Азаматтық Альянс
04-07-2012
4 шілдеде Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С.Е.Есжановтың «Қостанай облысының Азаматтық Альянсы» Қоғамдық қорының басшылығымен кездесуі өтті. Кездесу кезінде ҮЕҰ Үйіне экскурсия жасалынды және «Қостанай облысы бойынша ҮЕҰ-ның ресурстық орталығы» жобасының тұсаукесері көрсетілді. Қор төрайымы Н.Б.Новодворская және атқарушы директор Г.А.Қапенова осы жылға жасаған өздерінің жоспарларымен және іске асырылған жобаларымен бөлісті, облыстық мәслихаттың депутаттық корпусын ү.ж.тамыз айының аяғында өтетін Облыстық жастар форумына құрметті қонақ болуға шақырды.
Үш жылдан бері мәслихаттың гендерлік саясат және ҮЕҰ жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ойдағыдай жұмыс істеуде. Депутаттар бұл секторға жетекшіліп етіп қана қоймай, сонымен бірге жас ҮЕҰ қалыптасуына белсенді түрде көмектеседі, «Грин» ҚҚ комиссиялардың көшпелі отырыстарының жұмыстары шеңберінде өткізілетін семинар-тренингтерге, дөңгелек үстелдерге жиі қатысады.
Облыстық мәслихат пен үкіметтік емес ұйымдар секторының осындай ынтымақтастығын біздің депутаттар қашанда қолдайды. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай жұмыс екі жаққа да жемісті болмақ.