Құрметті қостанайлықтар! 30.08.2017 ж.
Құрметті қостанайлықтар!
Жылдан жылға біз бұл күнді мемлекеттік мереке ретінде тойлаймыз. Конституциямыздың мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сондай-ақ жеке өзіміз, отбасымыз бен балаларымыз үшін маңыздылығын әрқайсымыздың жете бағалауымыз қажет. Шын мәнінде, 1995 жылғы 30 қазанда біз Қазақстанның болашағын таңдадық. Қазақстандықтар жаңа Ата Заңымыздың қабылдануы үшін бірауыздан дауыс беріп, өзінің тарихи таңдауын жасады. Осылайша халқымыздың ғасырлар бойы асыл арманы жүзеге асып, егемен еліміздің Ата Заңы дүниеге келді. Осы жылдар ішінде біз қол жеткізген жетістіктер Конституцияның негізіндежасалды.
Бүгінде Конституция бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп, ертеңгі күнге сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Осы 22 жылда Қазақстан күрделі, лайықты жолдан өтті, мемлекеттілікті нығайту, экономиканың өсуі, өмір сүру сапасын және мемлекеттің халықаралық беделін арттыру үшін көптеген жұмыстар атқарылды. Бүгінде Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет, өркениетті қоғам құру жолында өз бағытын берік ұстанып келеді. Біздің бүгінгі ортақ міндетіміз Қазақстан Конституциясы жариялаған құндылықтарды сақтау.
Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға мықты денсаулық, амандық-саулық, молшылық, Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуін тілеймін! Біздің ортақ шаңырақ астында әрқашан ашық аспан, ал алда – жарқын болашақ болсын!
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С.Ещанов