2017 жылғы 8 желтоқсандағы кезекті сессия

              Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезекті сессиясы (негізгі мәселе: Қостанай облысының 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы; Қостанай облысының ішкі істер Департаментінің Жергілікті полиция қызметі басшысының 2017 жылдың 11 айының есебі; Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2017 жылғы жұмыстарының қорытындылары туралы) 2017 жылғы 8 желтоқсанда сағат 14.00-де мына мекенжайда: Қостанай қ., Тәуелсіздік көшесі, 85-үй, облыстық филармония ғимаратының 4-қабатындағы мәжіліс залында өтеді.
 
Қостанай облыстық мәслихатының кезекті сессиясының күн тәртібі
 
  1. Қостанай облысының 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы.
  2. Қостанай облысының ішкі істер Департаментінің Жергілікті полиция қызметі басшысының 2017 жылдың 11 айының есебі.
  3. 2018 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы
  4. Мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 468 «Қостанай облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  5. Мәслихаттың 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 «Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  6. Мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 474 «Қостанай облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  7. «Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесіне Кейкі батыр атын беру туралы.
  8. Мәслихаттың 2015 жылғы 14 қазандағы № 455 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  9. Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы.
  10. Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының жұмысында үзіліс жариялау туралы.
  11. Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының   кезекті VІІІ сессия төрағасы Н.А. Утеулиннің есебі.
  12. Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының 2017 жылғы жұмыс нәтижелері туралы.
  13. Қостанай облыстық мәслихатының кезекті ІХ сессиясының күн тәртібі және оның төрағасын сайлау туралы.
  14. Қостанай облыстық мәслихатының 2018 жылға арналған жұмыс жоспары туралы

Расписание дв.-я поездов

1

Расписание дв.-я самолетов

2

Электронный акимат

3

  • akorda-kz
  • kostanay-kz
  • egov-kz
  • parlam-kz
  • government-kz
  • ekst-kz
  • sim-kz
  • tobol
  • grin
  • kstwomen-kz
  • kstakimat-kz
  • poslanie-kz
Разработка сайта - www.yoline.kz .