Арқалық қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу туралы
Құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемалары кешенді тәсілді, сондай-ақ өңірдегі әлеуетті нығайту бойынша қабылданып жатқан шараларды қаржылық және техникалық қолдауды талап етеді. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 8 қарашасында Арқалық қаласында «Арқалық қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу» мәселесі бойынша Қ.Қ.Жаманбалиннің төрағалығымен заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жоспарлы көшпелі отырысы өтті. Осы іс-шара аясында депутаттар Арқалық қаласының әкімі Э. Қ. Күзенбаевтың басшылығымен Арқалық қаласының Ішкі істер басқармасына, екі тірек пунктіне және облыстық Дала өлкесі тарихының мұражайына барды. Жергілікті полиция қызметкерлері арнайы құрал-жабдықтар мен техниканың көрмесін ұйымдастырды.
Содан кейін комиссия отырысы өтті, онда депутаттар алдында әкімдік, ЖПҚ және білім беру өкілдері сөз сөйледі. Олар осы бағытта 2017 жылы және 2018 жылдың 9 айы кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын жасөспірімдер арасындағы жұмысқа орналасу, өзіне-өзі қол жұмсау, қала мектептерін бейнебақылау құралдарымен қосымша жабдықтау, сондай-ақ алкогольдік мастану күйдегі қылмыс деңгейін төмендету мақсатында қабылданатын шараларға қатысты мәселелер толғандырды. Құқық бұзушылықтың алдын алу әрдайым басты назарда және оны нәтижелі өткізу жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдары мен білім басқармасының тығыз өзара әрекеттеріне байланысты.
Соңында Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі және кәмелетке толмағандармен жұмыста қол жеткізген нәтижелері үшін Қостанай облыстық мәслихаты хатшысының Құрмет грамотасымен полиция капитаны, Арқалық қаласы Ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы Садуақасов Данияр Рахымжанұлы марапатталды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Арқалық қаласының әкімдігі мен Қостанай облысының екі жоғары оқу орны: З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті және Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат жоғары білім және ғылым саласында өзара сыйластық негізінде ынтымақтастықты көздейді.Меморандумға сәйкес аз қамтамасыз етілген отбасыларының балалары үшін әр ЖОО-да электрэнергетик және туризм саласындағы маман мамандығы бойынша екі грант бөлінеді, сондай-ақ студенттер тегін тұру құқығымен жатақханамен қамтамасыз етіледі деп болжанып отыр.
Қалада ауқымды әлеуметтік міндеттерді шешу қылмысты төмендету үшін алғышарттар жасауға немесе қылмыстың жалпы себептері мен жағдайларының, оның жекелеген түрлері мен нақты қылмыстардың әрекетін әлсіретуге мүмкіндік береді, осыған байланысты Арқалық қалалық мәслихатының депутаттары өз сайлаушыларының өкілдері ретінде проблемалық мәселелерді көтерді. Комиссия төрағасы кейбір мәселелерді тартылған қаражат есебінен шешу ұсынылғанын, ал кейбір мәселелер бақылауға алынатынын атап өтті.
Депутаттар № 2 орта мектепке барып, білім беру саласын да назардан тыс қалдырмады. Депутаттар мектеп күрделі жөндеуді қажет ететініне назар аударды. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды, онда Арқалық қаласының атқарушы органдарына ұсыныстар берілді. № 2 орта мектебінеқатысты облыс әкімінің атына өтініш жолдауұсынылды.
Жалпы Арқалық қаласында жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған шаралар кешенін жүргізіп отырғанын атап өту керек.