандарды аралау ұйымдастырылды, бағдарламаның жекелеген аспектілері бойынша ұсынылған ақпарат зерттелді. Комиссия жұмысының қорытындылары бойынша ұсынымдар әзірленді және қаулы қабылданды.
Сессияда депутаттар Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялдық –инновациялық даму басқармасы басшысының м.а. Р.В. Хвориктың баяндамасын тыңдады.
Р.В. Хворик өз баяндамасында бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын, Қостанай облысында Бағдарламаның барлық көрсеткіштері бойынша егжей-тегжейлі есебін берді.
Қосымша баяндама жасау үшін сөз облыстық мәслихаттың бюджет, өнеркәсіп және шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы О.В. Даниленкоға ұсынылды.
Депутаттар өңірдің дамуының оң динамикасын, бағдарламаның негізгі индикаторларына қол жеткізу бойынша жемісті жұмытарын атап өтті.
Күн тәртібінің мәселелері бойынша: Қостанай облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы; Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы шетел жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру бойынша комиссияның дербес құрамын бекіту туралы, Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Г.Т. Әбенова сөз сөйледі. Баяндамада ішкі көші-қон процестеріне бақылауды күшейту мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарының негізгі бағыттары түсіндірілді.
Сондай-ақ, сессияда қаралған мәселелер:мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 468 «Қостанай облысында су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; облыс әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының кезекті жетінші сессиясының төрайымы А.Б. Жансүгірованың жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі.
2017 жылғы жұмыс Жоспарына сәйкес кезекті сегізінші сессиясының күн тәртібіне депутаттар негізгі мәселелер енгізді: Қостанай облысының 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы; Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2017 жылғы жұмыстарының қорытындылары туралы; Қостанай облысының ішкі істер Департаментінің Жергілікті полиция қызметі басшысының 2017жылдың 11 айының есебі.
Қостанай облыстық мәслихатының кезекті сегізінші сессиясының төрағасы болып № 32 Мичурин сайлау округінің депутаты Нұркелген Әбдрашұлы Өтеулин сайланды.