Құрметті қостанайлықтар! 01.12.2017 ж.
Құрметті қостанайлықтар!
Сіздерді мемлекеттік мереке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1 желтоқсан - біздің жалпы халықтық мереке, Мемлекет Басшысына оның сіңірген еңбегі үшін құрмет. Бұл мереке этникалық және діни көзқарастарына қарамастан, барлық қазақстандықтарды біріктіруге ықпал етеді, экономикалық және әлеуметтік жаңғырту міндеттерін іске асыру үшін бәрімізді жұмылдырады.
Мерекелеріңізбен қымбатты қостанайлықтар! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасылық береке, бейбітшілік және келісім тілеймін!
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов