Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы 02.02.2018 ж.

Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы (негізгі мәселе: Қостанай облысының 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджетін нақтылау туралы) 2018 жылғы 2 ақпанда сағат 11.00-де мына мекенжайда: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 66-үйдің 8-қабатындағы мәжіліс залында өтеді.

      

 

Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы күн тәртібінің жобасы

 

  1. Мәслихатының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 213 «Қостанай облысының 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Қостанай облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы.
  3. Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесіне өзгерістерді келісу туралы.
  4. Әлеуметтік маңызды қатынастардың тізбесін бекіту туралы.
  5. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы «Боровской кәсіптік-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Кәмшат Дөненбаеваның атын беру туралы.
  6. Мәслихаттың 2013 жылғы 28 маусымдағы № 161 «Қостанай облысының басқару сызбасын бекіту және мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  7. Қостанай облыстық мәслихатының Регламентін бекіту туралы.
  8. Мәслихаттың 2013 жылғы 15 тамыздағы № 187 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  9. Мәслихаттың 2011 жылғы 10 маусымдағы № 394 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы техникалық және кәсіптік білімді дамыту және кадрларды даярлау жөніндегі Кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  10. Мәслихаттың 2013 жылғы 29 мамырдағы № 151 «Еңбекақы бойынша берешекті өтеу мәселелері жөніндегі Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы үйлестіру (дағдарысқа қарсы) штабының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  11. Мәслихаттың 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 277 «Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Расписание дв.-я поездов

1

Расписание дв.-я самолетов

2

Электронный акимат

3

  • akorda-kz
  • kostanay-kz
  • egov-kz
  • parlam-kz
  • government-kz
  • ekst-kz
  • sim-kz
  • tobol
  • grin
  • kstwomen-kz
  • kstakimat-kz
  • poslanie-kz
Разработка сайта - www.yoline.kz .